Әңгіме «Мен қыз баламын».
Өткізген: Жакуова Б.Ж.
Өткізу мерзімі: 06.09.2017ж
Мақсаты: Балаларды өзінің және қарама-қарсы жынысының тұлғалық ерекшеліктерін сезінуге үйрету.
Міндеттері:
БМ: Қыз бала мен ұл бала арасындағы ұқсақтығы мен айырмашылығы жайлы түсінік беру.
ДМ: Өзара сыйластық, қарым-қатынастарын дамыту. Зейіндеріг, қиялдарын, тілдерін дамыту.
ТМ: Қыз бен ұлдың мінез арнайы ерекшелігін есепке алып, олардың қатынас мәдениетін тәрбиелеу.
Қолданылатын құрал –жабдықтар: Қыз бен ұл бейнеленген сурет, қыздардың және ұлдардың киімдерінің суреттері.
Сөздік жұмыс: Шалбар, жейде, белдемше, қыз, ұл.
Қостілділік компонент: Ұл- мальчик, қыз- девочка.
Сабақтаң барысы:
Ұйымдатыру кезеңі.
Шаттық щеңбері:
«Қайырлы таң!».
Қайырлы таң қыздар!
Қайырлы таң ұлдар!
Сәлем бердік бәріне,
Үлкенге де кішіге.
Сабақтаң негізгі бөлігі:
Қыз мен ұл бейнеленген суреттерге назар аудартады.
-Суреттерге қарап, қыздар мен ұлдардың арасында ұқсастығы қандай айтындаршы? (Балалардың жауаптары).
-Қыз бала да, ұл бала да дене құрылымы бірдей. Қызда, ұлда да денесі, басы, екі қолы, екі аяғы, екі көзі, екі құлағы, мұрыны, шаштары бар. Қыздар да, ұлдарда жүгіре алады, секіре алады, би билей алады, ән айта алады.
-Қыздар да, ұлдар да тәттіні жегенді, мультфильмді қарағанды ұнатады.
-Жақсы, ал ұлдар мен қыздардың арасында қандай айырмашылығы бар? (Әркім өз ой-пікірін білдіреді).
-Қыздар көйлек, белдемше, сарафан киеді, шаштарына бантик, буғыш тағады. Қыздардаң шаштары ұзын болады.
Ұлдар шалбар, жейде,шорты киеді. Олардың шаштары қысқа болады.
Қостілділік компонент: Ұл- мальчик, қыз- девочка.
-Темірлан, айтып берші, неге, сен қыз бала емес, ұл баласын? (Баланың жауабы).
-Өйткені, сен шалбар, жейде киесін, сенің шашын қысқа.
Сергіту сәті:
Ал, балалар, келіндер,
Бой жазайық бәріміз.
Мойнымызды бұрамыз,
Қолымызды созамыз.
Аяқтармен топ-топ басып,
Орнымызға барамыз.
-Мансұр, маған мына суретте қыз баланың киімдерін көрсетші?
-Енді, Сұлтан келіп, бізге ұлдардың киімдерін көрсетеді.
-Ұлдар немен ойнағанды ұнатады? (Машинамен ойнағанды).
-Ал, қыздар ше? (Қуыршақпен)
.-Ұлдар қандай болу керек,қалай ойлайсындар? (Әркім өз ой-пікірімен білдіреді).
-Дұрыс айтасындар, қыздар әдемі, сұлу, мейірімді болады. Және де олар нәзік, сыпайы, инабатты, болады. Ана-әжелерінің көмекшілері болады.
-Енді ұлдар қандай болатынын айта кетейік (Әркім өз ой-пікірін білдіреді).
-Ұлдар мықты, күшті, батыл, мейірімді болу керек. Қыздарды ренжітпейді, қорғайды. Олар әке-аталарының көмекшілері.
-Қыздар кімге көбінесе ұқсайды? (Өз аналарына ұқсайды)
-Ал, ұлдар ше? (Әкелеріне ұқсайды).
Рефлексия:
-Бүгін, сендермен не туралы әңгімеледік:
-Қыздар мен ұлдар арасында қандай айырмашылығы бар екен?
-Қыздар (ұлдар) қандай болу керек?