СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Wild and domestic animals.

Нажмите, чтобы узнать подробности

занятие на тему Wild and domestic animals. предназначен детям старшей группы.

Просмотр содержимого документа
«Wild and domestic animals.»

Жас мамандар фестивалі













Ағылшын тілінен үйірме жұмысы

Тақырыбы: «Wild and domestic animals» (Үй жануарлары және жабайы жануарлар).

Тобы: ересектер «Қарлығаш».




Өткізген: Оспанова Ж.К.

ағылшын тілі оқытушысы




















№1 «Ертегі» бөбекжай балалар бақшасы

Сәтбаев – 2016.

Тақырыбы: «Wild and domestic animals» (Үй жануарлары және жабайы жануарлар).

Мақсаты: Үй жануарлары және жабайы жануарлар туралы балалардың білімін бекіту.

БМ: Аңдар бағындағы аңдардың өмірімен таныстыру. Жануарлардың төлдерін айыра білу, жабайы және үй жануарларын ажырата білуге үйрету.

ДМ: тез ойлану және тапқырлық қабілеттерін дамыту.

ТМ: жан-жануарларға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

Методикалық әдіс – тәсілдер: көрнекілікпен, ауызша, ойын

Қажетті құралдар: “On the farm”, “At the Zoo” таратпа суреттері, тор және үйшік, үй жануарлары мен аңдар бейнесіндегі ойыншықтар, көктемгі табиғат суреттері, құстың, судың дыбыстары жазылған ұнтаспа.СD диск өлеңмен.

Сөздік жұмысы: ферма, хайуанаттар бағы, үй және жабайы жануарлары.

Полилингвалдық компонент: мысық – кошка -cat, ит – собака -dog, үй қояны –заяц -rabbit, сиыр – корова -cow, ат – лошадь – horse, қоян-заяц-hare, арыстан – лев -lion, маймыл – обезьяна -monkey, қасқыр – волк- wolf, үлкен –большой -big, кішкентай – маленький –little.



Іс - әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың әрекеті


Қызығушылық-

түрткі болу








Педагог балалармен үш тілде амандасады: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Здравствуйте! Good afternoon!

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бізге бүгін қонаққа көп тәрбиеші апайлар келді. Кәне, балалар бұрылып амандасайық! Орнымызға отырып жайғасып бүгінгі тақырыппен танысайық.

  • What season is it now? Балалар жылдың қай мезгілі?

  • Көктемнің қай айы?

  • Дұрыс. Бүгін сәуірдің 15-жұлдызы.

  • Көктемнің келгенін қалай білеміз? (Үнтаспаны қосады).

  • Мынау ненің дауысы?

  • Иә құстың дауысы. Құстарда көктем келгеніне қуанып ән салады. Судың дауысы. Көктемде өзен- көлдер ериді. Тіршілік атаулы тіріліп, аңдар ұйқысынан оянады. Күн жылынады.

Балалар қонақтармен үш тілде амандасады.










  • Көктем мезгілі.


  • Сәуір айы.





  • Құстың дауысы


Ағаштар бұршік атады, адамдар егін егеді, тал отырғызады, құстар жылы жақтан ұшып келеді.

Ұйымдастырылған – ізденушілік






Today we are having travel – lesson. Бүгін біздер саяхаттаймыз. What is it? Мынау не балалар?

Иә балалар, бұл батпырауық. Біз батпырауықты алып саяхатқа шығамыз.

Әуенмен балалар тәрбиешінің артынан ереді. Таспадан “B-I-N-G-O” өлеңі қойылады.

Балалар біздің бірінші аялдамамыз. Міне қызық бұл үйде кім тұрады екен? Қалай білеміз? Little house, little house, who lives in the house?

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Қазір есікті қағып кім бар екенін білеміз.

Үйдің ішінен дауыс естіледі. Жұмбақ айтады.

Өзі жап-жас, мұрты бар,

Ет пен сүтке ұмтылар.

Тастамайды жылы үйде,

Түкті тонын шұп-шұбар.

  • Жұмбақтың шешуін таптыңдарма? Бұл кім?

  • Балалар айтыңдаршы мысық, үй жануары ма әлде жабайы аң ба ?

  • Неге мысық үй жануары деп ойлайсыңдар? Мысық сөзін ағылшынша қалай айтамыз?

  • Дұрыс. Ал енді қандай үй жануарларын білесіңдер?

  • Олай-былай жүгіріп,

Ала мысық ойнамай,

Аша алмаса есікті

Дыбыстайды ол қалай?

  • Балалар мысық қалай дыбыстайды ?

  • Қалған үй жануарлары қалай дыбыстайтынын сұрайды?

Д/о. «Төлін тап.»

Суреттегі үй жануарларының төлдерін орналастыру және атау.



Балалар бәріміз ортаға келіп ойын ойнайық.

Сергіту сәті:

Teddy bear turn around
Teddy bear touch the ground

Teddy bear touch your nose
Teddy bear point your toes

Teddy bear clean your shoes,
Teddy bear, teddy bear go to school. 


Балалар саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз. Батпырауықты қолымызға ұстап әуенмен жүреміз. Таспадан “Old MacDonald had a farm” өлеңі қойылады. Міне, балалар екінші аялдамызға аялдаймыз.

  • Біз қайда келдік?

  • Қараңдаршы, балалар аңдар бағы. Мұнда аңдарды әдемі жабдықталған торларда ағайлар мен апайлар жем-шөп беріп күтіп бағады. Сендер сияқты балабақша мен мектеп оқушылары ата-аналарымен келіп тамашалайды.

  • Қандай аңдарды көріп тұрсыңдар?

  • Қандай жабайы аңдарды білесіңдер?


  • Неліктен оларды жабайы аңдар дейміз?

  • Жарайсыңдар. Сол орман аңдарын біз көріп қызықтасын деп, аңдар бағында әдемі торларда күтіп бапталады. Қараңдаршы осы аңдардың кішкентай балалары торларынан шығып кетіпті. Қане балалар аңдардың балаларын тауып торларына кіргізейік.

  • Осымен саяхатымызды аяқтаймыз. Балабақшамызға қайтамыз.




  • Батпырауық.




Балалар бірге әндетіп барады. Әуен біткенде үйдің қасына келіп тоқтайды.

  • Knock the door! Есікті қағамыз.




Есікті қағып сұрайды:

- Hello, who lives in the little house? Сәлеметсіз бе, мұнда кім тұрады?


  • Мысық.


  • Үй жануары.


  • Үйде тұрады. Cat.

  • Түйе, сиыр, қой, ешкі, жылқы, ит.




Ми-яу, ми-яу.

Ит: АФ-аф,

Сиыр: му-у, му-у,

Түйе: Бө-бө,

Қой: Ма-ма,

  • Сиыр-бұзау,

Ешкі-лақ,

Қой-қозы,

Түйе-бота,

Жылқы-құлын




Балалар бірге сергіту сәті жаттығуын орындайды.





Балалар мұғаліммен бірге ілесіп, жолда өлеңді бірге айтып жүреді.



  • Аңдар бағы.








  • Жабайы аңдар.


  • Қасқыр, арыстан, жолбарыс, аю, түлкі.

  • Орманда тұрады.


  • Түлкі-мыршай,

Аю-қонжық,

Қасқыр-бөлтірік,

Қоян-көжек.




Балалар батпырауықты қолдарына ұстап балабақшаға қайтады. Әуенмен жүреді.

Рефлексивті түзету


Қорытынды:

Балабақшаға келдік. Балалар мына жануарлар бейнесіндегі ойыншықтар араласып кетіпті. Осы ойыншықтарды ретімен орналастырайық.

Балалардан саяхатқа қайда барғандары туралы сұрайды?

  • Онда не көрдіңдер?



  • Неліктен біздер үй жануарлары және жабайы аңдар деп айтамыз.

Жарайсыңдар. Көктем мезгілінде төрт түлік төлдеп біздің ата – әжелеріміз жайлауға шығады. Сүт көбейеді, әжелеріміз құрт, ірімшік, айран жасайды. Сүт тағамдарының денсаулыққа пайдасы көп.

Есік қағылады.

Әже: Балаларға құрт пен бауырсақты алып келеді.

Тәрбиеші балалардан кім келгенін сұрайды.

Әже: Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен сендерге жайлаудан құр келген жоқпын. Сендерге құрт жасап, бауырсақ пісіріп әкелдім.

  • Рахмет әже. Біздің балаларда сізге арнап ән айтып береді. Қане балалар ортаға шығып “B-I-N-G-O” әнін айтайық.

Осымен бүгінгі біздің ұйымдастырылған ашық оқу іс – әрекетіміз аяқталды. аяқталады.

Балалармен үш тілде қоштасады.


Ойыншықтарды екі топқа бөліп қора мен

орманға жинайды.




Үйге, аңдар бағына барғандарын айтады.

Үй жануарлары мен жабайы аңдарды көргендерін айтады.

Үйде, қорада, орманда тұрады.











  • Әже келді.







Балалар әжеге арнап өлеңдерін айтып береді.

Балалар мұғаліммен үш тілде қоштасады.