Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.
Пән/Предмет: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Жабайы жануарлар әлемі»
Тақырыбы/Тема: «Жабайы жануарлар»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға, табиғатты аялай білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Әрбір аңның және баласының атын дұрыс атауға жаттықтыру. олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.
3.Оқыту – обучающая: Жабайы аңдар тіршілігі туралы түсінік беру. Жабайы аңдарды бір-біріне ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: ақпараттық – коммуникативтік технология, денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, зерттеу қызметінің технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: интербелсенді тақта, суреттер, карточкалар.
Көптілділік/Полиязичие: жабайы жануарлар – дикие животные - wild animals, аю-медведь - bear, қоян-заяц - hare, түлкі-лиса - Fox, қасқыр-волк – wolf, тиін – белка - squirrel, арыстан – лев – lion.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Балалар сендер қандай жабайы жануарларды білесіңдер?
Оларды неге жабайы жануарлар деп атайды?
-Өйткені олар орманда өмір сүреді, тамақтарын өздері тауып жейді, өздеріне тұратын үй іздейді.
Өте жақсы балалар сендер жақсы жауап бердіңдер!
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Слайдпен жұмыс:
1 - тапсырма: «Жабайы аңдарды сипаттау»
1. Аю - жыртқыш аң, бірақ ешкімге тиіспейді. Аюдың екі түрі болады ақ және сұр. Ақ аю суда, салқын жерлерде мекендейді. Сұр аю орманда мекендейді. Жазда жеміс - жидек тереді. Аюлар күзде май жинайды, ал қыс бойы апанда, алақанын сорып ұйықтайды. Аюлар тоңғандықтан емес, жейтін қорегі таусылғаннан кейін ұйықтайды. Орманда мекендейді.
- Аю туралы қандай ертегі білесің?
2. Түлкі - ақылды, жыртқыш аң. Түлкінің терісі бағалы. Терісінен тымақ тігеді. Оны «түлкітымақ» дейді. Түлкі қыста ұйықтамайды. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал. Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан ақ иісінен сезеді. Ол жүрген ізін құйрығымен сүртіп кетіп отырады. ол кез келген қиыншылықтың бәрінен аман есен құтыла алады. Сондықтан түлкіні қу дейміз. Түлкі інде тұрады. орманда мекендейді.
Жеке жұмыс: Амирхан түлкі қандай ертегілерде кездеседі?
3. Тиін орманда тіршілік ететін кішкентай ғана жануар. Ол ағаш қуысында тұрады, жаз бойы қуысына жаңғақтар, саңырауқұлақтар жинайды, қыс болғанда жинаған азығымен қоректенеді. Тиіннің балаларын тиін деп атайды. Тиынның отызға дейін ұясы болуы мүмкін, әр ұяға ол жаңғақ, саңырауқұлақ шыршаның бүршіктерін жинайды. тиін қыста ұйықтамайды.
4. Қоян - қорқақ аң, орманда мекендейді. Қояндардың жауы көп. Сондықтанда қояндар күзде түлейді сұр жүні түсіп орнына ақ жүндер өседі себебі, қыста жылы аппақ үлпілдек тон киеді. Сол жылы тонының арқасында суыққа тоңбайды. Оларды қыста ақ қардан ажырату қиын - ақ. Қояндар өздеріне үйшік дайындамайды, қысқа азық жинамайды.
Қоян ағаштардың қуысында қыстайды.
- Қоян нені жақсы көреді?
5. Арыстан - үлкен, мықты, әдемі үлпілдек жүні бар. Оның тістері және тұяқтары өткір. Ол жылдам жүгіреді. Арыстанның басы денесіне қарағанда үлкен. Арыстан көздеген жемтігін құрығына түсіріп, қанжығасы майланғанда ақырып, айбат шегетін жалғыз аң сондықтан оны аң патшасы дейміз. Арыстан ыстық елде мекендейді.
- Арыстанды ертегілерде не деп атайды?
6. Қасқыр - жыртқыш аң. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал. Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан ақ иісінен сезеді. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Олар қыста ұйықтамайды. Орманда қасқыр үңгірде мекендейді.
2 - тапсырма: «Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймаймыз»
1. Тұмсығы ұзын аң?- піл
2. Баласын қалтасына салып жүретін аң?- кенгуру
3. Арадан қорқатын аң?- аю
4. Ең ұзын мойын...(керік)
5. Ыстық елде мекендейтін аң?- арыстан
6. Мысыққа ұқсайтын аң...(жолбарыс)
7. Сүйкімді аң не? (тиін)
- Балалар, орманда тіршілік етіп, өз қорегін тауып жейтін жануарларды «жабайы аңдар» дейміз. Олардың жүндері қалың болғандықтан қыста тоңбайды
Сергіту сәті. «Аңдар қалай қозғалады?»
Сергіту сәті арқылы орындау
Біз орманға барамыз
Жан-жағымызға қараймыз
Аю шықты қорбандап
Қасқыр шықты ырылдап
Түлкі шықты майысып
Қоян шықты секіріп
Қорықпандар балалар
Жаң-жағымызға қарайық
Жарайсындар балалар!
3 - тапсырма: «Балаларын ата және сәйкестендір»
- Балалар, енді жабайы аңдардың баласын атаңдар.
1. Қасқырдың баласы -/бөлтірік/
2. Аюдың баласы -/қонжық/
3. Түлкінің баласы -/мыршай/
4. Қоянның баласы -/көжек/
5. Арыстанның баласы -/абдан/
6. Жолбарысты баласы -/шөнжік/
7. Тиіннің баласы -/тиін/
8. Кірпінің баласы/ кірпі/
Көптілділік: жабайы жануарлар – дикие животные - wild animals, аю-медведь - bear, қоян-заяц - hare, түлкі-лиса - Fox, қасқыр-волк – wolf, тиін – белка - squirrel, арыстан – лев – lion.
Дидактикалық ойын: «Көлеңкесін тап»
3.Қорытынды/итоговая часть:
Балалар неліктен жабайы аңдар деп атаймыз?
Жабайы аңдардың балаларын кім атап береді?
Балаларды мадақтау.