СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жандандырылған графика

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

1. Компьютермен жұмыс істегенде қандай ережелерді міндетті түрде сақтау керек?

А) Біріктіру сымдарының ажыратқыштарын ұстау

В) Компьютерді Power  батырмасын басу арқылы өшіру

С) Пернелерді ақырын басу

D) Компьютерде кір және су қолдармен жұмыс істемеу

2. Компьютермен жұмыс істегенде көзге шамадан тыс күш түсірмеу үшін не істеу керек?

А)Көзге арналған гимнастиканы әрбір 10-15 минут сайын жасап отыру

В)Төрт сағаттан артық үздіксіз жұмыс істемеу

С)Қолға арналған гимнастиканы әрбір 2 сағат сайын жасау

D) Арасында мониторды өшіріп отыру

3. Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеу керек?

А)Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіру

В)Компьютерді ажырату батырмасын басу

С)Тұрып, кабинеттен шығу

D) Бөлмені ылғалдап сүртіп шығу және желдету

4. Адам ең көп ақпаратты ненің көмегімен алады?

А) Сезу және көрудің

В) Иіскеу мен естудің

С) Есту мен көрудің

D) Көру және дәмін тату арқылы

5. Ақпараттты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды?

А)Қағазды

В)Дискіні

С)Тасты

D) Суды

6. Адам үшін ұялы телефон – ол:

А)Ақпарат көзі

В)Ақпарат қабылдаушы

С)Ақпаратты өңдеу құралы

D) Байланыс құралы

7. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:

А)Бит

В)Байт

С)1

D) Әріп

8. Бір байт – ол:

А)10 бит

В)16 бит

С)8 бит

D) 4 бит

9. 1 Кбайт – ол:              

А)100 бит

В)1000 байт

С)1024 байт

D) 1500 байт

10. 1 Мбайт – ол:

А)100 Кбайт

В)1000 байт

С)1024 Кбайт

D) 1500 Гбайт

11. Мәтін тергенде сөздердің арасында қандай пернені басады?

А)Бос орын (пробел)

В)Alt

С)Tab

D) Ctrl

12.  Enter пернесі не үшін керек?

А)Енгізу

В)Курсорды жылжыту

С)Қосымша цифрлық пернетақтаны алмастыру

D) Бас әріптер режимін алмастыру

13. Графикалық ақпаратты (суреттер, сызбалар және т.б.) қағаздан компьютерге енгізу құралы:

А)Сканер

В)Принтер

С)Монитор

D) Пернетақта

14. Төменде көрсетілгендердің қайсысы компьютердің шығару құрылғысы?                                              

А)Сканер

В)Пернетақта

С)Тышқан

D) Принтер

15. Дыбыстық ақпаратты шығару үшін не қажет?

А)Монитор

В)Колонкалар

С)Сканер

D) Микрофон

16. Артығын көрсетіңдер:

А)Сканер

В)Тышқан

С)Пернетақта

D) Процессор

17. Операциялық жүйелер қандай программалық өнімдердің құрамына кіреді?

А) Қолданбалы программалық жабдықтаманың

В) Жүйелік программалық жабдықтаманың

С) Дерек қорларын басқару жүйесінің

D) Программалау жүйелерінің

 

-

18.         Мына батырма – қандай қызмет атқарады?

А) Программамен жұмысты аяқтайды

В) Терезенің мөлшерін азайтады

С) Терезені толық экранға жаяды

D)  Терезені жиырады

19. Мына батырма □ қандай қызмет атқарады?

А) Программамен жұмысты аяқтайды

В) Терезенің мөлшерін азайтады

С) Терезені толық экранға жаяды

D)  Терезені жиырады

20. Мына батырма х қандай қызмет атқарады?                       

А) Программамен жұмысты аяқтайды

В) Терезенің мөлшерін азайтады

С) Терезені толық экранға жаяды

D)  Терезені жиырады

Просмотр содержимого документа
«Жандандырылған графика»

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

V тарау. Талқылау және Программалау.

Мектеп: ЖООБМ №11

Пәні:Информатика

Күні: 13.02.18 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Қасенова Әдемі

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Жандандырылған графика

Сабақ негізделген оқу мақсаты

5.3.2.2 Алгоритмді сөз түріне ұсыну.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:


  • Программа, Программалау тілі туралы біледі.

Scratch бағдарламасымен танысады.


Оқушылардың басым бөлігі:


  • Программалау тілдерін, Scratch бағдарламасын жалпы қай салада қолдану түрлерін біледі.


Кейбір оқушылар:


  • Программалау ортасының терезе элементтерің қызметін үйренеді және Scratch бағдарламасымен жұмыс жасай алады.

Бағалау критерийі

  1. Scratch бағдарламасымен жұмыс жасай алады.

  2. Лего кострукторы мен программа блоктарының түрлерін ажыратады.

Тілдік мақсат

Термин сөздер: Программа, программалау тілі, Лего конструкторы, Scratch программалау ортасы.

Құндылықтарға баулу

Тәжірибелік жұмыста шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды, оқушыларды жинақтылық, ұқыптылық, шыншылдық, сыпайылық, сыйластық, батылдық, әділдік қасиеттерін дамыту.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі, геометрия, математика, қазақ тілі.

Алдыңғы білім

IV тарау. Біздің өміріміздегі алгоритм.

Лабиринт виртуалды лабиринт.


Сабақтың өтілу барысы:

Сабақтың

жоспарлаған

кезеңдері

Жоспарлаған жаттығулар (төмендегі

жоспарланған жаттығулармен қатар

ескертпелерді жазыңыз)



Ресурстар


Сабақтың басы

3 минут


І.Ұйымдастырукезеңі.

а) оқушылармен сәлемдесу;

ә) сыныпқа жағымды ахуал туғызу;

б) оқушыларды түгендеу;

«Кездесу» ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама – қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір - біріне қарап, баланың қасиетін айтады.

Мақсаты:

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару.


II. Үй тапсырмасын тексеру.

"Бізден сұрақ-сізден жауап" әдісі.

Оқулықтан үйге берілген параграфтан түсінік айту. Осындай белгідегі сұрақты таңдаған оқушы алдыңғы оқушының келген жерінен тақырыпты жалғастырып айту керек.

Менің дайындап қойған сұрақтарыма жауап беру керек.

Компьютердің қойған сұрағына жауап беру қажет.


  • Алгоритм деген не?

  • Сөздік алгоритм деген не?

  • «Алгоритм» атауы қайдан шыққан?

  • Алгоритмнің әрбір қадамы толық аяқталған қадамдардан тұруы тиіс. Бұл алгоритмнің қандай қасиеті?

  • Бір алгоритм өзара ұқсас кез келген есептерді шешуі тиіс. Бұл алгоритмнің қай қасиетіне сәйкес келеді?

  • Блок-сызбада фигураларды бір бірімен байланыстырып тұратын сызықтар қалай аталады?

Үлестірмелер, оқулық, жұмыс дәптері


Сабақтың ортасы

8 миут










































































Практикалық жұмыс

15 минут















Сабақтың

Соңы

1 0 минут








Кері байланыс










III. Жаңа тақырып түсіндіру.

Ой қозғау.

  • Программалау тілі қалай түсінесіңдер?

  • Scratch программалау ортасы?


Программалау тілдері –жасанды тілдер. Олардың табиғи тілдерден айырмашылығы мағынасы трансляторға түсінікті болатын әрі жазу командасының қатаң ережесіне бағынатын «сөздері» шектеулі болады.


Scratch (Скретч)–бастауыш сынып пен орта оқушыларына

арналған визуалды нысанға бағытталған программалау ортасы.






Scratch программалау ортасы Лого тілінің және Лего конструкторының жалғасы ретінде жасалған.


Scratch–те программалар графикалық блоктардан тұрады.

Бұл программалау ортасы өте қызықты әрі жобалар жасауға, алгоритм командаларын тиімді пайдалануға, алгоритм құруға мүмкіндік береді.


Программа дегеніміз –қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм, Компьютерге түсінікті командалардың жиынтығы.

Команда–компьютер орындауға міндетті әрекеттер.

Scratch те программа арнайы жазылмайды, оны дайын командалар блогы арқылы Лего конструкторын жинағандай құрастырады.








Кез келген фигураны жасау үшін конструкторларды дұрыс орындамаса, көздеген нәтижемізге жете алмаймыз. Сол сияқты

Scratch программалау ортасында программаның алгоритмі дұрыс құрылмаса, прогрпмма жүзеге аспайды.






Қызықты ақпарат

2003 жылы Массачуссетс Технологиялық институтының «Lifelong Kindergarden Group» зерттеушілкр командасы Митчелл Резниктің («1956 жылы 12 маусымда дүниеге келген) басшылығымен қолжетімді программалау тілін жасауға шешім қабылдады. Scrкatch визуалды нысанға бағытталған программалау ортасы, Лего конструкторы мен Лого тілі идеясының жалғасы ретінде 2007 жылы пайдалануға ұсынылды.



Сергіту сәті.

«Шаңырақ» сергіту сәті

Балалар шеңберді айнала ұстап,төбелеріне көтереді.Олар «уық»сияқты қолдарымен, «шаңырақты» мықтап ұстайды да,түндіктен «көк  аспан мен жұлдызды» көреді.

Көтеріліп шаңырақ,керегелер керіліп,
Өрімдей боп өріліп,бәріміз жүрсек айналып, киіз үй боп көрініп.



1. Алгоритмдеу мен программалауды салыстырыңдар?

2. Суретті талдаңдар, Лего конструкторына ұқсастығы неде?



  1. Өздерің қалаған үйдің жобасын сызып, алгоритмін жазыңдар. Блок сызба сызыңдар.

  2. Сөйлемді толықтырып компьютерде теріңдер.

Scratch (Скретч) – ....сынып пен орта буын оқушыларына арналған визуалды нысанға бағытталған программалау ортасы,.....тілінің және Лего конструкторының жалғасы ретінде жасалған. Скречте программалар графикалық.... тұрады.


V.Қорытындылау

«Еркін жазу стратегиясы» әдісі

  1. Программа дегеніміз не?

  2. Программалау тілдері деген не?

  3. Скретч программалау ортасы деген не?

  4. Лего конструкторы дегеніміз не? Қайда қолданылады?

  5. Scratch-те программа неге арнайы жазылмайды?

  6. Программалау тілдері не үшін қажет?

  7. Программалау тілдері не себепті жасанды деп есептелмейді?



Бес саусақ әдісі.



Оқулық,

маркерлер,

плакаттар,

стикерлер,

үлестірме қағаздар,

интерактивті тақта






Информатика 5-сынып Арман-пв баспасы,

Авторы Г.А.Көпеев, Ү.Ділманов Астана 2017 жыл











Компьютер, интерактивті тақта





























Кеспе қағаз

стикерлер







Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеруіне байланысты бағалаймын


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сабақ бойынша рефлексия



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!