СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жай және құрама сандар

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жай және құрама сандар.

Жай және құрама сандарды егер сөзін қолданып түсіндіре біледі .

Пәнге тән лексика мен терминология: жай сандар, құрама сандар, егіз сандар, Эратосфен елегі

Диалог пен жазу үшің пайдалы сөздер мен тіркестер:

1. Жай сандар дегеніміз не?

2. Құрама сандар дегеніміз не?

3. Егіз сандар дегеніміз не?

Просмотр содержимого документа
«Жай және құрама сандар»

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі

Мектеп: Жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп-балабақша кешені



Мұғалімнің аты-жөні: Атанбай Айдана Сәрсенғалиқызы

Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы

Жай және құрама сандар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.6 Жай және құрама сандардың анықтамаларын білу;

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар: Жай және құрама сандардың анықтамаларын біледі.

Оқушылардың басым көпшілігі: Жай және құрама сандарды ажырата және есептер шығаруда қолдана біледі.

Кейбір оқушылар: Жай және құрама сандарға берілген мәтін есептерді шығара біледі.

Бағалау критерийі


1. Жай сандар мен құрама сандардың анықтамаларын біледі.

2. Жай сандар мен құрама сандарды ажырата біледі.

3. Мәтінді есептерді шығара біледі.

Тілдік мақсаттар


Жай және құрама сандарды егер сөзін қолданып түсіндіре біледі .

Пәнге тән лексика мен терминология: жай сандар, құрама сандар, егіз сандар, Эратосфен елегі

Диалог пен жазу үшің пайдалы сөздер мен тіркестер:

1. Жай сандар дегеніміз не?

2. Құрама сандар дегеніміз не?

3. Егіз сандар дегеніміз не?

Құндылықтарға баулу


Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы: шығармашылық және сыни тұрғысынан ойлау, қарым – қатынас жасау қабілеті, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау, жауапкершілік.

Пəнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, тарих

Алдыңғы білім


Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табуды біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарлған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

1)Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

2)Топқа бөлу

2; 5; сандарының еселіктерін табу арқылы 3 топқа бөлу.

I топ. 2 санының еселіктері 2;4;6;8.

II топ. 5 санының еселіктері 5;15;25;35.

.


Үлестірме қағаздар

Сабақтың ортасы

5 минут





















4 минут




























16 минут




























































2 минут













Жаңа сабақ: Жай және құрама сандар

Натурал сандар




1 саны

Жай сандар

Құрама сандар




бiр ғана бөлгiшi бар, ол сол санның өзi – 1 саны. 1 саны жай сандарға да, құрама сандарға да жатпайды.


Екiден көп бөлгiштерi бар натурал сандар құрама сандар деп аталады. 4, 6, 8, 9, 10, ... сандары.

1-ге және өзiне ғана бөлiнетiн натурал сандарды жай сан-дар деп атайды. 2, 3, 5, 7, 11, ... сандары.

















Айырмасы 2-ге тең екi жай санды егiз

сандар деп атайды.Мысалы, 5 пен 7; 11мен 13; 17 мен 19 – егiз сандар.

Эратосфен елегi

Эратосфен б.э.д III ғасырда өмір сүрген Александриялық ғалым. Ол жан-жақты адам болған, сандар теориясымен айналысып, жұлдыздарды зерттеген, бірақ ғылымда оның есімі, жай сандарды табу тәсілімен байланысты, ол тәсілді “Эратосфен елегі” деп атайды.

Тапсырма. 1 ден 150-ге дейін сандар кестесі жазылған үлестірме қағаздар беріледі. Оқушылар одан

1) 1-ді және 2 санынан басқа 2-ге еселік сандарды сызамыз;

2) Қалған сандардан 3санынан басқа 3-ке еселік сандарды сызамыз;

3) 5 санынан басқа 5-ке еселік сандарды сызамыз;

4) 7 санынан басқа 7-ге еселік сандарды сызамыз;

5) 11 санынан басқа 11-ге еселік сандарды сызамыз;

Осылайша жалғастырамыз.

Қалған сандар жай сандар болады.

Біз Эратосфен елегі тәсілін қолдандық, оның мәнісі 2,3,5,7,11 т.с.с жай

сандарға еселік болатын сандарды біртіндеп сызу.


Деңгейлік тапсырмалар:

А

191. 1, 3, 6, 7, 9, 15, 23, 28 және 37 сандарынан:

1) бір ғана бөлгіші бар сандарды;

2) екі ғана бөлгіші бар сандарды;

3) екіден көп бөлгіші бар сандарды теріп жазыңдар. (топтық жұмыс)

«Жүйелік органайзер (циклдік диаграммалар жеке цикл итерациясын – дəл сол рет бойынша қайталанатын оқиғалар қатарын көрсетеді)».

Натурал сандар




бір ғана бөлгіші бар сандар

екі ғана бөлгіші бар сандар

екіден көп бөлгіші бар сандар












192. Жай сандар кестесін пайдаланып:

1) 66, 97, 128, 139, 201, 311, 450, 502, 503, 641, 864, 879, 991 сандарынан жай сандарды бір жолға, құрама сандарды екінші жолға жазыңдар.

2) 1-ден 50-ге дейінгі егіз сандарды жазыңдар. (жеке жұмыс)

B

193. Мына сандарды:

1) екi жай санның қосындысы түрiнде жазыңдар: 10; 12; 18; 24; 30; 42; 68;

2) екi жай санның көбейтiндiсi түрiнде жазыңдар: 22; 35; 77; 65; 69; 95. (жеке жұмыс)

194. Дүниежүзiндегi екiншi ұстаз, қазақтың ежелгi ғалымы Әбу Наср әл-Фараби Отырарда (Оңтүстiк Қазақстан облысы) дүниеге келiп, 870–950 жылдар аралығында өмiр сүрген. Осы жылдарды көрсететiн сандар аралығында неше жай сан бар? (жұптық жұмыс)

«Эратосфен елегiн қолдану»

C

199. Гүл сатушы 68 гүл әкелді. Ол кейбіреулерінде 5 гүлден және

кейбіреулерінде 3 гүлден, барлығы

18 гүлшоғын даярлады. Гүл сатушы әрқайсысында 5 гүлден неше гүлшоғын даярлады? Әрқайсысында 3 гүлден неше гүлшоғын даярлады? (кейбір оқушылар)


Бағдаршам тәсілі

Бағдаршам –

оқушылардың өздерінің қаншалықты түсінгенін көрсетудің жылдам тəсілі. Оқушыларға қызыл, сары жəне жасыл түсті карточкалар беріледі. Оқушылар:

- толықтай түсінсе, сенімді болса жасыл түсті;

- түсінуге жақын болса, аздап білсе сары түсті;

- түсінбесе, сенімді болмаса қызыл түсті көрсетеді.

Оқулық (Екі бөлімді/ Т.Алдамұратова, Қ. Байшоланова, Е. Байшоланов. – Алматы: Атамұра, 2017).


















Үлестірме қағаздар, слайд

Сабақтың соңы

7 минут










































3 минут

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы беріледі.


1- тапсырма

Дұрыс тұжырымдарды көрсетіңіз.




  1. жай санның екі ғана бөлгіші бар



  1. жай сандар шексіз көп



  1. 1 саны – жай сан



  1. құрама санның екіден артық бөлгіші бар



  1. барлық тақ сандар - жай сандар



  1. барлық жұп сандар – құрама сандар



  1. жай сандардың көбейтіндісі - жай сан



  1. жай саннан кейінгі сан – құрама сан






Дескриптор:

  1. жай сандардың анықтамасына сәйкес дұрыс тұжырымдарды анықтайды;

  2. құрама сандардың анықтамасына сәйкес дұрыс тұжырымдарды анықтайды.


2- тапсырма

Мына сандардың ішінен 1; 2; 5; 18; 29; 42; 59; 64; 104:

1) жай сандарды теріп жазыңыз;

2) құрама сандарды теріп жазыңыз.

Дескриптор:

1) берілген сандардың ішінен жай сандарды жазады;

  1. берілген сандардың ішінен құрама

сандарды жазады.


3- тапсырма

1, 3, 5, 7 цифрларының әрқайсысын бір рет қана пайдаланып, екі таңбалы сандарды жазыңдар.

Осы сандардың:

1) қайсысы жай сан?

2) қайсысы құрама сан?

Дескриптор:

1) берілген цифрлардан екі таңбалы сандарды жазады;

2)Жай және құрама сандарды ажыратып жазады.


Кері байланыс.


Рефлексия

Көңіл – күй мен эмоциялық жағдайды анықтау.


Тамаша Жақсы Көңілсіз