Ұзақ мерзімді сабақ жоспардың тарауы: 6.2 Мектеп:Ю.Гагарин атындағы орта мектебі |
Күні: | Мұғалімнің аты – жөні:Хидуллина Г.И. |
Сынып: 6 | Қатысушылар саны: | Қатысқандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Векторлық кескіндерді құру |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.2.2 Векторлық кескіндерді құру және өңдеу |
Сабақтың мақсаты: | Векторлық кескін ұғымын түсіну; Векторлық кескіндерді құруды және өңдеуді қолданудағы тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. |
Бағалау критерийі | Векторлық кескіндер құруды меңгереді. Inkscape программасында векторлық кескіндерді құрады. Құрал-саймандар тақтасы мен түстер палитрасын қолдана алады. |
Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты лексикалық терминология: Компьютерлік графика- Компьютерная графика- Computer graphics Векторлық кескін- Векторное изображение- Vector image Диалог\ жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: - басқару құрал-саймандар тақтасындағы ……. қызметін пайдаланамыз. - Inkscape программасындағы нысандардың түстерін өзгерту үшін ........ қолданылады. |
Құндылықтарға баулу | Оқушыларды жауапкершілікке, ынтымақтастыққа, қарым-қатынас жасауға баулу. Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау. |
Пәнаралық байланыс | Математика, орыс тілі, ағылшын тілі |
Алдыңғы білім | Ақпаратты екілік кодтау арқылы ұсыну |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы 3 минут  | Ұйымдастыру: Топтастыру. Сурет қиындылары арқылы сыныпты 3 топқа біріктіру: 1-топ: «Шеңбер» 2- топ: «Жұлдызша» 3-топ: «Тікбұрыш» «Таза тақта» әдісі Өткенге шолу. Сынып тақтасына түрлі стикерлерге жазылған сұрақтар жапсырылады, сол сұрақтарды оқушылар бір-бірлеп алып жауап беріп тақтаны тазартады. Ақпаратты кодтау әдістері? Екілік кодтау деп нені айтамыз? Ақпаратты ұсыну үшін қолданылатын бір-бірінен өзара ерекшеленетін символдар немесе белгілер жиынтығы қалай аталады? Символдарды кодтаудың халықаралық кестесі.... «Мозайка» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу.Оқушылар берілген қағаз қиындыларынан әр түрлі фигураларды, кескіндерді құрастыру. |    |
Сабақтың ортасы | «Көргенімді есте сақтаймын» әдісі . Жаңа білімді меңгеру. Компьютерде кескіндерді бейнелеу бағдарламасын біле отырып, бүгінгі жаңа сабағымызды бейне жазба арқылы көреміз. https://bilimland.kz/kk векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламаларға векторлық редакторларға қысқаша шолу жасаймыз. 1.Компьютермен жұмыс.Оқушыларға   Inkscape бағдарламасында құрал –саймандар тақтасы мен түстер палитрасын пайдаланып, мына нысанды салу.  
Дескриптор | Inkscape бағдарламасында графикалық кескіндерді пайдалана алады; | Құрал- саймандар тақтасы мен түстер палитрасын қолдана алады. | ҚБ мұғалімнің бағалауы 2-тапсырма. «Сараланған тапсырма» Inkscape қосымшасындағы 3 маңызды тақтаның атауын, атқаратын қызметтері мен мүмкіндіктері бойынша төменде берілген кестенің бос орындарын толтырады. 
Дескриптор | 1. Inkscape қосымшасындағы 3 маңызды тақтаның атауын ажырата алады; | 2.Атқаратын қызметтері мен мүмкіндіктерін біледі; | ҚБ. «Бас бармақ»әдісі 3- тапсырма. «Галереяны шарлау» әдісі Топтарға сұрақтар беріледі, берілген сұрақ бойынша қорытынды жұмыс немесе өнімді ұсыну арқылы өз жұмысын ұсынады, идеяларын қорғайды, ерекше идеялар айтады. Топ Inkscape программасы неліктен ыңғайлы графикалық редактор болып саналады? Топ Inkscape және Paint графикалық редакторының айырмашылығы, ұқсастығы? Топ Құрал –саймандар тақтасы, басқару құрал саймандар-тақтасы мен түстер палитрасының маңыздылығы неде? Дескриптор | - Inkscape программасы графикалық редактор болып саналатынын жеткізеді; - Inkscape және Paint графикалық редакторының айырмашылығы, ұқсастығын ажырата алады; - Құрал –саймандар тақтасы, басқару құрал саймандар-тақтасы мен түстер палитрасының маңыздылығын біледі: |
ҚБ «Бірін – бірі бағалау» Жапондық бағалау әдісі
Тапсырма. (Ж.Ж)«Көршіңмен талқыла» әдісі Дескриптор | 1.Эллипс құралының көмегімен эллипс, доғал, дөңгелек салады; 2.Shift және Ctrl пернелерін басқандағы өзгерістерді анықтайды; 3.Сектор н\е доғал салу үшін эллипс салады; 4. Ctrl пернесін басқанда көшірмесі пайда болатынын біледі. |
 ҚБ.Жұптар өзін- өзі бағалайды
| https://bilimland.kz/kk https://www.google.com Inkscape бағдарламасы Компьютер  «Информатика оқулығы» Г.И.Салғараева, Г.Б.Илиясова, А.С.Маханова. – Астана: «Арман-ПВ»  «Информатика оқулығы» Мұхамбетжанова С. Т., Тен А. С., Қыдырбек Ө.  |
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс: «Гирьлянда» әдісі Оқушыларға үш түрлі түсті қағаз таратамын. Ж – нені жақсы түсінді С – сабақта нені жақсы түсінді Қ – қиындық тудырған сұрақ бар ма? Ойларын жазып гирьлянда жасап, жалғау гирьлянда құрастырып, келесі топтарға жалғайды. | жасыл, сары, қызыл түсті қағаздар |
Саралау – Сiз қандай тәсiлмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сiз басқаларға қарағанда қабiлеттi оқушыларға қандай тапсырмалар бересiз? Саралау тапсырмалары іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде,оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып,әзірлеуді қамтиды. 1. тапсырмада жеке компьютерлік тәжірибелік жұмыс орындалады. 2. тапсырмада жұппен «Сараланған тапсырма» бойынша берілген кестедегі қосымшадағы құрылғылардың атауын қызметін анықтайды. 3.тапсырмада «Галереяны шарлау әдісі»топпен орындалады,оқушы ойын еркін жеткізе отырып, бағдарламаны толық меңгереді. 4 тапсырмада «Көршіңмен талқыла» әдісі жұппен орындалады. Кері байланыс | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? «Смайликтер» арқылы «Бас бармақ» әдісі «Жапондық бағалау» әдісі «Өзін-өзі бағалау»әдісі «Гирьлянда» әдістері арқылы бағаланады. Ойларын жазып гирьлянда жасап, жалғау гирьлянда құрастырып, келесі топтарға жалғайды. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Техникалық ережелерін сақтауды үнемі ескерту, жаттығулар жасау .  |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қол жетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? | |
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |