| Мотивациялық қозғаушы | -Қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер болады? -Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер? Олай болса біз бүгін «Үш жалқау» ертегісі жайлы әңгімелесеміз. | Қыс мезгілі Күн суық,аяз,боран «Шалқан», «Бауырсақ», «Қызыл телпек» Мұқият тыңдайды |
| Ұйымдастырушылық ізденіс | Ертегіні бастамас бұрын артикуляциялық жаттығулар жасайықшы. Тілімізді шығарып,жоғары ерінді жалап,тілді ауыз қуысына тереңірек апару. Жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек.Аузымызды жауып,доп жасаймыз. Мен сендерге қазір «Үш жалқау» ертегісін айтып берем.Сендер мұқият тыңдандар,оқып болған соң сендерге сұрақ қоям. Балаларға «Үш жалқау» ертегісінің мазмұнын айтып беру.Ертегі бойынша балаларға сұрақтар қою. -Ертегі қалай аталады? -Ертегі ұнады ма? -Ертегіде неше жігіт болды? -Үшеуіде қандай болды?-Үшеуіде бас көтермей не істеді? -Олар қайда шығады? -Тоғайға келгенде қандай ағаштың жанында жатады? Енді,біз қазір «Үш жалқау» ертегісін сахналаймыз.Балаларды рөлге бөліп,атрибуттарды таратып берем. -Жарайсыңдар,балалар! | Тілдерін шығарып,жоғары енрінді жалап,тілдерін ауыз қуысына апарады.Жалпақ тілді шығарып,астыңғы ерінде ұстап тұрады. Ауыздарын жауып,доп жасайды.Жаттығулардың барлығын жасайды. Балалар ертегіні мұқият тыңдайды. «Үш жалқау» Иә,ұнады Үш жігіт болды Үшеуіде жалқау болды Олар ұйықтай берді Жолға шығады Мәуелі ағаштың көлеңкесінде жатады Балалар сұрақтарға жауап бергеннен кейін,ертегіні сахналайды. |
| Рефлексифті түзету | -Қандай ертегіні сахналадық? -Ертегі не туралы? Жарайсыңдар,балалар.Сендер бүгін оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар. Балаларды мадақтау. | «Үш жалқау» ертегісін Бұл ертегіде үш жалқау жігіт туралы айтылған. Мадақтағанға қуанады. |