1.Топтық жұмыс. Мәтінмен жұмыс . Слайд Үш топқа үш түрлі мәтін таратамын: «Аю», «Ақбөкен», «Барыс». Аю. Аю-орман қожасы. Қазақстанда аю көп тараған. Олар орманда мекендейді. Аюлар өсімдіктермен, құрт-құмырсқалармен, балықпен қоректенеді. Аюлар 40 жыл тіршілік етеді. Күзде олар семіреді. Қыс бойы апанда ұйықтайды. Ақбөкен. Ақбөкен-өте сымбатты, сұлу аң. Ол далалы жерлерін мекендейді. Өсімдіктермен қоректенеді. Ақбөкеннің түрі көп. Ең үлкені –канна Африкада мекендейді. Ең кішісі қояндай –дин-дин. Көптеген ақбөкеннің мүйізі әсем болады. Барыс. Барыс-жыртқыш аң. Ол биік тауларда мекендейді. Барыстың қорегі-ет.Ол арқарды, еліктерді, тау текені ұстап жейді. 9-10 метр жерге секіре алады. Жолбарыс сағатына 120 шақырым жүгіре алады. Барыс «Қызыл кітапқа» еңгізілген. Оқушыларды бақылаймын, бағыт беріп жүремін. Әр топтың жұмысына талдау жасаймын:ерекшеліктеріне назар аударамын. 2. Жұптық жұмыс. «Мен –саған, сен-маған» Слайд Мәтіндерді қалай түсінгендерін тексеру үшін әр топтан бір оқушыны шығарамын. 3.Сергіту сәті. Тақтадан бейнеролик көрсетемін. «Биші аю» М:-Жануарлар әлемінде өте қызықты көріністер болады. Тақтаға назар аударыңдар. Аюмен бірге билеп, оның қимылдарын қайталаңдар. 3. Жеке жұмыс. «Кім нені ұнатады?» ойынын жүргізу. Слайд Тақтадан жануарлардың суреттерін көрсетемін.(Қоян, түлкі, керік, қасқыр, піл, арыстан) М.:-Әлемде жануарлардың түрлері өте көп. Әр адамның өзіне ұнайтын жануар бар. Саған қандай жануар ұнайды? Саған ше? Сен қандай аңды ұнатасың? Ендеше, қазір өздеріне ұнайтын жануар туралы жеке .... құрастырасыңдар. 1 топ-әңгіме | 2 топ-5 жолды өлең | 3 топ-мақал-мәтелдер | 1.Жануар 2.Мекендейтін жері 3.Қорегі 4.Мінезі | 1.Зат есім 2.Сын есім 3.Етістік 4.Синоним 5.Сөйлем | | Әр топтан бір оқушыны тақтаға шығарамын. Өз жұмысын оқып шығады. М.:-Тақтаға назар аударыңдар, жануарлардың өмірінен қызықты мәліметтерді тыңдаңдар. (Сергіту сәтінің орнына) 1.Жануарлардың ең алыбы – Африка пілі. 2.Ең ақылды жануар-дельфин. 3. Ең биік жануар – керік. 3.Аштыққа ең төзімді жануар кірпі.Ол 8 ай бойы ас ішпестен ұйықтайды.
4. Жеке жұмыс. М.: -Көптеген тапсырмаларды ауызша орындадыңдар. Енді жазбаша тапсырманың кезегі де келіп қалды. Алдарында деңгейлік тапсырмалар бар. Өз деңгейңне қарай тапсырмаларды орыңдаңдар. 3- деңгей.Сөздерге көптік жалғау жалғап жазыңдар: қоян, түлкі, жолбарыс, сарышұнақ, ақбөкен. 2-деңгей. Сөзді тәуелдеңдер: кірпі. Сөз тіркестерді аударыңдар: дикие звери, широкая степь, хитрая лиса, пугливый заяц. 1-деңгей.Сөзді жіктеңдер:орманшы. Сөйлемдер құрастырыңдар.Тоңбайды, қоян, аязда. Жаңғақ, жейді, тиін. М.:-3 деңгей тапсырмасын қімдер орындады? Келесі деңгейге көшуге болады. 2- деңгей тапсырмасын орындап болсаңдар, 1 деңгей тапсырмасын орындай беріңдер. | Мәтіндерді оқып шығады, таныс емес сөздерді бірігіп талдайды. Қожа, семіреді, апан, мүйіз, жыртқыш, еңгізілген. Ойларын ортаға салып, кластер құрастырады. Жұмысты орындағаннан кейін, әр топ тақтаға шығып, жұмысын қорғайды.
Өз мәтіні бойынша сұрақтар қояды. 2,3 топтағы оқушылар жауап береді. Орындарынан тұрып, билейді. Өздеріне ұнайтын жануарды атайды. Жеке жұмыс жасайды: жоспар бойынша әңгіме құрастырады, 5 жолды өлең жазады, мақал-мәтелдерді жазады. «Таңдап ал!» әдісі арқылы топ мүшелері өз деңгейіне тапсырма таңдап алады. Жаттығу жұмыстарын орындайды. |