СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жабайы жануарлар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

балаларға жабайы жануарлар туралы түсінік беру. түлкі туралы түсінік беру.

Просмотр содержимого документа
«"Жабайы жануарлар"»

Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 28.11.2018 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Таным

Пән: Құрастыру

Өтпелі тақырып: «Тарихқа саяхат»

Топ: ересек тобы

Тақырып: «Түлкі»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: ертегі мазмұнын түсіне біліп, кейіпкерлердің іс-әрекетінің негізінде адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу

Дамытушылық: Шаршы пішінді қағаздан түлкінің басын жасап үйрету. Қағазды қиғаштап бүктеуге жаттықтыру.

Оқыту: Қолдың бұлшық еттерін,ой-қобілеттерін дамыту.Іскерліктерін

қалыптастыру.

Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы, Әңгімелесу, сұрақ –жауап, СТО технологиясы элементтерін қолдану (топтастыру, кубизм, венн диаграммасы)

Ресурстармен қамтамасыз ету: сиқыршы, АКТ құралдары. Слайд шоу, орман көрінісі, жолбарыс пен түлкі суреттері, үнтаспа, сахналауға арналған қуыршақ театрының аңдары.

Билингвалдық компонент: орман- лес, түлкі- лиса, жолбарыс- тигр, ертегі- сказка

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі: «Шаттық шеңбері»

- Балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын сендерге сәттілік тілеп шаттық шеңберіне шақырамын.

Шаттық шеңбері.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз

Ренжуді білмейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

-Жарайсыңдар, балалар енді орыс және ағылшын тілдерінде амандасайық.

-Балалар сендер сиқыршы әлеміне барғыларың келе ме?

-Ендеше, бәріміз көзімізді жұмып, сазды әуенмен айналайық.

Үнтаспадан: «Ертегілер» әні естіледі.

Таңғажайып сәт: «Сиқырлы айналу» (Сиқыршы пайда болады)

Сиқыршы: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің орманыма қош келдіңдер! Мен сендердің келгендеріңе қуаныштымын, менің орманыммен танысқыларың келе ме?

Негізгі бөлім: - Балалар, қараңдаршы сиқыршының орманында аңдар, әдемі гүлдер, ағаштар өте көп екен, қәне қандай аңдар бар екен атап өтейікші:

Дидактикалық ойын: «Бұл қай жануар.» (кубизм әдісі)

- Балалар бұл жануарлар қандай жануарларға жатады?

- Неліктен жабайы жануарлар дейміз?

Сиқыршы: - Жарайсыңдар балалар, сендер аңдар жайлы көп біледі екенсіңдер. Бұлар жай аңдар емес ертегідегі аңдар. Осы аңдар туралы ертегілерді білесіңдер ме?

Сиқыршы: - Ой, жарайсыңдар балалар сендер көп ертегі біледі екенсіңдер. Мен сендерге өте қызықты ертегі дайындап қойдым, апайларыңа беремін сендерге айтып берсін.

-Балалар ертегінің аты «Айлакер түлкі» мұқият тыңдайық.

(Аудиотаспа арқылы ертегіні тыңдату, саусақ театры арқылы сахналау)

Балалардың ертегіні қалай түсінгендерін мына сұрақтар арқылы пысықтаймын.

Сұрақ жауап:

-Ертегі сендерге ұнады ма?

-Ертегі не туралы екен?

-Ормандағы аңдарға не қожалық етті?

-Ормандағы аңдарға не қожалық ету керек еді?

-Міне, балалар, түлкі айласын асырып ормандағы аңдарға қожалық ететін болды.

Топтастыру: Түлкі- Қызғылт түсті, қу, айласы мол аң, орманда өмір сүреді.

Жолбарыс - батыл, күшті аңқау аң, орманда өмір сүреді.

Сиқыршы: -Балалар сендерге ертегі қатты ұнаған сияқты ғой солай ма?

-Ал кәне балалар, сиқыршымен бірге бойымызды сергітіп алайық.

Экран арқылы сергіту сәтін жасау.

-Сиқыршы сіздің орманыңыз өте әдемі екен, бізге қатты ұнады бірақ біздің топқа оралуымыз керек.

Сиқыршы: Жақсы балалар, мынау менің орманымнан естелік болсын (қорапша береді)

- Рахмет сиқыршы, ал енді біз тобымызға оралайық. Сау болыңыздар. (Сазды әуенмен көзді жұмып айналу)

-Ой, балалар, біз тобымызға оралдық, ал енді сиқыршының берген қорапшасын ашып көрейік, ішінде не бар екен.

Бұл қорапшада бізге тапсырмалар бар екен орындап көрейік.

-Балалар екі топқа бөліне қояйық.

1-ші топ: «Таным» білім беру саласы бойынша түрлі-түсті қатты қағаздардан түлкі, жолбарысты құрастыру.

2-ші топ: «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша орман бейнесін жасау.

Билингвальді компанент: Орман- лес, түлкі- лиса, жолбарыс- тигр, ертегі- сказка.

Қорытынды: - Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қайда бардық?

- Сиқыршы бізге қандай ертегі дайындап қойған екен?

-Ертегі сендерге ұнады ма?

Венн диограммасы:

Айырмашылығы

Жолбарыс Түлкі

Аңқау Қу

Батыр Ақылды

Күшті Айлакер

Сенгіш Батыл.

Ұқсастығы:

Шұбар ала Қызғылт түсті

түсті аң. аң.

Орманда тұрады, Орманда тұрады,

терісі пайдалы. терісі пайдалы.

Балалар сіздер бүгінгі оқу іс -әрекетіне өте жақсы қатысқандарың үшін сіздерге бестік бағасының орнына жұлдызша беремін .

Балаларды мадақтап оқу іс-әрекетін аяқтау