СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Вв дыбысы мен ?рпі (ашы? саба?)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділігі: «Вокзал» ??ымымен таныстыру. Поезд т?рлері туралы т?сінік беру. Айтылуы мен жазылуы бас?а с?здер туралы айту.Дыбысты? талдау?а ?йрету. Д?рыс о?у?а ?алыптастыру.

Т?рбиелігі:тазалы??а,??ыптылы??а,жан-жа?ты болу?а,абай болу?а баулу.Сауатты,к?ркем жазу?а т?рбиелеу.

Дамытушылы?ы: о?ушыларды? есте са?тау ?абілеттерін,ойлау ?абілеттерін арттыру, тіл байлы?тарын дамыту.

?діс-т?сілдері:т?сіндіру,с?ра?-жауап,ой-?оз?ау, топпен ж?мыс.

К?рнекілектері:суреттер,кеспе ?ріптер, о?улы?.

Типі: ашы? саба?.

Т?рі: аралас саба?.

Просмотр содержимого документа
«Вв дыбысы мен ?рпі (ашы? саба?)»

Сабақтың тақырыбы: Вв дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: «Вокзал» ұғымымен таныстыру. Поезд түрлері туралы түсінік беру. Айтылуы мен жазылуы басқа сөздер туралы айту. Дыбыстық талдауға үйрету. Дұрыс оқуға қалыптастыру.

Тәрбиелігі: тазалыққа, ұқыптылыққа, жан-жақты болуға, абай болуға баулу. Сауатты, көркем жазуға тәрбиелеу.

Дамытушылығы: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, ойлау қабілеттерін арттыру, тіл байлықтарын дамыту.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой-қозғау, топпен жұмыс.

Көрнекілектері: суреттер, кеспе әріптер, оқулық.

Типі: ашық сабақ.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Һ дыбысына берілген сөздерді оқыту. «Қаһарман» мәтінін тізбектей оқыту. Мәтінді мазмұндату. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу.

Сұрақтар:

  • Қаһарман деген сөзді қалай түсінеміз?

  • Қазақ халқының батырларын ата.

  • Қазақ халқының қаһарман қыздарын ата.

  • Қазіргі кезде халқымыздың қаһарман ұл, қыздарына қандай атақ берілді?

  1. Жаңа сабақ:

а) Оқулықпен жұмыс

Берілген сөздерді тізбектей оқып, буынға бөліп тұтастай оқу, мағанасын ашып, түсіндіру.

Ва-гон , ав-то-бус , ве-ло-си-пед , во-лей-бол,

Вок-зал, трам-вай, ак-ва-ри-ум, ви-та-мин.

ә) Ой толғаныс.

Сурет бойынша жұмыс: вокзал, волейбол т. б. сөздерінің айтылуы мен жазылуына көңіл аудару.

Сергіту сәті: Қарлығашқа ұқсайық,

Кәне, қанат жазайық.

Ұшып, ұшып алайық,

Сосын, қайта қонайық.

Дәптермен жұмыс: В в әріптерін жазу.

В в әріптері бар сөздерді жазу. Көп нүктенің орнына В,в әріптерін қойып жазу.

Енді, «Көліктер иесі кім?» ойынын ойнаймыз.

Ойын шарты: Бізде әртүрлі көліктердің суреті ілулі тұр. Осы көліктердің иесі атану үшін берілген тапсырманы орындауымыз керек

  1. «Автобус» сөзін буынға бөл.

  2. «Вагон» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

  3. Ұшақ қандай көліктердің түрлеріне жатады?

  4. «Сөз ойла, тез ойла!» ойыны.

Ойын шарты: Мұғалім сөздің алғашқы буынын көрсетіп оқиды, ал оқушылар жалғасын айтулары керек.

Трам+вай , вита+мин , вок+зал , аква+риум , ва+гон.

  1. Жаңа сабақты қорыту.

Сонымен , балалар біз бүгін қандай әріптермен, дыбыстармен таныстық?

«В,в» дыбысы қандай дыбыс? Мысал келтірейік.

  1. Үйге тапсырма беру.

Берілген сөздерді тізбектей оқу, «В,в» дыбысына байланысты мысалдар келтіру.101- бет (оқу).

Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

  1. Бағалау. Марапаттау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды марапаттап, мадақтау.