1)Жобаның түрі: шығармашылық -ақпараттық
2)Жобаға қатысушылардың құрамы: 2-ші кіші топ тәрбиеленшілері, МДҰ мамандары, тәрбиеленушілердің ата-аналары
3)Білім саласы: қоршаған ортамен танысу, экология, тіл дамыту
4)Жобаның іске асу кезеңі:1 апталық
5)Жобаның мақсаты: жер шарындағы алуан түрлі жануарлармен балаларды таныстыру
6)Жобаның міндеті:
-жануарлар әлемінде жануарлардың көп екендігі туралы түсінік беру
-балалардың білімін жануарлар туралы шығарма- кітапшалармен толықтыру
-қиын жағдайға түскен жануарлардың төлдеріне көмек беру керек екенін түсіндіру
-шығармашылық белсенділігін, назарын, қиялдауын, есте сақтау қабілетін дамыту
7)Күтілетін нәтиже:
Балалар жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, олардың мекендейтін ортасын, күн көрісін білу керек.
«Жабайы жануарлар» мен «үй жануарларының» айырмашылығын білу.
8)Алдынала орындалатын жұмыс:
Суреттер мен фоталар қарау
Жануарлар туралы шығармалармен танысу
Дидактикалық ойындарды қолдану
«Тірі табиғатпен танысу» қоян, балық, тасбақамен танысып бақылау
9)Жобаның материалдық жабдықталуы:
Жануарлар туралы кітаптар
Табиғаттағы жануарлардың суреттері мен иллюстративті суреттері
Ойыншықтар жиынтығы: «Жануарлар», «Құстар», «Жәндіктер»
Үстел үсті ойындары
«Менің сүйікті кейіпкерім» мультфилімдегі жануарлардың жабыстырма қағаздары
10)Жобаның іске асудағы ата-ананың рөлі:
Фотоматериал ұсынады
«Менің үй жануарларым» шығарма жазады
«Мультфилмдегі жануарлар» кейіпкерлерінің суреттері
11)МДҰ мамандарының жобаға қатысуы:
Жануарлар туралы өлең үйретеді,
Дауыстарын салады
Қимыл қозғалыс ойындары
12) Жобаның міндеттерін шешу бойынша кезең-кезеңімен бірлескен әрекеттері
1 кезең – Ұйымдастырушылық кезеңі
Балалардың қызығушылығына байланысты жобаның мақсаты мен міндеттері балалармен бірге талқыланады
2 кезең – Негізгі кезең
Жобаның негізгі қайраткерлік бағытының жүзеге асуы. Презентация
3 кезең – Қорытынды кезең
Алға қойылған және болжамдалған нәтижелердің орындалуы
Жобадағы материалдардың жалпы іске асырылуын қадағалау
Методикалық және практикалық материалдарды жинап, өңдеу
13)Диагностика (сұрақтар) 10 сұрақ
14)Тақырыппен жұмыс жасау келесі міндеттерді шешуге көмектеседі: Жануарлар әлемінде жануарлардың көп екендігі туралы түсінік қалыптастырады. Қиын жағдайға түскенде жануарларға, олардың төлдеріне көмек беру керек екендігін түсінеді. Жабайы аңдар мен үй жануарларын айырады. Олардың қайда мекендеп, немен қоректенетінін біледі.Құстарды, жәндіктерді, балықтарды айырып аттарымен айтады
15) «Жануарлар әлемінде» жобасының іске асырылуы бойынша іс-шаралар
1-ші кезең
Дидактикалық материалдар, жануарлар туралы ойыншықтар, демонстрациялық мәліметтер жиынтығы |
Үй жануарлары туралы әңгіме |
Жәндіктер туралы әңгіме |
Жабайы жануарлар туралы әңгіме |
Жабайы құстар мен үй құстары туралы әңгіме |
Сұрақ -жауап |
«Балабақшаға кітап сыйла» акциясы |
2-ші кезең
Кітап көрмесін ұйымдастыру |
Жануарлар туралы кітаптарды, суреттерді қарап талдау |
Жануарлар туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер,жаңылтпаштар, жұмбақтар |
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Аю апанында», «Мысық пен тышқан»т.б. , |
Мүсіндеу: «Өрмекші» |
«Тірі табиғатпен танысу» қоян, тасбақа, балық |
Қимыл-қозғалыс ойыны: денешынықтырушымен |
Трафаретпен жұмыс: «Қоян» |
«Жануарлар әлемінде» газет |
«Мультфилімдегі сүйікті кейіпкерлер» жапсырма қағаздардан сюжет құрау |
«Неткен сүйкімді жануарлар» өз қиялыңдағы суретті салу (ата - анамен бірге) |
«Менің сүйікті үй жануарым» шығарма ( ата - анамен бірге) |
Жантанушының балалармен жұмысы |
3-ші кезең
Қорытынды (Берілген ақпараттың толық меңгерілуі) |