СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жаратылыстану 3-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаратылыстану 3-сынып

Просмотр содержимого документа
«Жаратылыстану 3-сынып»



Пән: Жаратылыстану

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

Жер және ғарыш

Күні:

Сынып: 3-сынып

Мектеп: А.С.Макаренко атындағы жалпы орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:Касимова Айнур Дукенбаевна

Қатысқандар саны:16

Қатыспағандар саны: жоқ

Сабақ тақырыбы

Жер қабықтары қалай орналасқан?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.1.1 Жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеуді үйренеді.

Көптеген оқушылар: жер қабықтары қалай орналасқанын біледі.

Кейбір оқушылар: биосфераның тіршілік иелерін анықтайды.

Бағалау критерийлері

жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеуді үйренеді.

жер қабықтары қалай орналасқанын біледі.

биосфераның тіршілік иелерін анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Биосфера, жер қабықтары.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жер қабықтарының орналасуын қалай бейнелеуге болады?

Биосфера басқа қабықтармен қалай байланысады?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Жер және ғарыш туралы дүниетану пәнінен алған білімдерін қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Оқушылар Жердің пішінін сипаттай алады, оның Күнмен байланысын түсінеді, Жердің табиғи және жасанды серіктері туралы ұғымы бар. Астрономияны ғарыш туралы ғылым екенін, «ғарыш» ұғымын түсіндіре алады. Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың атауларын, олардың негізгі сипаттарын біледі. Ғарыш денелерін зерттеуге арналған аспаптарды, құралдарды және ұшу аппараттарын атайды.

Оқушылар біздің белгілі бір кеңістікте өмір сүретінімізді, уақытты есептейтінімізді біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Кездесу» ойыны

Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.

Осы қасиеттері бойынша оқушыларды 3 топқа бөлемін:

1-топ: «Мейірімді балалар» тобы

2-топ: «Бауырмал балалар» тобы

3-топ: « Ақылды балалар» тобы

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Жұппен жұмыс»

Бұл жұмыс түрінің мақсаты – балаларды басқа адамды естуге, тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға, дәлелдеуге, басқаның пікірімен санасуға мүмкіндік береді. Жұппен жұмыс істеуде балалар өз серігін өзі таңдайды. Жыл көлемінде әртүрлі адамдармен қарым-қатынасқа жасауға үйренеді.

Жер сфералары неден құрылған?

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау


«Кездесу» ойыны




Оқушыларды топтарға бөлуге арналған сөздер.








Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

  • Жер қабықтарының орналасуын қалай бейнелеуге болады?

  • Биосфера басқа қабықтармен қалай байланысады?

«Иық тірескен шеңбер»

Оқушылар шеңберге бір-бірінің иығына қолдарын салып, құшақтасқан түрде тұрып, сабақ туралы өз пікірлерін білдіреді. Мұғалімнің де бұл шеңберден орын алғаны дұрыс.

Дескриптор:

жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеуді үйренеді.

жер қабықтары қалай орналасқанын біледі.

биосфераның тіршілік иелерін анықтайды.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.





Белсенді оқу тапсырмалары.

Сергіту сәті

«Психологиялық бой»

Барлық қатысушылардың көзін байлап, бойлары қысқадан ұзынға қарай орналасу тапсырылады. Сөйлесуге тыйым салынады. Кім өзінің бойының шамасын дұрыс бағамдады? Кім бойын ұзын, қысқа деп ойлап орнын таба алмады? Анықталады.

Оқушылар сергіту сәтін жасайды.

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең  жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.


ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Ойлан. Оқушыларға сұрақ қойыңыз: «Уақыт өткен сайын Жердің келбеті өзгере ме?» Адам баласының әр қабатқа қандай өзгерістер әкелетіні жайлы талқылаңыз. Оң және теріс ықпалдарға көңіл бөліңіз. Мысалы, үй жануарларын өсіру (сиырлар, қойлар) және жабайы табиғатта жануарларды жою (жолбарыстар, қар барысы). Оқулықтағы суреттерді қараңыз. Суретте қандай әсердің бейнеленгені жайлы талқылаңыз (өсімдіктер санының биосфера өкілдері ретінде өсуі) және атмосфераның ластануы.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты.










Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын берді.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?