| Тақырыбы: | Үшбұрыш теңсіздігі |
| Күні,айы: | Мұғалімнің аты-жөні: Буранова Улбосын |
| Сыныбы: 7 Ә | Сабаққа қатысқан оқушылар саны: | Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: |
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 7.1.1.20 үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатысты білу және есептер шығаруда қолдану; 7.1.3.1 үшбұрыш теңсіздігін білу және қолдану; |
| Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар: оқушылар үшбұрыштар теңсіздігі туралы түсінік беру, үшбұрыштар тең-сіздігін есептер шешуде қолдана білуеді, дағдысын қалыптастырады. |
| Оқушылардың басым бөлігі: Өткен тақырыптар бойынша білімдерін еске түсіреді, жаңа тақырып бойынша алған білімдерін меңгереді |
| Кейбір оқушылар: Сабаққа қызығушылығы артып, өз ойын жүйелі түрде жеткізеді. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады -Оқушының сыни ойлауы қалыптасады. |
| Сабақтың барысы |
| Сабақтың кезеңдері | Жоспарланған жұмыс | Ресурстар |
| Сабақтың басы(2-5 минут) | Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылармен пікір алмасу Сәйкестік тестісі. а мен в түзулері параллель ------------------- а) а в а мен в түзулері перпендикуляр ------------ в) а в а мен в түзулері қисық ------------------------- с) а ∩ в Вертикаль бұрыштар тең. ---------------------- а) ∟А +∟В = 180º Сыбайлас бұрыштардың ----------------------- в) ∟А =∟В қосындысы 180º тең. 1. Сыбайлас бұрыштың бірі 70° тең болса, екінші бұрыш неге тең? А. 70º В. 110º С. 90º Д. 120º 2. ∟2 және ∟4 вертикаль бұрыштар. ∟2=45º болса, ∟4 неге тең? А. 45º В. 90º С. 155º Д. 135º Сұрақ жауап: 1. Үшбұрыш дегеніміз не? Ж: Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені кесінділермен қосқанда шығатын геометриялық фигураны үшбұрыш деп атаймыз. 2. Қабырғалары бойынша үшбұрыштар неше түрге бөлінеді? Үшбұрыштарды ата. Ж: үш түрге бөлінеді. Тең қабырғалы, тең бүйірлі, әр түрлі қабырғалы үшбұрыш. 3. Бұрыштары бойынша үшбұрыштар неше түрге бөлінеді? Үшбұрыштарды ата. Ж: үш түрге бөлінеді. Сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тік бұрышты үшбұрыш. 4. Үшбұрыштың үлкен қабырғасына қарсы үлкен бұрышы жатады. 5. Үшбұрыштың үлкен бұрышына қарсы үлкен қабырғасы жатады. 6. Егер үшбұрыштың екі бұрышы тең болса, онда үшбұрыш теңбүйірлі деп аталады. 7. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы деген не? Ж: Үшбұрыштың сырт-қы бұрышы үшбұрыштың төбесіндегі бұрышпен сыбайлас бұрыш-ты айтады 8. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы катеттен (кіші, тең, үлкен) болады. | |
| Сабақтың ортасы (6-40 минут) | 1. АВ қабырғасы қандай қабырғалардың қосындысынан кіші болады? Ж: ВС және АС қабырғаларының қосындысынан кіші болады. 2. ВС қабырғасы қандай қабырғалардың қосындысынан кіші болады? Ж: АВ және АС қабырғаларының қосындысынан кіші болады. 3. АС қабырғасы қандай қабырғалардың қосындысынан кіші болады? Ж: АВ және ВС қабырғаларының қосындысынан кіші болады.4. Үшбұрыштың бір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысына тең болмайды. Неліктен? Ж: өйткені ол кезде үшбұрыш фигурасы шықпайды және үшбұрыштар теңсіздігі орындалмайды. 1. Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысынан кіші болады. 2. Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының айырмасынан үлкен болады. АВС үшбұрышы үшін үшбұрыштар теңсіздігiн жаз: АВ Қабырғалары 3 см және 4 см болатын үшбұрыштың үшінші қабырғасы n, мұндағы nЄN. n-нің мүмкін мәндері қандай? Ж: n Үшбұрыш қабырғаларының қатынасы 2:3:5-ке тең болуы мүмкін бе? Ж: жоқ, себебі 5 1 деңгей Дұрыс жауапты «+», қате жауапты «-» таңбасымен белгіле: Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысынан кіші болады. Жауабы: + Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысына тең болады. Жауабы: – Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысынан үлкен болады. Жауабы: – Егер АВ=10 см, ВС=3 см, АС=8 см болса, онда А, В, С нүктелері АBC үшбұрышының төбелері болып табылады. Жауабы: + Егер АВ=11 см, ВС=2 см, АС=9 см болса, онда А, В, С нүктелері АBC үшбұрышының төбелері болып табылады. Жауабы: – | Оқулық Аудиодиск: А4 форматты ақ қағаз,қарындаштар №1жұмыс дәптері Қосымша тапсырма:1.1. |
| Сабақтың соңы( 41-45мин) | Топтық жұмыс Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 3 см болса, онда оның табаны 7 см-ге тең болуы мүмкін бе? Жауабы: мүмкін емес. Үшбұрыш қабырғаларының қатынасы 2:3:4-ке тең болуы мүмкін бе? Жауабы: мүмкін. Себебі үшбұрыштар теңсіздігі орындалады. 1. Екі қабырғасының ұзындығы 3 см және 7 см болатын тең бүйірлі үшбұрыштың үшінші қабырғасын тап. Жауабы: 3 см Тең бүйірлі үшбұрыштың бір қабырғасы 10 см, ал екіншісі 5 см. Бұлардың қайсысы үшбұрыштың табаны болуы мүмкін? Жауабы: 5 с Үшбұрыштың биіктігі осы төбеден жүргізілген медианасынан үлкен болмайтынын дәлелдеңдер. 2. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 24 cм, екі қабырғасының айырмасы 3 см, ал бір төбесіндегі сыртқы бұрышы сүйір. Үшбұрыш қабырғаларын табыңдар. Жауабы: 7 см, 7 см, 10 см. | |
| Қосымша ақпарат |
| Қорытындылау | Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз. |
| 1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе? 2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды? | |
| Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді? 1. 2. |