Просмотр содержимого документа
«Задания ориентированные на формирование компетентности по казахскому языку»
Қазақ тілі пәнінен құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырма.

Ақпараттық құзырлық.
Аспект: Бірінші ақпаратты шығару.
1-деңгей.
Тақырыбы: « Жыл мезгілдері »
«Жыл мезгілдері» мәтінін оқып сұрақтарға жауап бер.
1----------------------------------------
2----------------------------------------
3----------------------------------------
4----------------------------------------
« Жыл мезгілдері »
Жылдың төрт мезгілі бар.Олар – көктем, жаз, күз, қыс.
Көктемде қар ериді, күн жылынады. Құстар ұшып келеді. Жазда күн өте ыстық болады. Жазғы каникул басталады. Балалар жаз мезгілін өте жақсы көреді. Күзде ауа райы салқындайды. Жапырақтар сарғаяды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Мектепте оқу басталады. Қыста қар жауады, кейде боран соғады. Қыста жаңа жыл мерекесі болады.
Моделдік жауап.
1-сұрақ.
1. Көктемде қар ериді, ...
2. Жазда ...
3. Күзде ...
4. Қыста ...
2-сұрақ.
1. Қыстағы қар жер ырысы.
2. Өткен бұлттан жаңбыр күтпе.
3. Қыстың көзі қырау.
4. Жаз сайға қонба, Қыс қырға қонба.
Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ,ұлиды. (Боран)
Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел)
Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)
Қыста ғана болады, Ұстасан қолын тоңады. (Қар)
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр)
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды. (Күз)
Қозғалып жүрер жортақ шам,
Барлығымызға ортақ шам. (Күн)
Көктен түседі,
Жер ішеді. (Жаңбыр)
2-деңгей.
Берілген суреттер бойынша шағын әңгіме құрастыру.
Берілетін тақырыптар: « Шуақты көктем».
« Жаз- ең қызықты жыл мезгілі».
« Күз- білім бастауы ».
« Аппақ қыс ».

3-деңгей.
« Жыл мезгілдері » тақырыбына қатысты сызба құрастыру.
| Бірінші сұраққа толық жауап | 5 балл |
| Екінші сұраққа толық жауап | 2 балл |
| Мақал, жұмбақтар бойынша | 3 балл |
| Ең жоғары балл | 10 балл |