Просмотр содержимого документа
«Вариативтік компонент»
«Қостанай қаласы әкімдігінің
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№6 бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
4-5 жастағы балаларға арналған
«ЭКОЛАЙФ» бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпығы міндетті білім беру стандарты оқу жоспарының вариативтік компонентін дидактикалық әдістемелікпен қамтамассыз ету»
Түсінік хат
«Айт-мен ұмытамын,көрсет-мен есте сақтаймын,
байқап көріп-мен түсінемін»
Қытай мақалы.
Алдын мемлекетің, мектептің , мектепке дейінгі мекеменің және ата-аналардың алдына өте қажетті мақсат тұрады: әр бала қоғамның есті мүшесі болып өсіп қана қоймай,тек дені сау ғана емес,сонымен қатар бастамшыл, ойшыл,қандай іске болмасын шығармашылық тіл табуда алғыр болуы –міндетті түрде!
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбиесінің бағдарламасының мазмұны баланың жеке әлуетінің ашылуына мүмкіндік шарттар жасау, білім жүйесін қалыптастыру, тұлғаның жан-жақты дамуына қолдау жүргізу. Мектепке дейінгі жастағы баланың ақыл-ойының дамуы тұтасымен ұлттық дамудың стратегиясымен байланысты және мемлекеттік саясаттың бір бөлшегі болып табылады, мемлекет пен қоғамның қазіргі білімнің сапасының қамсыздандыруына және оныңіргесіне негіз болып, сәйкестік тұлғаның көкейкесті және перспективалық қажеттілігіне, қоғам және мемлекет болып табылады.
«Таным» білім беру саласы бойынша баланың зейінін анықтауда біршама мақсаттар қойылған:салыстыру, саралау, қорытындылау, тәжірибие жасау, моделдеу, элементарлық іздені іс-әрекеттерімен шұғылдану. Сіздердің назарларынызға ұсынылып отырған 4-5 жас аралығындағы бүлдір шіндерге арналған вариативтік компонент арқылы жазылған «Эколайф» бағдарлама, косымша дидактикалық және әдістемелік материал.
Қазіргі заманға сай білім беру жүйесінің басым бағыттарындағы өзгерістер қабілетті және танымашыл өз бетінше әрекет ететін бастамашыл өз мүмкіндігін біліп,өз ойын іске асыра алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесін мақсат етіп қойып отыр.Бүл мақсаттар мектепке дейінгі тәрбие және білім беру стандартында белгіленген.Соның ішінде мектепке дейінгі мекемедегі «Таным» білім беру саласы бойынша қоршаған ортадағы мәселелерді зерттеудін маңызы зор. «Таным» білім беру саланың мақсаты: жас ерекшеліктеріне сай танымдық іс-әрекет дағдыларын меңгерген, меңгерген білім дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға қабілетті, қоршаған әлемді қабылдай білетін тұлғаны жетілдіру.
Бағдарлама
Балалардың алғашқы қабылдау түсініктерін кейбір табиғат тәуелділігін қалыптастыруда тірі және өлі табиғатпен таныстыра отырып, әзірленген бағдарлама, балалардың іс-әрекетіндегі қолданылатын ерекше бір нәтижелі қызықты түрі –зерттеу. Мектепке дейінгі жас шамасындағы балалар –қоршаған ортада ізденгіш зерттеушілер болып келеді. Оларға бәріде қызықты,күнделікті жаңа күн өзінің қызықты жаңалығын,танымын алып келеді,осының өзі баланың дамуында үлкен ролін атқарады.
Зерттеу қызметінде баланың тәжірибемен эксперимент:
баланың қоршаған орта туралы елестерін кеңейту арқылы әртүрлі ғылыми салалардыңазғана білімдермен таныстру:
Балаларда заттардың химиялық құрамы туралы елестерін дамыту (балама қоспадан тұндыру, фильтірлеу арқылы бөліну);
Балаларда негізгі физикалық құрамдар және құбылыстардан шамалы болсада көріністерін дамыту (магниттеу, шағылыстар және нұрдың сынуы, дыбыс, жылу, тоңу және судың еруі);
Судың, құмның, ауаның, батпақтың, тастың құрамы туралы елестерін дамыту;
Математикалық шағын көріністерін дамыту (өлшеуіште- ұзындығын, салмағын, көлемін өлшеу сияқты);
ғаламшардың бедерінің негізгі сызықтарымен таныстыру: вулкан, тау, көлдер.
балаларды көмекші приборлармен зерттеу-ойындары:
ойлау қабілетін дамыту (сараптау,классификациялау,салыстыру,қорыту);
әр баланың әлеуметті – тұлғалығын дамыту;
Жас шамасына қарай топтарда сағат саны:
№ | Жас шамсымен топтар | Кезеңдері | Сағат саны |
1 | Ортаңғы топ | «Табиғаттың сырын ашамыз!» | 18 |
2 | Ортаңғы топ | «Бәрін білгім келеді!» | 18 |
Күтілетін нәтиже:
Игеру қорытындысы мектепке дейінгі бала- жыл соңында міндетті:
Танымдық қызметтің дағдыларын игеру: заттың әртүрлі сапасын қадағалай білу, бөгде адамның ісін бағдарлай білу, зерттеудің қорытындысын көре білу. Кейбір материалдарды табыс ету және олардың қасиеттерін білу. Ауа, су және топырақ туралы көргендерін қалыптастыру.
элементарлық тәжірибелер мен зерттеулер жасай білуі керек, жай себепті тергеудегі байланыстарды тағайында: іздеуді аяғына дейін жеткізу, әртүрлі материалдарды білу, шағын топтарда жұмыс жасай білу.
Перспективті жоспарлау.
«Табиғаттың сырларын ашамыз»
(Бірінші кезең)
Айы | № | Сабақтың тақырыбы | Сабақтың саны | Күні |
қыркүйек | 1 | Тақырып:«Бақшаның телімі» Жер, құм, балшық. Мақсат:Қандай жерде өсімдіктер жақсы өсетінін анықтау. Тұжырым:Жерде тұқымдар пайда болды, құмда өте жаман, тастарда ештеме шықпады. | 1 | |
2 | Тақырып: «Сиқырлы көмбе»Жер. Мақсат:Жер,құм және балшықты салыстыру. Құрамын салыстыру. Тұжырым:Жер әр-түрлі болады. | 1 | |
3 | Тақырып: «Жермен танысамыз» Жер. Мақсат:Жерде ауа мен су болады ме екенінанықтау Тұжырым:Жердің түйіртпегінде көпіршіктер құрылды, ол ауа. Жерді ысытқанда шыныда бу қалды. | 1 | |
4 | Тақырып: «Мүсіндер» Құм мен балшық. Мақсат:Қандай материалдың лепкаға жарамдылығын анықтау Тұжырым:Дымқыл құмнан мүсіндер жасауға болды, бірақ олар берік болмайды.Ал балшықтан мүсіндер берік болды. | 1 | |
Қазан | 5 | Тақырып: «Бірінші танысу ауамен дем алу»Ауа. Мақсат:Балаларға барлық тіршілік ауасыз өмір сүре алмайтынын түсіндіру.Судын ішінде де ауа бар екенін дәлелдеп көрсету. Тұжырым:Бар тіршілік ауамен дем алады, ауа судын ішінде де бар. | 1 | |
6 | Тақырып: «Ауадағы иіс»Ауа Мақсат:Ауада иіс жоқ, бірақ сыртқы ортадан иемденетінін түсіндіру. Тұжырым:Ауанын иісі жоқ.Аңқыса ол басқа заттар оларды иісі арқылы анықтауға болады. | 1 | |
7 | Тақырып:«Тарсылдақ өршіту»Ауа. Мақсат:Неге шар аязда жарылатынын анықтау. Тұжырым:Шар үрлегенде ішіндегі ауа жылы, ал аяз суытып қысады.Сонад шар жарылады. | 1 | |
8 | Тақырып: «Ыстық, жылы, суық»Ауа Мақсат:Ауаның суық және жылы болатынын еске алу.Ауаның температурасын әр бөлмеде анықтау: жоғары, төмен Тұжырым:Шам ауаны жылыта бастағасын,карусел айнала бастады. Жылы ауа жоғары көтерілді.Жылы ауа суықтан жеңіл | 1 | |
Қараша | 9 | Тақырып:«Таңданарлық зат» Су Мақсат:Балаларды сумен таныстыру. Эксперимент жасауды үйрету. Тұжырым:Су мөлдір, иісі, түсі жоқ, тамырдың пішінін иемденеді. | 1 | |
10 | Тақырып: «Танысыңдар:неведимка» Су, бу Мақсат:Су ұша алатынын және газ тәрізді бола алатынын тәжірбие арқылы көрсету Тұжырым:Су қайнағандабуға айналады | 1 | |
11 | Тақырып:«Судың температурасы» Су Мақсат:Судың температурасы бар екенін түсіндіру. Тұжырым:Су суық, жылы, ыстық бола алады. | 1 | |
12 | Тақырып:«Судың түсі бар ма?» Су Мақсат: Балалармен судың түсі бар ма екенін тексеру. Тұжырым:Су түссіз | 1 | |
желтоқсан | 13 | Тақырып: «Су қатады» Мұз Мақсат:Температураның төмендеуіне байланысты судыі қататынын түсіндіру. Тұжырым:Су қатып мұзға айналады және жылы жерде ол еріп қайта суға айналады | 1 | |
14 | Тақырып:«Қажымас еңбекқор» Су. Мақсат:Сусыз тіршілік көзінің жоқ екеніне көз жеткізу. Тұжырым:сусыз тұрған жуа,жасыл талшықтары да өспеді. | 1 | |
15 | Тақырып:«Түйсік» Су. Мақсат:Әртүрлі температурадағы судан нені сезінуге болатынын анықтау. Тұжырым:банкадағы су әртүрлі сияқты бір қолымызды ыстық суда ұстадық,бір қолды суық суда ұстадық. | 1 | |
16 | Тақырып:«Невидимканың 1 ізденісі» Ауа. Мақсат: Ауа ол-зат, мөлдір, иіссіз екенін түсіндіру. Тәжірибие жасауға үйрету. Тұжырым:банкаға су кірмейді оған ауа кедергі жасайды. | 1 | |
| 17 | Тақырып: «Невидимканың 2 ізденісі» Мақсат:ауа суықта да, жылыда да болатынынбалаларға түсіндіру. Тұжырым: жылы ауаға қарағанда, салқын ауа аз орын алады | 1 | |
Қаңтар | 18 | Тақырып:«Невидимканың серуендері» Жел. Мақсат:Ауаның қозғалысы – жел екенін түсіндіру. Тұжырым:камок жерге тезірек құлады,ал парақ баяу Тұжырым: жел бағытымен жүгіру оңай,желге қарсы жүгіргеннен. | 1 | |
| | | | |
«Бәрін білгім келеді!»
(екінші кезең)
Айы | № | Сабақтың тақырыбы | Сабақтың саны | Күні |
қаңтар | 1 | Тақырып:«Жел,жел сен күштісің»Жел. Мақсат:Судың көмегімен желдің бар, жоғын тексеру,желдің күшін анықтау. Тұжырым:жел болса суда қозғалыста болады,жел күшті болса, толқын соғұрлым қатты. | 1 | |
2 | Тақырып:«Мен құмда отырмын» Құм. Мақсат: Дымқыл және құрғақ құмның қасиетін анықтау. Тұжырым:Құрғақ құмнан еш нәрсе мүсіндей алмайсың өйткені ол шашылмалы, ал су жұтқан дымқыл құмнан мүсіндеуге болады. | 1 | |
ақпан | 3 | Тақырып: «Сумен ойнайтын ойын» Су. Мақсат:Судың қасиетін анықтау. Тұжырым: Су ыдыстың пішінін алады. | 1 | |
4 | Тақырып:«Маталар әлеміне саяхат» Мата. Мақсат: Матаның қасиетімен сапасын анықтау. Тұжырым: Мата-жанғыш,суды сорады,бықсыйды және балқиды.матаны тез үтіктеуге және уқалауға болады.Мата қалың оны жырту қиын. | 1 | |
5 | Тақырып. «Жел,жел сен күштісің» жел. Мақсат: Желдің бағытын анықтау. Тұжырым: Қайықтың жүзу бағыты арқылы желдің бағыттарын анықтауға болады. | 1 | |
6 | Тақырып: «Тастың сыры» Тастар. Мақсат:Тасты мықтылыққа тексеру. Тұжырым:Тас қатты су қтпейтін материал . | 1 | |
| 7 | Тақырып: «Сумен ойын» Су. Мақсат: боялу дәрежесін анықтау Тұжырым:Су боялады,лайланады.Қаншалықты бояу қою болса,соншалықты боялады. | 1 | |
8 | Тақырып: «Материалдар әлеміне саяхат» Қағаз. Мақсат: Қағаздың қасиетін анықтау. Тұжырым: Қағаз өте нәзік материал,ол су өткізгіш, жанғыш. Оны оңай умаждауға болады , үтіктеу өте қиын.Оңай жыртылады. Қағаздың сапасына қарай белгілі бір уақытқа дейін суда жүзуі мүмкін.Қағаздан жарық түспейді,оңай кесіледі. | 1 | |
наурыз | 9 | Тақырып:«Жел, жел сен құдіреттісің».Жел Мақсат:Желде дымқыл матамен не болады. Тұжырым:Желге ілініптұрған мата тез арада кеуіп қалды. | 1 | |
10 | Тақырып: «Тастардың сыры» Тас Мақсат:Қандай дәрежеге дейін тас күн сәулесін өткізеді. Тұжырым:Жер кеуіп қалды, ал тастың асты кеппеді. | 1 | |
| 11 | Тақырып: «Сумен ойындар»Су Мақсат:Судың құрамын анықтау. Тұжырым:Су отты сөндіреді. | 1 | |
12 | Тақырып: «Материалдар әлеміне сапар»Темір Мақсат:Темірдің құрамын анықтау. Тұжырым:Темір суланбайды, бірақ су астында көп жатса даттанады. Темір жанбайды, бірақ жоғары температурада қызады. Темірді майыстыру қиын, ол үшін бейімдемелер қажет. Өйткені темір қатты. | 1 | |
13 | Тақырып:«Жел, жел сен құдіреттісің».Жел Мақсат: Желдің күшін анықтау. Тұжырым:Жел заттарды қозғалта алады.Жел басым болған сайын, неғұрлым заттарды қозғалтады. | 1 | |
14 | Тақырып:«Тастардың сыры» Тас және балшық Мақсат: Тас пен балшықтың құрамын салыстыру. Тұжырым:Су тастармен таза, өйткені тас суда ерімейді. Ал су балшықпен лай, бірақ көп тұрса ыдыс түбіне тұнып қалады. | 1 | |
| 15 | Тақырып: «Сумен ойындар» Су Мақсат:Судың күйі. Тұжырым:Су қызады, қайнайды, божылдайды, бу шығады. | 1 | |
16 | Тақырып:«Материалдар әлеміне сапар» Ағаш. Мақсат: Ағаштың құрамын анықтау. Тұжырым: Ағаш жүзеді, суланады, желіндейді. Ағаш тез жанады, мөлдір емес.Ағаш жұмсақ материал қыруға, кесуге болады. | 1 | |
| 17 | Тақырып:«Жел, жел сен құдіреттісің».Жел Мақсат: Желдің бағыты мен күшін анықтау. Тұжырым:Біз қай жақтан суық сезсек, сол жақтан жел бағыты. | 1 | |
1 18 | Тақырып: «Тастардың сыры» Тас және бал шық. Мақсат:Тас пен балшықтың ауырлығы мен беріктіген анықтау. Тұжырым:Доппен салыстырғанда тас жерге құлады, қирамады, жерге тиіп жата берді.Тас ауыр. Ал балшық қирады, кішкентай бөлшектерге шашылды. Балшық жұмсақ материал. | 1 | |
| | Барлығы: | 18 | |