ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ АНВАР ИСМАИЛОВ АТЫНДАҒЫ КӘСІПТІК КОЛЛЕДЖІ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: БАЛАБАҚШАДАҒЫ ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТ ТҮРЛЕРІ ПӘНІ: ТІЛ ДАМЫТУ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ ОҚЫТУШЫ: АЛИЕВА МАКБАЛ БЕКБОСЫНОВНА ҚЫЗМЕТІ: ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ АҚСУ- 2020 Ж
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: 1. Білімділік: студенттердің тіл дамыту әдістемесі пәні бойынша алған білімдерін, театр түрлерін өткізу әдіс-тәсілдерін меңгеру; студенттердің теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде шебер қолдана білуге үйрену. 2. Дамытушылық: студенттердің драматизациялық ойындарды, театр түрлерін өткізу әдіс-тәсілдерін, дағдыларын меңгерту; ойлау, қиялдау, өз еркімен білім алу қабілетін және оқыту процесінде өз еркімен шығармашылық жұмыспен айналысуын дамыту. 3. Тәрбиелік: болашақ мамандығына қызығушылықтарын арттырып, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға, шығармашылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Театрландырылған қойылымдарды қолданудың міндеттері: - театрландырылған қойылымдар арқылы балалардың тілін дамыту; - сөздік қорларын байыту; - ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету; - кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу; - байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету;
Әдіс-тәсілдері: - балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау; - қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау; - қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды дайындау (ширма, атрибуттар, кастюмдар т.б.) - ата-аналармен жұмыс: қойылымдарға ата-аналарды қатыстыру, газеттер, жылжымалы папкалар шығару, қажетті жабдықтар дайындауға көмектесу. Жұмыстың нәтижесі: Жұмысты жүйелі жүргізу негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі: - балалар тілі дамиды; - сөздік қорлары толығады; - байланыстырып сөйлеуге дағдыланады; - дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады; - театр өнеріне деген қызығушылықтары артады.
Театр түрлері: 1. Қуыршақ (ойыншық) театры. 2. Саусақ театры. 3. Көлеңкелі(трафарет) театр. 4.Үстел үсті театры 5.Фланелеграф театры
Қуыршақ(ойыншық) театры Бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакельдер ойнайды. Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтар – марионеткалар қолданылады. Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады. Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалар арқылы келтіріледі, яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады да қолмен қуыршақтарды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігігіндей болады. Бала өзіне костюм, үлкен бетперде киеді және үлкен алақандар киеді, олар тірі қуыршаққа ұқсайды. Өздеріне қуыршақты жасатуға да болады. Оның негізі ретінде үш бұрышты орамалды қолданады. Бір бұрышын қуыршақтың басына, екі бұрыштарын резинка арқылы баланың саусақтарына бекітіледі. Қуыршақтың басына тесмалар қосады, ол қуыршақ пен жүргізушінің мойынына ілінеді. Бұл қуыршақтардың көмегімен балалар ән ,би, ойын көрсету арқылы шығармашылықтарын дамытады. Бұл балалардың өздерін еркін сезінуіне, өз күшіне сене білуге көмектеседі.
Саусақ театры Саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды да үйренеді.
Үстел үсті театры Сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтар театрының бірнеше түрі бар: - әр түрлі биіктіктегі конустан, цилиндрдан, қораптардан жасалған ойыншықтар; -таяқшадан жасалған театр; «киндер- театр»; - магнит театры; «мачалка театр»; -үстел үстіндегі кейіпкерді фетрадан немесе крючокпен тоқуға болады (олар өздерінің формасын ұстау үшін пластмас бутылкаларға кигізіп қойылады); - ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар (дымковски ойыншықтар).
Көлеңкелі(трафарет) театр Жарық өте жақсы түскен экранда адамдардың, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңкелі театрдың қойлымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреуі мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсетеді. Көлеңкелі театрдың сахнасы экран болады. Экранды ағаштан немесе қалың кардоннан жасайды, ою-өрнекпен өрнектейді. Кейіпкерлерді көрсету үшін – оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жұқа кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой өрістерін дамытады.
Фланелеграф театры Суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады
Тапсырма Фланелеграф театрын осы ертегілердің бірін таңдап жасаңыздар