Қысқа мерзімді жоспар үлгісі (ҚМЖ).
| Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Үшбұрыштар Мектеп: №19 ЖОББМ Күні: 08.11 .2017ж Мұғалімнің аты-жөні: Кабушева Галия Кенесовна Сынып 7 «а» Қатысқаны: 22 Қатыспағаны: |
| Сабақтың тақырыбы | Үшбұрыш және оның түрлері |
| Осы сабақта қолжеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.1.1.13 үшбұрыштардың түрлерін ажырату; |
| Сабақтың мақсаты | Оқушылардың бәрі: үшбұрыш түрлерімен, элементтерімен танысады, ажыратады; Оқушылардың көпшілігі: үшбұрыштардың қасиеттеріне байланысты үшбұрыш салу дағдысын қалыптастырады, периметрін есептей алады; Кейбір оқушылар: Мәтінді, логикалық есептердің шешімін тұжырымдап, талдап түсіндіреді, қорытындылай алады; |
| Бағалау критерийі | үшбұрыш элементтерін таниды, түрлерін ажыратады; үшбұрыштардың элементтерін таба алады, қасиеттерін пайдалана отырып үшбұрыш салу дағдысын есеп шығаруда қолданады және периметрін есептейді; үшбұрыштарды қоршаған ортамен байланыстырып, тұжырымдай алады, талдайды, логикалық есептерді шеше алады; |
| Тілдік мақсаттар Оқушыларға | есептің шығару жолын түсіндіре алады; тақырып бойынша ұғымдары мен терминдерін түсінеді және қолданады; есеп мәтіні бойынша қажетті сызбаны салады; сызбада берілген элементтерін сипаттай алады; |
| Лексика мен терминология | сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тік бұрышты үшбұрыштар; теңқабырғалы, теңбүйірлі, қабырғалары әр түрлі үшбұрыштар; үшбұрыштардың элементтері; катет, гипатенуза; қабырғалар арасындағы бұрыш; қабырғаға іргелес жатқан бұрыш; қарсы жатқан бұрыш; |
| Диалогтік | Үшбұрыш деп қандай геометриялық фигураны атаймыз? Үшбұрыштың бұрышы дегеніміз не? Қандай кесінділер тең деп аталады? Қандай бұрыштар тең деп аталады? Барлық қабырғалары тең үшбұрыш, ... деп аталады; Екі ... қабырғасы тең үшбұрыш, ... үшбұрыш болады; Үшбұрыштар тең болғандықтан ... тең болады; |
| Құндылықтарға баулу | Тарихтың мәдениет пен тілдің біртұтастығы |
| Пәнаралық байланыс | Қазақ әдебиеті, тарих, бейнелеу өнері - есептер шығару, түсіндіру арқылы |
| Тақырып бойынша алдыңғы білім | Нүкте, түзу, кесінді, бұрыш ұғымын біледі, оқи алады, жаза біледі, қасиеттерін біледі.Транспортир арқылы бұрыштарды өлшейді және салады. |
| Сабақтың барысы |
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | ресурстар |
| Сабақтың басы (10 минут) | 1.Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, «көңіл күй» тренингі: оқушылар бір-біріне жылы лебіз арқылы жағымды орта тудырады) 2.Оқушыларды топқа бөлу жұмыстары (үшбұрыш түрлеріне байланысты 4 топқа бөлінеді: үшбұрыш түріне байланысты фигуралар бейнелерін оқушылар таңдап алады, соған байланысты топтар құралады). | Фигуралар: 6-тең қабырғалы; 6- тең бүйірлі; 6 – әр түрлі қабырғалы; 6- тік бұрышты. |
| Сабақтың ортасы (25 минут) | Оқушыларды тақырыппен, сабақ мақсатымен және күтілетін нәтижемен таныстырылады. «Қызығушылықты ояту» стратегиясы. Мақсаты: оқушылар бұрынғы білімдерін есіне түсіре отырып, белсенді әрекеттерге жұмылдырады, үйренудің мақсаттарын айқындап, ойлау жұмысына ынталандырады, бірлесе отырып, бір шешімге келуге, ұжымшылдыққа тәрбиелейді. Жұптық жұмыс: Үлестірмелі материалға жазылған сұрақтарға жауап беріп, есептерді шығарып, партадағы көршілерімен талдайды және дәптерге жазады. (тапсырма жауаптары интербелсенді тақтадан көрсетіледі). Теңқабырғалы, теңбүйірлі, қабырғалары әр түрлі үшбұрыштар салып, элементтерін атаңыз. Үшбұрыштың бұрышы дегеніміз не, қандай бұрыштар тең болады? Үшбұрыштың периметрі қалай табылады, қандай кесінділер тең деп аталады? Үшбұрыштың бұрыштарының шамаларына байланысты түрлерін атаңдар. ҚБ: «Бір минут» әдісі. Жаттығу орындау: оқулықтан А денгей. 1 тапсырма. Бір түзудің бойында жатпайтын D, E, M үш нүктесін белгілеңдер және DE, EM, MD кесінділерін сызыңдар. Пайда болған үшбұрышты жазыңдар. ҚБ: «Бас бармақ» (жоғары – түсіндім, орта – енді түсініп келемін, төмен – түсінбедім) Сергіту сәті: «Зейінді аудару» | Оқулық «Геометрия» Ж.Қайдасов, Г.Досмағанбетова, А.Абдиев Интербелсенді тақта, слайд |
| 2 тапсырма. Жеке жұмыс, ауызша: интербелсенді тақтада көрсетілген үшбұрыштардың элементтерін және түрлерін атап көрсетіңдер.  Ауызша бағалау: бәрекелді, жарайсын, дұрыс жолдасың... В денгей. Топтық жұмыс. Жазбаша : № 133/1 – «Тең қабырғалы үшбұрыштар» тобы: Қабырғалары 7,5 см, 6 см, 4,5 см болатын үшбұрыштардың периметрлерін табыңдар. № 133/2 – «Тең бүйірлі үшбұрыштар» тобы: Қабырғалары 8,1 см, 7,9 см, 12 см болатын үшбұрыштардың периметрлерін табыңдар. № 134/1 – «Әр түрлі қабырғалы үшбұрыштар» тобы: Үшбұрыш пішінді жер бөлігінің периметрі 1248 м. Берілген екі қабырғасы бойынша үшінші қабырғасын табыңдар: а = 476 м, в = 504 м. № 134/2 – «Тік бұрышты үшбұрыштар» тобы: Үшбұрыш пішінді жер бөлігінің периметрі 1248 м. Берілген екі қабырғасы бойынша үшінші қабырғасын табыңдар: а = 540 м, в = 400 м. ҚБ: Бағалауды топ басшысы жүргізеді. Бағалау парағына топ оқушысының қатысына пікірін білдіреді. | Топ мүшесі | Өте жақсы | Ынтасы бар | Теориялық білімді қажет етеді | Әлі де жұмыстануы керек | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |
| | С денгей (логикалық есеп) Ертегі есеп: Бір барлық үшбұрыштар орман алаңқайында жиналып қай үшбұрышты патша сайлаймыз деп кеңеседі. Олар узақ уақыт айтысып, бір тоқтамға келе алмады. Сонда бір үлкен үшбұрыш «бәріміз үшбұрыштар патшалығына жолға шығайық, қай үшбұрыш патшалыққа бірінші болып кірсе, соны сайлайық» дейді. Барлық үшбұрыш келісіп, жолға шығады. Жолда алдарынан өзен шығып: «менен тек бұрыштары сүйір үшбұрыштар өтеді» дейді. Сонымен кейбір үшбұрыш әрі қарай өте алмай жағада қалады. Қалғандары өтіп әрі қарай жолға шығады. Жолда алдарынан тау шығады, тау айтады «тек екі қабырғасы тең үшбұрыштар өтеді» дейді. Бұл өткелден өткен үшбұрыштар одан әрі жүріп отырады. Олар бір кезде тік жарға кездеседі, ол жерде өте тар көпір тұрады. Көпір «менен тек барлық қабырғалары тең үшбұрыш өте алады» депті. Сонымен көпірден бір үшбұрыш өтіп үшбұрыштар патшалығына жетіп, сол патша болыпты. Қай үшбұрыш патша болды? Қай үшбұрыш негізгі қарсылас болып көпірге дейін келді? Ал жарыстан бірінші шығып қалған үшбұрыш қандай үшбұрыш? Оқушылар жауаптарын топпен ақылдасады, топ басшысы тақтаға шығып айтады. ҚБ: «Шапалақ» әдісі. «үш дұрыс жауап»- үш шапалақ, «екі дұрыс жауап» - екі шапалақ, «бір дұрыс жауап» - бір шапалақ арқылы кері байланыс жасайды. | Интербелсенді тақта, слайд, үшбұрыш модельдері |
| Сабақ соңы (10 минут) Қорытындылау | Қалыптастырушы бағалау жұмысы.Тапсырмалар орындату арқылы оқушының нені білгенін, нені үйренгенін,әлі не түсініксіз екенін анықтаймын.    Дескриптор: 1.Үшбұрыш түрін анықта; 2. Төбелерін белгіле; 3. Қабырғаларын жаз. Семантикалық картамен жұмыс. | № | а | в | с | р | Үшбұрыштың түрі | | 1 | 3 | 5 | 7 | ? | ? | | 2 | 4 | 4 | 4 | ? | ? | | 3 | 5 | 5 | 8 | ? | ? | | 4 | 4 | ? | ? | 16 | Тең бүйірлі үшбұрыш | | 5 | ? | ? | ? | 21 | Тең қабырғалы үшбұрыш | | 6 | 8 | 4 | ? | 17 | ? | | 7 | ? | 10 | 10 | 26 | ? | Дескриптор: белгісіз элементті табады; Периметрін есептейді; Үшбұрыш түрлерін ажыратады; 3-1. 1 суреттен 5 үшбұрышты;2 суреттен -6; 3 суреттен -8; 4 суреттен - 9; 5 суреттен -11; 9 суреттен 13 үшбұрышты көрсетіңдер.  Дескриптор: Сурет бойынша үшбұрыштар санын табады ; Төбелерін көрсетеді; Х арқылы белгісіз қабырғаларын табады. 3-2. Теңбүйірлі үшбұрыштың периметрі 20,6 дм, табаны бүйір қабырғасынан 2,6 дм артық болса, бүйір қабырғаларын табыңыз. Дескриптор: Белгісіз қабырғаны х деп белгілейді; Әріпті өрнек құрады; Х арқылы белгісіз қабырғаларын табады. Рефлексия: «Күн көзі». Оқушылар сабақ туралы өз ойларын сары түсті жолақ қағаздарға жазып, тақтада салынған күннің суретіне барып жапсырады. Тапсырма соңында барлық пікірлер оқылып, сабаққа қорытынды жасалады. | Таратпа материал, интербелсенді тақта, слайд |
| Саралау | Бағалау | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау |
| Тақырыпты меңгеру үшін оқушыларға топтық, жеке, қабілетті оқушымен жұмыс түрлерін пайдаланамын. Есеп шығаруда есептердің деңгейін(А,В,С) қадағалаймын және кейбіреулері үшін қосымша есепті ұсынамын. | Сабақ барысында «Қызығушылықты ояту» тренингі, «Бір минут» әдісі, «Бас бармақ» әдісі, «Шапалақ» әдісі, бағалау парағы пайдаланылады. Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру үшін сараланған денгейлік есептер беріледі. «Күн көзі» әдісі арқылы сабақ қорытындыланады. | Сергіту сәті: «Зейінді аудару» ойынын пайдаланамын. Оқушылардың партада отыру ережесін сақтауын, орналасуын, техникалық қауіпсіздігін қадағалаймын. |