Просмотр содержимого документа
«Ыбырай Алтынсарин. "Қыпшақ Сейітқұл"»
Сабақтың тақырып: Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейтқұл»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерін толықтыру, қосымша жаңа мәліметтер беру.
2.Дамытушылық: есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамытып,тыңдай білу және оймен бөлісуәрекеттерін ұштастыру,мәтін арқылы сөз қорын байытып,ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ балаларына арнап оқулық жазған ұстаз, ғалым- Ы.Алтынсариннің еңбектеріндегі ғибратқа, өнегеге толы шығармаларын оқи отырып, оқушыларды адамгершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, білімді, , өнерлі болуға баулу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру,мәнерлеп оқу,сұхбаттасу,сұрақ-жауап,
Сабақтың көрнекілігі мен құралдары: Ы.Алтынсариннің портреті,тірек сызбалар, кітап көрмесі.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
I. Сабақтың тақырыбына қызығушылығын туғызу – побуждение.
* Ұжымдық жұмыс: оқушылардың Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру арқылы жаңа мәліметтер беру.
«Инсерт» стратегиясы.
| Білемін | Білдім | Білгім келеді |
| | | |
II. Сабақ тақырыбының мазмұнын ашу – осмысление.
Мәтін бойынша тапсырмалар:
1 топ – Ы.Алтынсарин кім? Ол қайда туған? Оның қандай шығармалары бар? Деген сұраққа «ассоциация» стратегиясы бойынша жауап беріңдер.
2 топ – «Қыпшақ Сейтқұл» мәтінді бөлшектерге бөліп, әр бөлшекке сәйкес 3-4 сұрақтан құрастырыңдар.
3 топ – «Салақтық» әңгімесін мәнерлеп оқып шығу. Не туралы айтылады?
III. Оқушылардың ой-пікірлерін білу – рефлексия
* Бағалау. Сарапшылар тобына сөз беру.
* Үйге тапсырма: «Қыпшақ Сейтқұл», «Салақтық» әңгімелерін оқып келу.