СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жақсылық – жан шуағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың адалдық, шындық  туралы түсініктерін кеңейту

Просмотр содержимого документа
«Жақсылық – жан шуағы»

Сабақ жоспары


Күні: Пәні: Өзін-өзі тану. Топ _____ Сабақ реті ___


Тақырыбы: Жақсылық – жан шуағы

Мақсаты: Оқушылардың адалдық, шындық туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

1. Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру

2. Адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету

3. Адал шыншыл болуға тәрбиелеу

Әдіс-тәсілі: әңгіме сабақ .

Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер жазылған плакат, жүрекшенің үлгісі, гүл

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру:

-Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып тексеріп шығу.

Жаңа сабақ:

Шаттық шеңбері:

Мұғалім оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен көңіл күйлерін көтеру және оларға сабақтың мақсат-міндеттерін ұғындыру мақсатында С.Сейітовтің «шындық шырайы» өлеңін бірге оқып түсіндіру.


Ғажайып

Сөзі мен әні . А.Қырықбаевтікі


1. Мен өмір жайлы көп толғанам,

Мен өткен күндерге көз салам.

Бұл өмірдің ағынын-ай,

Дәл ойдағыдай болмаған.


Қайырмасы


Өмір-өзен – тағдыр, ғажайып,

Сыры терең, тағдыр,ғажайып

Теңіз болып,

Тасқындай толқисың.

Өмір-өзен – тағдыр, армысың,

Сыры терең,

Тағдыр, ормансың,

Аққу болып биікте қалқисың.


2. Жыл, жылдар өтіп барады,

Жас, жасыма жас қосылады.

Тек көңілім бала кездей

Нұр, нұр сәуледей жанады.





Өмір дүние дегенің

Ағып жатқан су екен,

Жақсы-жаман көргенің

Ойлай берсең, у екен.

Абай


Өмір деген – көк мұхиттың толқыны,

Бір – бірімен жатқан шулап жалғасып,

Бір – бірімен жатқан тулап арбасып,

О,толқындар, арпалысып, алға шық!

Т.Айбергенов


Қалай тұрар бұл көзден мұң көрінбей –

Ғұмыр қысқа көктемнің гүлдеріндей.

Қ. Мырза Әлі


Жаңа ақпарат: Қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады. Ұлы ойшыл Шәкәрім Құдайберді атамыз:

Дүние қу,

Бір ағын су,

Түстік онда көп болып.


Күнде ағамыз,

Санадаламыз

Бейнетіміз көп болып.

Кейде тасқа,

Кейде ағашқа,

Соқтығамыз дөп келіп, - дейді.


Нақыл сөз:

Жеңген адам мін-мінезін өзінің,

Танытады өз қайратын, өз үнін.

Ж. Молдағалиев


    • Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер ?

Шығармашылық жұмыс.

Орыстың ұлы педагогі В.А.Сухомлинскийдің «Ұлыма хат» атты еңбегінен алынған үзінді басшылыққа ала отырып, «Менің бір күнім» тақырыбында эссе жазыңдар.

«Ертең - өмірдің аса қауіпті жауы. Бүгін істелетін істі тіпті оның кішкене бір бөлшегін де ертеңге қалдырма. Ісім оңға бассын десең, ертең істелетін істі бүгін бастап қоюға әдеттен. Бұл – ертеңгі күніңе ерекше дем беруші, құштарлығыңды арттырушы күш».

  • Өмір, өмір сүру туралы алғаш рет қашан ойландыңыз ?

  • Адам өзінің күнделікті іс - әрекетіне есеп беруі керек пе ?

  • Өз өміріңізді өзгерткіңіз келе ме, ол үшін не істер едіңіз ?

  • Адам өмірінің мәні уақыт өткен соң өзгеруі мүмкін бе, ол неге байланысты деп ойлайсыз ?

Жүректен – жүрекке.

Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін «Аман болсын, адамдар» өлеңімен жалғастырып, мұғалім сабақты аяқтайды.



Үйге тапсырма: Өзін - өзі тану . 3 – 4 сабақ. Бет: 13



Пайдаланылған әдебиеттер: Өзін - өзі тану. Оқулық 11 кл. Әдістемелік құрал. Алматы 2011