Просмотр содержимого документа
«Ұстаздың жемісті еңбегі»
Балаға берілген жүрек
Ұстаз әлем тілдеріндегі ең құрметті сөздердің бірі. Қазіргі заманда ұстаз алдынан өтпеген адам кем де кем. Яғни дана да, дара да ұстаздан білім алып, ұстаздың парасатына бас иеді. Кеменгер тұлғалардың өздері де ұстаздардың бар ізгі қасиеттерін бойларыңа сіңіріп, үлгі-өнеге алған. Басшы да, көсем де, ақын да, шешен де ұстаз атауына 62 тамырларын иіп, олардың зор тағлымдары мен еңбектерін бағалаған. Ұлы ғұламалардың өздері де айталық, Абылай хан-Төле биден, Шәкәрім-Абайдан, Жамбыл-Сүйінбайдан білім алып, өздеріне пір тұтқан деседі. Олар өз ортасында қаншалықты биік болса да, ұстаздарына ізеттік пен ізгіліктің көрінісін көрсете білген.
Балаға дұрыс жол көрсете білген мұғалім – жай оқытушы емес, ол ұстаздардың ұлысы. Алайда, көңілі пәк, ойы нәзік шәкірттердің жүрек нұрынан өз жемісінің өнімін көруге бағбан әрі бала жанын жақсы түсінетін бірі де бірегейі – ол біз. Менің мамандығым бастауыш білім беру мұғалімі. Бастауыш сынып мұғалімі ол тек оқытушы емес, ол – тәрбиеші, ата-анасы. Баланың санасына кішкене болса да білім нұрын себу үшін оның жүрегіне апаратын мейірім жолын табу қажет. Бұл жөнінде ұлы Абайдың салмақты сөзінде айтылған үш ұлы қасиеттерді болашақта өз бойымнан тапқым келеді.
Мұғалімдердің сабақ беру тәсілдері, сөйлеген сөздері, жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалысы, оқушыларды түсінуі – мұғалім мен оқушы арасындағы қарым қатынастың берік болуына септігін тигізеді. Сондықтан да ұстаз оқушының алдында өзінің көркем бейнесін ұмытпаған жөн. Ұстаз кез-келген жағдайда балаға қолдау көрсетіп, дұрыс бағдар беруі керек. Себебі әлемге балалардың көзімен қарамасақ, оларды түсінуіміз мүмкін емес. Оқушылардың қателіктерін байыппен, салмақты түрде ұрыс-керіссіз түсіндіре білетін ұстазға әртүрлі айла – тәсілдерді білу артық етпейді. Яғни ұстаздарды әртіс десе де болады.
Оқытушы баланың жан дүниесін түсініп, оған біліммен қатар жан жылуын бере алатын болса, оқушы екінші күні ұстазының сабағына асығатын болса, өзінің құрметтейтін адамдарының қатарына қосса ғана ұстаздың еңбегі бағаланып, артына өшпейтін із қалдыра алады. Осы ізі арқылы ол балаға өз жүрегін арнайды.
Елеусін Гүлжүзім Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі бастауыш сынып мұғалімі біліктілігінің 3-курс студенті.