СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 31.05.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жаратылыстану 3-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаратылыстану 3-сынып

Просмотр содержимого документа
«Жаратылыстану 3-сынып»

Қысқамерзімді жоспар

Жаратылыстану

3-сынып

Жер мен ғарыш

Уақыт және кеңістік

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Ерматқызы Назерке

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:


Тақырыбы:

Күн мен түн неліктен алмасады?

Оқу мақсаты:

3.4.3.1 Жердің өз осінен айналуының салдарын түсіндіру

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;

3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау;

Сабақтың мақсаты:

Жердің өз осінен айналуы себебінен күн мен түннің ауысатынын түсіну;

Бағалау критерийі

  • Жердің өз осінен айналатынын түсіндіреді;

  • Жердің өз осінен айналуы мен күн мен түннің ауысуын байланыстырады;

Күндіз бен түннің айырмашылығын атайды;

  • Тәулік бөліктерін анықтайды.

Тілдік мақсат:


Жаңа ұғымдарды пайдаланып күн мен түннің алмасуын әңгімелейді, сұрақ құрастырады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Күннің шығуы, күннің батуы, тал түс, түн ортасы, ось, тәулік, Жер, Күн, кібісе жыл, мезгіл

Құндылықтар:

Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

Математика, дүниетану, қазақ тілі

Алдыңғы меңгерілген білім

Уақыт, тәулік, мезгіл туралы біледі, күнделікті тұрмыста қолданады.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Адасқан әріптер

Мақсаты: Өткен білімін еске түсіру, қайта жаңғырту, сабақтың тақырыбын анықтау.

Р Ы Ж А Қ Ө І К З

(Жарық көзі)

  • -Қандай жарық көздерін білесіңдер?

  • -Олардың ішінде табиғи жарық көздеріне қайсысы жатады?

Суретпен жұмыс. Жарық көздерін атау.
Оқулықпен жұмыс
. Эврика Негештен қолындағы тізімнен табиғи жарық көздерінің атауын табуды сұрады.

- Балалар, қағазда қандай жарық көздері жазылған?

- Жарық көздерінің ішінде қайсысы жарығырақ?

- Оның ғаламшарымыз үшін маңызы қандай?

- Ендеше, бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Бағалау критерийін құрастыру.

- Сабақтың соңында біз

  • Жердің өз осінен айналатынын түсінеміз;

  • Күн мен түннің ауысу себебін түсіндіре аламыз;

  • Күндіз бен түн мезгілдерінің ерекшеліктерін атаймыз;

Тәулік мезгілдерін анықтаймыз.

Таныстырылым;








Суреттер















Сабақ ортасы

30 минут















































































































Ғаламшарымыздың «құпиясы» неде?

Зертте. Глобуспен жұмыс

Мақсаты: Жердің өз осінен айналуын талқылау.

  • -Балалар, Жер шарының үлгісі қалай аталады?

  • -Глобус қандай болады? Сипатта.

(Глобустың пішінін, түсін, т.б.атайды).

Глобусты сәл қозғалысқа келтіру.

  • -Егер глобус – Жердің үлгісі болса, біздің ғаламшарымыз айнала ма?

  • -Балалар, бұл не? (Жер осі).

  • -Жер осі дегеніміз не?

Ось – ойша алынған Жер шары айнала қозғалатын сызық. Жер білігін глобустан көргенімізбен, шын мәнінде жоқ.

  • -Жер осі қалай орналасқан? Бұл кездейсоқтық па?

Бейнежазба.

Мақсаты: Жердің өз осінен Күнді айнала қозғалуындағы өзгерістерді анықтау


Жаңа ақпарат

Глобус-Жер шарының моделі. Глобустың дәл ортасымен көлбеу білік өтеді. Бұл білік Жердің айналу осі деп аталатын ойша жүргізген сызықты көрсетеді. Ғаламшарымыз үнемі сол сызықты айнала қозғалады. Егер Солтүстік полюстен қараса, ғаламшарымыз сағат тіліне қарсы- батыстан шығысқа қарай айналады. Бір қызығы, полюстерге жақын болған сайын айналу жылдамдығы кеми түседі.

Жер өз осімен айналған кезде Күнге біресе бір жағымен, біресе екінші жағымен бұрылып отырды. Жарық түскен бөлігінде күндіз болады. Қарама-қарсы жақта түн болады. Жер айалады да, түн күнмен алмасады.

Жылына екі рет, яғни 21 наурыз бен 22 қыркүйек күндері мен түннің ұзақтығы 12 сағат болып теңеседі. Бұл күндер көктемгі және күзгі күн мен түннің теңелу күндері деп аталады.

Жылдың ең ұзақ күні-22 маусым, ал ең ұзақ түні-22 желтоқсан.

Тапсырма:

  • Бұл айналымның маңыздылығы неде?

  • Қанша уақытта күн мен түн ауысып отырады?

  • Жер Күнді қанша уақытта айналып өтеді?

Практикалық жұмыс. Топтық жұмыс

Мақсаты: Жердің Күнді айналуынан болатын өзгерісті тәжірибе арқылы көрсету.

Ресурстар: жарық көзі (шам, фонарь, май шам), глобус (доп), стикер немесе жалауша.

Топтарға бір-бір глобустан беру.

Глобустан жердің осін көрсету.

  • Глобус бетіне тұрғылықты жерді белгілеу.

  • Глобустан солтүстік және оңтүстік полюстерді анықтап, стикерге «С» және «О» әріптерімен белгілеп жапсыру.

  • Глобусқа жарық түсіру.

  • -Қай жақта күндіз? Қай жақта түн?


Өздік жұмыс.

Мақсаты: Жердің Күнді айналуының салдарын нақтылау, бекіту.

Оқушыларға мәтін және кесте таратылып беріледі.

Тапсырма: берілген мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.

1-топ: Жер шары қозғалысы барысында бірнеше заңдылық туады. Нәтижесінде түрлі қозғалыстар қалыптасады. Солардың ішінде ең маңыздылары – Жердің өз осінен айналуы мен Күнді айнала орбита бойымен қозғалысы. Бұл қозғалыс ішінде Жер бір жыл ішінде Күнге бірде жақындап, бірде алыстап отырады. Жердің Күнді айналуға кеткен уақыты жыл деп аталады, міне, содан Жердің Күнді айнала қозғалысы Жердің жылдық қозғалысы деп аталады

р/с

Сұрақтар

Жауаптары

1

Жер Күнді қанша уақытта бір рет айналып шығады?





3

Жыл дегеніміз не?


4

Жердің жылдық қозғалысы дегеніміз не?



2-ші топ: Жер Күнді 365 күн 6 сағатта бір айналып шығады, әр жылғы 6 сағат жинақталып, 4 жылда 24 сағат немесе 1 тәулікті құрайды. Жер Күнді 366 күнде айналса, ол жыл «кібісе жылы» деп аталады. «Кібісе жылы» ақпан айы 29 күнге толады, қалған 3 жылда ақпан айы 28 күнмен аяқталады.

р/с

Сұрақтар

Жауаптары

1

Жыл мезгілдерінің өзгеру себебі неде?


2

Солтүстік жарты шарда қыс болса, Оңтүстік жарты арда қандай мезгіл болады? Неліктен?


3

Оңтүстік жарты шарда күн мен түннің айырмашылығы неде?



3-топ: 23 қыркүйекте жерде күн мен түн теңеледі, бұл құбылыс күзгі күн теңелу деп аталады. Екі жарты шарға күннің жарығы бірдей түссе де, Солтүстік жарты шарда күз, ал Оңтүстік жарты шарда көктем басталады.

22 желтоқсанда  қысқы күн тоқырауы байқалады. Күнге жердің оңтүстік жартысы қараған уақытта, Оңтүстік жарты шарда жаз, Солтүстік жарты шарда қыс басталады. Оңтүстік жарты шарға жарық көп, Солтүстік жарты шарға жарық аз түседі. 21 наурызда жерде күн мен түн теңеледі, бұл көктемгі күн теңелу деп аталады. Экваторда түсте күн төбеде тұрады. Солтүстік жарты шарда көктем, оңтүстік жарты шарда күз түседі

р/с

Сұрақтар

Жауаптары

1

Күзгі күн теңелуі қай күнге сәйкес келеді?


2

Қысқы күн тоқырауы қай күнге сәйкес келеді?


3

Көктемгі күн теңелуі қай күнге сәйкес келеді?



/Топтық жұмыс «Екі жұлдыз бір тілек» бойынша бағаланады/

Тұжырым жаса.

Мақсаты: Күн мен түннің ауысуы жер осіне байланыстылығын анықтау.

Оқушылар тапсырма соңында күн мен түннің ауысу себебі жердің өз өсінен айналуы арқылы жүзеге асатындығы туралы қорытынды жасайды.

Жұмыс дәптерімен жұмыс.

Тапсырма:

Жұмыс дәптеріндегі 21- беттегі тапсырма.

Сурет бойынша қай елде күндіз қай елде түн екенін анықта.

Сұрақтарға жауап бер:

1. Қазақстанда қазір -

А)күн

В)түн

2. Глобустың қарама-қарсы жағында –

А)күн

В)түн

3. Қазақстанда түн болғанын көрсету үшін ...

А)глобусты Қазақстан аумағына жарық түсетіндей етіп бұру керек;

В)глобусты Қазақстан аумағының қарама-қарсы жағына жарық түсетіндей етіп бұру керек

Өзара тексеру, бағалау.


Глобус, глобус суреті













Бейнежазба




Кітаппен жұмыс




















Ойлан тап?








Жарық көзі, шам, фонарь, май шам, доп
























Кесте














Кесте






















Кесте
















Дәптермен жұмыс, тест,парақша



















Сабақтың соңы

5 минут

  • Рефлексия

Сен бүгін не үйрендің?

Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге?

Не туралы тағы да көбірек білгің келеді?

Үй жұмысы: Ойлан

Елімізде күндіз болған кезде қай елдерде түн болады?

Бағдаршам суреті, стикер

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау.

Үй тапсырмасын орындау барысында ынтасы жоғары оқушыларға қосымша ақпарат ізденуге тапсырма беру.

Оқушылар топтық және жұптық жұмыстар арқылы білімдері бағаланады:

Қалыптастырушы бағалау.

Мұғалімнің ауызша кері байланысы; мұғалімнің жазбаша кері байланысы; өзара бағалау


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?


Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!