Тақырыбы: «Жайдары күз, жарқын күз!».
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшелектері жайлы түсініктерін қалыптастыру. Өлең айту, тақпақ
айту, би билеу арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту. Мерекелік
көңіл-күй сыйлау.
Зал мерекеге сай безендірілген. Балалар әуен ырғағымен залға билеп кіреді.
Жүргізуші: Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз – ырыс, береке ала келді.
Құрметті ата-аналар, әріптестер мен балдырған балалар! Бүгінгі №9 «Мереке» ересектер тобының «Жайдары күз, жарқын күз!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Әсем әуен салдырған,
Бүлдіршін де алғыр жан.
Бал дәуреннің қызығын,
Есте қалдыр балдырған – деп, ертеңгілігімізді «Жарқын күз» әнімен ашайық.
Ән: «Жарқын күз».
Нұршат: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Ирада: Қара бұлт қабағын түйеді,
Бұталар боз қырау киеді.
Осы ма, осы ма күз деген,
Бақшаға баратын бізбенен.
Диас: Қоңыр салқын тарады,
Қойнаулар мен сайлардан.
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.
Шаһалихан: Кезескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілген.
Ай жапырақ-сары алтын,
Айналаның бәрі алтын.
Ибраһим: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Нұрбек: О, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма едім жатып ап!
Жүргізуші: Ал, енді балалар, ортаға Күз ханшайымын шақырайық.
Балалар: Алтын күз, Алтын күз! – деп шақырады.
Жүргізуші: Қош келдіңіз, Күз ханшайымы! Біздің қонағымыз болыңыз.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәләматсыз ба, Күз ханшайымы!
Күн ханшайымы: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын.
Ия, балалар. Мен сендердің мерекелік ертеңгіліктеріңді тамашалауға келдім.
Мен құр келген жоқпын. Өзіммен бірге күздің сыйын ала келдім. Ол сыйды
бермес бұрын сендермен қызықты ойын ойнағым келіп тұр. Ойын ойнаймз ба?
Балалар: Иә.
Күз ханшайымы: Алдымен мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе - сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз ханшайымы: Дұрыс, жауабы жапырақ. Сендер жапырақтарды ажырата аласыңдар ма,
балалар?
Балалар: Иә.
Күз ханшайымы: Иә, әрбір өсімдіктің жапырақтары әртүрлі болады. Пішіндері бір-біріне
ұқсамайды. Олай болса ойынды бастайық.
Ойын: «Жұбыңды тап!».
Шарты: ортаға 10-12 бала шығады. Әр баланың қолында әртүрлі пішінді жапырақ болады.
Музыка ойнайды, балалар шеңбер бойын айналып жүреді. Музыка тоқтаған кезде
балалар жұбын тауып, қолын жоғары көтереді.
Күз ханшайымы: Өте жақсы, балалар! Шартын түсініп, ойын жақсы қатыса білдіңдер.
Жүргізуші: Тамаша, әрі қарай ертеңгілігімізді тақпақтармен жалғастырайық.
Арыстан: Жер береді жемісті,
Күз келді келісті.
Күз – байлық, береке,
Алтын күз – мереке.
Даяна: Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күздң тойлаймыз.
Алмас: Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім, сыйыңды.
Сезім: Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Мәлік: Өнім үйіп тастадық,
Оқуды да бастадық.
Берекелі алтын күз,
Ашық болсын аспаның.
Көркемай: Гүл жайнаған даланың,
Жапырағы солыпты.
Таңырқадым, қарадым,
Танымастай болыпты.
Жүргізуші: Өте жақсы, жарайсыңдар, балалар. Әрі қарай кезекті биге берейік.
Би: «Қолшатыр».
Инабат: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Тілек: Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам,
Дариядай шалқар күз.
Мадина: Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді.
Аспанда жай шатырлап
Тамшы жерге секірді.
Санжар: Миновало лето,
Осень наступило
На полях и в рощах,
Пусто и уныло.
Амина: Вот на ветке лист кленовый,
Нынче он совсем как новый!
Весь румяный, золотой,
Ты куда, листок? Постой!
Ерасыл: Ел егінді жинайды,
Қырманға дән сыймайды.
Біздің дала – бай дала,
Алтын астық айнала.
Жүргізуші: Көрсін сендей балғынды,
Көңілденіп жүздері.
Шырқатайық өлеңді,
Шырқатайық ән жырды – деп, кезекті әнмен жалғастырайық. Тәрбиленушіміз
Оразбек Санжардың орындауындағы «Осень, осень...» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Осень, осень...».
Ойын: «Егін егіп, жинап ал!»
Құралдар: 6 обруч, 2 шелек, 2 картоп, сәбіз, жуа, 2 су құйғыш.
Қатысушылар: 2 топта 4 баладан.
1-ші ойыншы «жер жыртады» (обручты жерге қояды).
2-ші ойыншы «сәбіз, жуа, картопты егеді» (обручтың ортасына қояды).
3-ші ойыншы «егінді суарады» (обручтарды су құйғышпен айналып шығады).
4-ші ойыншы «егінді жинайды» (картоп, сәбіз, жуаны шелекке салады).
Жылдам жинаған топ жеңімпаз болады.
Жүргізуші: Өте жақсы, балалар, ойын қызықты өткен сияқты. Әрі қарай тақпақтарды ретімен жалғастырайық.
Мадияр: Алқаптан бидайды,
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатамын күзді мен.
Ернар: Күздің салқын самалы,
Аймалайды маңайды.
Алып қашып барады,
Жапырақты сарғайған.
Асқар: Алтын нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгілді.
Біздің өмір таң шуақ,
Біздің өмір көңілді.
Асылзада: Сау-сау етіп жапырақ,
Сабағынан үзілді.
Қоңыр тартып атырап,
Көкке құстар тізілді.
Кәусар: Ән салыңдар, күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би билейік, ойнайық.
Алтай: Ақтарды мырза күз,
Уылжыған жемісті.
Күзге бізде ризамыз,
Аянбаған ел үшін.
Жүргізуші: Енді бишілер өнерін тамашалайық.
Би: «Стиляги».
Күз ханшайымы: Сәлем өрең достарым,
Алақанды тос бәрің.
Қымбатты сый алыңдар,
Қызығына қоныңдар.
Міне мынау менің сендерге әкелген сыйым. Мен туралы айтқан тақпақтарың мен әндеріңді
тыңдап, билеріңді тамашалап көңлім көтерілді. Рахмет сендерге, келесі кездескенше
сау болыңдар!
Балалар: Рахмет сізге Күз ханшайымы. Сау болыңыз!
Жүргізуші: Балалардың орындауындағы әнмен ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Ән: «Күз келді».
Жүргізуші: «Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып».
Құрметті ата-аналар, ұжымдастар, балдырған балалар! Осымен №9 «Мереке»
ересектер тобының «Жайдары күз, жарқын күз!» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!