4."Серпілген сауал" стратегиясы Мақсаты: Ғарышқа ұшу аппараттарының ерекшелігін анықтау. Тапсырманы орындау барысында оқушылар өз білімдеріне сүйене отырып, ойлау және талдау қабілеттеріне сүйенеді. Жетекші сұрақтар арқылы ғарышқа қандай ұшақтармен ұшуға болатынын анықтау Сұрақтар: -Қандай ұшу аппараттарын білесіңдер? -Тікұшақпен ғарышқа жетуге болады ма? -Ұшақпен ше? -Әуе шарымен ғарышқа ұшуға болады ма? Неге? Себебін түсіндір. -Зымыран арқылы ше? Ойыңмен бөліс. -Ғарыштық жылдамдық дегенді қалай түсінесіңдер? (ғарыштық жылдамдық км/сек) ҚБ. Мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы. -Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. -Бағалау критерийлерімен таныстыру. 5. Тәжірибе жасау. Зымыран қалай ұшады? Мақсаты: Зымырандарға реактивті қозғалтқыш орнатылатынын түсіндіру. (Әр топтан бір оқушы) -Үрленген шарды ұшыру. Зерттеу сұрағы: 1.Шарды ұшуға не итереді?(АУА) 2. Зымыран ғарышқа ұшу үшін үлкен жылдамдықты қажет етеді,зымыранды қозғалту үшін оны не итереді? 6 .Венн диаг раммасы 7. Зерттеу жұмысы. Мақсаты: Реактивті қозғалтқыштың жұмыс істеу қағидасын, оның жылдамдығы мен ұшу қашықтығының массасына тәуелді болатынын байқау. Зерттеу сұрағы: -Реактивті қозғалтқыш қалай жұмыс істейді? - Реактивті қозғалтқыштың жылдамдығы қандай? Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық: -Шарды үрлеп, жіппен байлау. -Жіпті шешіп жіберу. -Шардың ұшу ұзақтығын белгілеу. -Шарға ермексаздың бір үзімін жапсырып, тәжірибені қайталау. Зерттеу жұмысын қорытындылау, диаграмма түрінде жазу. Бағалау. Дескриптор: Ғарышта ауаның болмайтынын біледі; Реактивті қозғалтқыштың жұмыс істеу қағидасын біледі. - Реактивті қозғалтқыштың жылдамдығы мен ұшу қашықтығы массаға тәуелді болатынын түсінеді. ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалау. Топ. "Менің ғарыштағы үйім." Постер Оқушылар ғарышқа ұшу кезіндегі ғарышкерлердің мекен ететін орындары туралы ,Ғарышкерлер ғарышта ұзақ болған кезде орбиталық стансыларда өмір сүретініні жайлы әңгімелеу. . Дескриптор: -Ғарыш стансасының суретін салады; -Оқиғаларды еске түсіреді. 2-топ " Қызылжұлдызға ұшу " Постер Ұшу кезінде қандай заттар керек? Ойланып,жаз. 3-топ " Ғарыш адамға қалай қызмет етеді? Адам ғарышты не үшін пайдаланады?" Постер Дескриптор: - Ғылыми эксперименттер жүргізетінін және ғарыш пен ғаламшарымыздағы үдерістерді бақылайтынын айтып береді. |