| 1.Амандасу, түгелдеу, оқушылар назарын сабаққа аудару, романдағы кейіпкер аттарына байланысты топқа бөлу. 1топ. Ақбілек 2 топ. Мұқаш 3топ. Бекболат Жеке жұмыс: Кім жылдам? ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрап, оқушыларды «Мадақтау дискрипторлары» арқылы бағалау. Ж.Аймауытов өмірі мен шығармашылығын оқып келу. «Ақбілек романы - реалистік роман» оқып, талдап келу. 1. Кейіпкердің ғұмыры түрлі сынақтан өтеді. Сол сынақтан өту кезіндегі кейіпкердің бойында болатын психологиялық өзгерістерді бақылау идеясы. 2. Өмір мен өлімнің күресі немесе тіршілік үшін күрес. 3. Табиғат заңдылықтары мен қоғам заңдылықтарын қатар суреттеу. «Ақбілек» романын ашқан кезде тамаша табиғатымен Алтай тауы қарсы алады (кітаптан үзінді ...) Топтық жұмыс: «Топтастыру» әдісі арқылы Ж.Аймауытов кім және қандай шығарманың авторы екенін анықтау. Берілген тапсырмалар бойынша топпен жұмыс жасап, әр топтан бір-бір оқушы баяндап, бір-бірін бағалайды Бағалау парағы. | Оқушының аты-жөні | Ой шақыру | Мағынаны ажырату | Ой толғаныс | | Қоры тынды | | | Топтастыру | Еркін сөйлеу | Сауаттылық хат | Пікірталас | | | | | | | | | Мағынаны тану: 1. Біз осылай табиғатты тамашалап, мамыражай отырғанымызда ойламаған жерден оқыс оқиға, Ақбілектің әкесі Мамырбайдың аулына кірісіп кеттік. а) Ақбілектің көзінің тартуы нені аңғартады? ә) Шұбап келе жатқан 4 атты кімдер болып шықты? б) Келген салт аттылар бірден Мамырбайдың үйіне келуінен нені аңғардыңдар? 2. Ақбілек шұңқырда жатыр. Ақтар іздеп жүр. Анасының өлімі. Романда кездескен бірнеше қайғылы оқиғалар Ақбілектің көз алдынан өтті. а) Ананың балаға деген махаббаты қандай оқиғамен байланысты көрінеді? ә) Ақбілектің шұңқырда екенін кім білді? б) «Қызын бүркітше бүріп жатқан 2 орысты анасы екпінмен келіп итеріп тастап,балапанын басқан ана құстай баласын бас салды» деген көріністің аяғы немен тынды? в) Қазақтың бас араздығынан кек туатыны қай көрініс арқылы сипатталған? 3. Ақбілек ақтардың қолында. Ақбілекке таласып, жас жігіт мерт болады. Ақбілектің денесі түршігіп кетті. Романда бірінші өлімнің денесі суымай жатып, екінші өлімге кездестік. 4.Қарамұрт офицер 14 жасар Ақбілектің өміріне дақ түсірді. а) Ақбілектің көрген зәбірін, арының аяқ асты болуын қай көріністер арқылы байқаймыз? ә) Ақбілекке екі офицердің таласуы, Қарамұрттың жирен офицерді дуэльде атып өлтіруінің себебі неде? 5.Қарамұрт қоштасарда Ақбілекті атқалы тұр.Ақбілекке өлім қаупі төніп тұр. а) Өлім – суық сөз. Шығармада ол қандай образбен шендестіріледі? ә) Ақбілектің өлімге қарсы әрекеті. б) Оқиға барысында Қарамұрт офицер қай қырынан байқалады? Ақбілектің азаппен өткізген түні. Табиғат көрінісі мен адам әрекетінің, көңіл-күйінің қатар суреттелуі, хикаяның психологиялық саралаумен берілуі. «Ақбілектің жанын жынның ойнағындай ойрандап кеткен озбыр омырау, өксікті күндер орыс мінген аттардың аяғымен бірге алыстап бара жатты. 6. Ақбілек тауда жалғыз. Елестетіп көріңіздерші. Қою қараңғылық. Түн. Су арқырап ағып жатыр. Жел гуілдеп тұр. Жапырақтар тынымсыз сыбдырлауда. Кенет ұлыған қасқырлар даусы естілді. Олар бірте-бірте жақындап, Ақбілекті қоршап алды. Қасқыр ненің белгісі? 7. Ақбілекті озбырлардың, қатыгездердің тобы қоршап алды. Сол топпен Ақбілек жалғыз күресуі керек. Ақбілекті олар талап жеп қоюы мүмкін еді. Егер де Ақбілек кенет аяқ астынан жылт еткен шоқты көрмесе. Жылт еткен шоқ оқиғаны қалай өзгертті? Шоқ ненің рәмізі деп ойлайсыз? 8. Ақбілек жолға шығады. Оған диуана Ескендір кездеседі. Диуана Ескендір Ақбілекке қандай көмек берді? 9. Ақбілекті ағасы ауылға алып бара жатыр. Ақбілек неге мұңаяды? Қуану керек емес пе? Ол неге өз-өзіне ажал тілеп, өлім шақырып келе жатыр? Ақбілектің басындағы «бұлт» енді қоюлана түсті. «. . . . бұрынғы кіршіксіз аппақ кеудесіне енді қара құзғын ұя салып кеткен тәрізді. Осы арам денеммен, арам аузыммен әкемнің иманды жүзіне қалай жақындаймын? Ойбай-ау! Менің күйеуім ше?» деген жолдардағы қазақ қыздарының ар-ожданы туралы не айтасыз? Ақбілектің басына түскен қайғының мәні неде? 10. Ақбілек ауылға барды. Әкесі арасындағы қарым-қатынас. Медеуі – Бекболат, Ұрқия. Әкесінің өзгерісі мен салқындығы арқылы нені аңғартпақ? Автор Ұрқия мен Ақбілектің жасырын сырын қандай мақсатта пайдаланған? 11.Өгей шеше. Өгей шешенің тепкісін қандай суреттер арқылы сипаттаған? 12.Түс көру. 13.Азапты күндер.Жүкті екенін сезу. 14.Әкесінің қуып шығуы. 15.Босану сәті. 16.Қалаға келу. 17.Семей,Омбы,Ақмоладағы оқу. 18.Ақбала – Ақбілек – Балташ. Ақбілектің Ақбаламен махаббаты.Оның сәтсіздікке ұшырау себебі неде? 19. Ақбілек ауылда. Ақбілектің елге оралуы, ағасы мен жеңгесінің қарсы алуы қалай суреттеледі? Ақбілектің Бекболат ауылына соғуы, Бекболаттың пішіні Ақбілек арқылы сипатталуы неліктен? 20. Ақбілектің жеңісі, «тазару,жаңару» кезеңі. Жұптық жұмыс: «Ақбілек» романына талдау жұмысы. Жұптар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды. 1.Қандай оқиға болды? (Тақырыбы,идеясы) 2.Қалай өрбіді? (Сюжеті мен композициясы) 3.Кімдердің басындағы хикая? (Шығармадағы тип,характер) 4.Оқиғаның баяндалуы қалай? (Жазушы тілі,стилі) 5.Оқиға автордың жеке көзқарасы? (Суреткердің дүниетанымы). Жеке жұмыс: «Сәйкестендіру» арқылы кейіпкерлерді табу. Интербелсенді тақтадан көрсетілген дұрыс жауап арқылы өзін-өзі «Басбармақ» арқылы бағалау. | Кейіпкерлер | Жауаптары | |  Ақбілек | таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігіт. Жасы 35-те. Болыстыққа сайланбай қалған. | | Бекболат | құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.Ақбілек содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды.Соған қарамастан өмірге деген құштарлық сезімінен айырмады. | | Мұқаш | қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігіт. Жасы жиырма жетіде. Басында барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстінде орысшалау пенжек, шалбар. Сұр шапан, сар сафиянға қара ала жапқан күміс белбеу, аяғында көнелеу қисық табаны бар. Белбеуіндегі жарғақ далбағайы, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігі, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттегі- оның өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болады. | |  Офицер | Ақбілектің жанашыр жеңгесі. Ақбілектің қалаға келіп, көзін ашуына бірден бір себепкер. Сонымен бірге баласы Ескендірді өсіруіне де көп көмектеседі. | | Ұрқия | Ақбілектің жанын түсінген жігіт. Ақбілектің басынан өткен тағдырға қарамай, оған ғашық болады. Балташтың бұл қасиетін бағалап, Ақбілек оған күйеуге шығады.  | | Балташ | романның басты тұлғасын жәбірлеп, арын аяққа таптаған жиіркенішті жан ғана емес, империялық саясаттың ғасырлар бойы халқымызды билеп, басып-жаншып келген көрінісі ретінде де есте қалады. | Кейінгі оқу. Ж.Аймауытов өмірі мен шығармашылығы және «Ақбілек» романын оқып, талдау. . Қазақ әдебиеті. 11 сынып, Авторы: Р.Бердібай, Р.Нұрғали, Б.Ыбырайым. Алматы «Мектеп» баспасы, 2011. Кейінгі тапсырмы: Романдағы кейіпкерлердің 3-іне мінездеме жазу |