Пән:.жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:. Күні: Сынып:4ә | Мектеп:№13 орта мектеп Мұғалімнің аты-жөні:Кетебаева Г.Э. Қатысқандар саны:26 Қатыспағандар саны:1 |
Сабақ тақырыбы: | Заттар қандай болады? |
Сабақта негізделген оқу мақсаттары | 4.3.1.1 заттың қасиетіне байланысты қолдану аясын анықтау; 4.1.2.1 зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу; 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну |
Сабақтың мақсаты: | Заттардың қандай түрі болатынын білемін; Түрлі үдеріс кезінде заттардың қасиеті өзгеретінін білемін. |
Ойлау деңгейі | Түсіну,білу,қолдану. |
Бағалау критерийі | өсімдікқоректі және жыртқыш жануарлардың айырмашылығын атайды; -өз өлкесіндегі өсімдікқоректі және жыртқыш жануарларды сипаттайды; |
Тілдік мақсаттар Талқылау үшін сұрақтар: | Зат, дене, қатты, жұмсақ, мортсынғыш, иілгіш, борпылдақ, Адам жанды табиғатта кездеспейтін заттарды неден жасайды? Түрлі заттарды жасағанда металдың қандай қасиеттерін пайдаланады? |
Құндылықтарды дарыту | Денсаулық,достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету. |
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі,көркем еңбек, |
Тақырып бойынша алдыңғы білім | Заттардың қасиеті. |
Сабақтың жоспары |
Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы | Бағалау түрлері |
Басы 4 минут 4мин Ортасы 20минут | -Сәлеметсіңдер ме,балалар! Ширату жаттығу.* Мен қазір сөздерді атаймын,егер ол заттың қасиетін білдірсе қол соғасыңдар. Ұшады,қатты,қызыл,ыстық,мөлдір,ақылды,тәтті,қара,жұмсақ,ұзын,қысқа,мұздай,серпімді,мөлдір. Өзектендіру.* Пайдалы қазба түрі | Қасиеті | Қолданылу аясы | тұз | | | бор | | | темір | | | Жаңа сабақ.* - Адам өз қажетіне жарату үшін заттың қандай қасиетін пайдаланады? Сабақтың мақсатын белгілеу. Заттардың қандай түрі болатынын білемін; Түрлі үдеріс кезінде заттардың қасиеті өзгеретінін білемін. | |
| (Т, Қ) Оқушылар ауаның құрамын еске түсіреді, диаграммасын жасайды. Өздері білетін құрамы бірнеше заттан тұратын заттардың атауын жазуды ұсыныңыз. Мұндай заттарды қалай атауға болады? Қоспалар. - Адамдар қоспаны не үшін пайдаланады? - Неліктен темірді таза күйінде емес қорытпа (сплав) ретінде пайдаланады? Суреттер көмегімен заттардың қоспалары туралы әңгімелеу. Қоспалар қандай үдерістер нәтижесінде пайда болады? (балқу,қайнау,еру,араластыру) (Т) Шағын топтарда «Адам күнделікті өмірде қолданатын заттар мен қоспалар» жобасын жасау. * - Олардың қайсысын және қандай мақсатта пайдаланатындарыңды (өзі, туыстарың) көрсету. Осындай бір зат немесе қоспа жайлы әңгіме құрастыру (Т) *Топтарға қайнау, еру, балқу процесі бейнеленген суреттер мен сөздерді (карточкаға жазылған) тарату. Суретпен сөздерді сәйкестендіру. - Қандай процестер бейнеленген? - Олар ненің әсерінен болады? - Барлық заттарды қайнатуға, ерітуге, балқытуға бола ма? -Неліктен? -Заттардың осындай үдеріске түсуін олардың қасиетіне жатқызуға бола ма? Қорытынды: таза зат бір ғана заттан тұрады,ал қоспа-әртүрлі заттардың жиынтығы. | |
8 мин | Тапсырма бойынша саралаудың әдісі. * ҚБ Әртүрлі заттардың жиынтығы- ........................ болады. Кез-келген затқа әсер ету:....................., ......................., ....................... арқылы заттың құрамын,күйін өзгертуге болады. Температура әсерінен заттың қатты күйден сұйық күйге айналу үрдісі ....................... деп аталады. Сұйық заттардың жоғары температурада буға айналуы ........................ деп аталады Бағалау критерий: Қоспа ұғымын біледі Заттың құрамын,күйін өзгертетін үдерістерді анықтайды. | |
Аяқталуы 2 минут | Бағалау: «Қол көтеру» әдісімен. Мақсаттар бойынша жетістіктерді бағалау. Заттардың қандай түрі болатынын білемін; Түрлі үдеріс кезінде заттардың қасиеті өзгеретінін білемін. | |
2мин | Кері байланыс.* «Бір сөйлем» стратегиясы арқылы өз білгендерін қорытындылайды. | Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады |
Үйге тапсырма:жұмыс дәптерінің 43-беті,оқулықтың56-57-беттері. |
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Мен саралауды балаларға жеке тапсырма беру кезеңінде,диалог және қолдау көрсету арқылы,қорытындылау кезінде қолданамын. | Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз, «Миыңның суретін сал» тәсілі арқылы, | Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері Белсенді : «», «Сұрақ қою және талқылау», АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс Денсаулық,достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету |
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? | . |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |