Тіршілік етуге қажет жағдайлар. Мақсаты: Топырақта ауа мен су барын дәлелдеу. Ой бөлісу. Жетекші сұрақтар арқылы оқушылар тірі ағзалардың тіршілік теуіне қажет жағдайларды талқылайды. Топырақтың құрамында ауаның және судың болуын болжайды. Ойларын дәлелдейді. Топырақтың жұмсақ және қатты болуы ескеріле кетуі керек. ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. Дескриптор: Топырақтың құрамымен танысу. Сұрақтар: -Топырақта қандай жәндіктер тіршілік теуі мүмкін? - Судың астындағы топырақ қандай болады? -Топырақта ауа болады ма? -Құрттар мен шұбалсындар топырақта қалай қозғалады? Олардың жүрген жолы қандай болады? -Шұбалшын топырақты не істейді? ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. Топырақта. Топырақты үстінгі қабатын сурет бойынша талқылау. Жетекші сұрақтар арқылы топырақта өсімдіктер мен жәндіктердің шіріген қалдықтары болатынын түсіну. Сұрақтар: -Топырақтың беткі қабатында не бар? - Күзгі уақытта өсімдіктермен не болады? Ойыңмен бөліс. - Кепкен, қураған, шіріген жапырақтарға не болады? - Ал тіршілігін тоқтатқан жәндіктер ше? - Сонда топырақта тағы не болады екен? ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. Зерттеу жұмысы. Мақсаты: Тәжірибе жоспарын құруды және оны жүргізуді, топырақ құрамын зерттеуді үйрену. Топқа біріктіру. Оқушыларды «Менің затым» ойыны арқылы бірнеше топқа біріктіру. Мұғалім әр оқушының бір затын алып, қорыпқа жинап алады. Алынған заттарды топ санына байланысты топтастырады. Оқушылар заттары бойынша бір-бірімен бірігеді. Ресурстарды таратып беру. Әр топқа су құюға арналған стақандар, энциклопедиялар, таяқшалар, ас пісіруге арналған қағаз, әртүрлі топырақтар және үлкейткіш әйнек беріледі. Зерттеудің сұрағы: Топырақтың құрамы туралы болжамды дәлелдеу үшін не істеу керек? Зерттеудің жоспары: -топырақта ауа барын дәлелдеу; - топырақта су барын анықтау. Зерттеудің барысы: Бір стақан суға топырақты салып, оның ішінде ауа барын анықтау, қорытындысын зерттеуші күнделігіне жазу; Үстелдің үстіндегі стақанға қарап, оның бетіндегі ұсақ қалдықтарды үлкейткішпен қарау. Ой қорыту жасау. Саралау: Ынтасы жоғары оқушыларға немесе топтарға топырақтағы суды тағы қалай алуға болатыны жайлы сұрауға болады. Зерттеудің қорытындысы. Зерттеуші күнделігіне оқушылар топырақтың құрамы туралы жазып, тәжірибе барысында алынған нәтижелерін талдайды, жауаптарын салыстырады. ҚБ. фишка арқылы Ойлан. -Топырақтың құрамы қалай және не себепті өзгереді? Дескриптор: - топырақ құрамының өзгеру себептерін болжайды; - жауаптарын салыстырады. Сен білесің бе? Топырақт Жерде тірі ағзалар пайда болғаннан бастап қалыптаса бастады. Бұл үдеріс баяу жүреді – 100 жылда шамамен 1 см топырақ түзіледі. Cергіту сәті. «Лимон мен марғау» Топырақ – жердің беткі борпылдақ қабаты. Оның арасында ауа болады. Суарудан және жауын-шашыннан кейін оған су сіңеді. Осының барлығы топырақтағы ұсақ жануарлар, жәндіктер мен өсімдіктердің тіршілік етуі үшін қажет. Өсімдіктерн мен жануарлардың шіріген қалдықтары қарашірік деп аталады. Оның құрамында қоректік заттар болады. Шұбалшын сияқты жәндіктер топырақ ішінде қозғалған сайын оны, қарашірікпен, құммен және сазбен араластыра отырып. Топырақтың құрамы өзгеріп тұрады. Ондағы қоректік затты өсімдік бойына сіңіреді немесе жиі, ұзақ жауған жаңбыр суы шайып кетеді. Топырақ құрамын қалпына келтіру үшін оған қарашірік пен тыңайтқыш қосу керек. Бағалау. Дескриптор: Топырақтың құрамына кіретін заттарды табады; Заттардың суретін салады; Суреттерді бағыттама арқылы топырақтың қабаттарына орналастырады. ҚБ. Мұғалімнің жазбаша бағалауы. |