Зерттеу жұмысы. Мақсаты: Ақпарат көздерін пайдалана отырып, ғарыш туралы мәліметтермен танысу. Топтарға біріктіру. Күн жүйесінің атауларына сәйкес топтарға біріктіру. Мысалы, Ай – жер серігі. Ресурстарды тарату. Жұлдызды аспан бейнеленген суреттер, ғарышқа ұшу, Қызылжұлдызға ұшу жоспары туралы бейнеролик пен ғарыш туралы энциклопедиялар, А5 көлемді үлестірмелі парақшалар жиынтығы мен жасанды серіктің, ғарышкер иттердің, Юрий Гагариннің, Ай бетінде зерттеу жасап жүрген ғарышкердің, орбиталық стансының фотосуреттерін топ санына қарай тарату қажет. Зерттеу сұрағы: Ғарышқа алғаш рет қай дене ұшты? Ең алғашқы ғарышкер кім? Орбиталық стансының маңызы неде? Зерттеудің жоспары: -Инфографикада берілген ақпаратпен танысу. -Жоспар бойынша сұрақтарға жауап беру. -Постер жасау. Оқушылар оқулықта, қосымша әдебиеттерді, газет-журналдарда берілген ақпараттармен танысады. Сұраққа жауап іздеп, бір-бірімен пікір алмасады. Ойларын дәлелдейді. Саралау: Ынтасы жоғары оқушыға интернет желісі арқылы ғарышты зерттеуде қандай жаңалықтар болғанын анықтауды тапсыру. Зерттеу жұмысын қорытындылау, дайындаған плакаттарын ілу. ҚБ. «Галереяны шарлау» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау. Сен білесің бе? Оқушылар ғарышқа ұшу кезіндегі зымыранның маңызын және отын шығынының мөлшері мен зымыранның алатын жылдамдығына байланысты екендігін түсінеді. Ғарыштық жылдамдықты біледі. Ғарыш зерттеулері бізге не береді? Оқушылар ғарыш зерттеулерінің пайдасын түсінеді. Тапсырманы орындау барысында оқушыларды заттарға жаңа қырынан қарауға, олардың пайда болуына, тарихына, алғашқыда неге арналғанын білуге мүмкіндік береді. Ғарышкерлердің тағамдарын сипаттайды, киетін скафандрларын сипаттап, өз ойларын айтады. Ғарышты зерттеуде адамдар қандай мүмкіндіктерге ие болғаны туралы ойларымен бөліседі. Жетекші сұрақтар: -Теледидардан келген бейнесюжеттер не арқылы бізге беріледі? Қалай ойлайсың? - Жасанды серік пен табиғи серік туралы не білесіңдер? - Ғарышкерлер қандай зерттеулермен айналысады? Ойыңмен бөліс. - Неліктен ғарышкерлер скафандр киеді? - Жер мен ғарышты байланыстыратын орындар қалай аталады? Ойлан. Оқушыларға ғарыш туралы бейнероликтер көрсету арқылы төмендегі сұрақтарға жауап алу. Сұрақтар: - Ғарышкерлер туралы не айта аласың? -Ғарышкерлер Жерге қонған кезде неге өз беттерімен жүре алмайды? - Ғарышкерлер ұзақ сапарда жүргенде қандай қиындықтар болуы мүмкін? ҚБ. (ауызша қалыптастырушы бағалау). Сергіту сәті. Дене жаттуғуларын бейнероликке қарап орындау. Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады. 13-жұмыс парағы. «Ғарыш қалай игерілді?», 15-б. Ғарышты игеру кезеңдері. Бұл тапсырмада оқушылар оқиғаны оның мерзімімен салыстырады. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар: -Оқиғаны ақпарат бойынша ажыратады; -Оқиға мен оның уақытын сәйкестендіреді. 14-жұмыс парағы. «Ғарышты игеру», 16-б. «Ғарыш» сөзжұмбағы. Бұл тапсырма оқушылардың сабақта меңгерген білімдерін нығайтады. Оқушылар сабақ тақырыбына қатысты негізгі түсініктерді пайдалана отырып, сөзжұмбақты шешеді. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар: -Ғарышқа ұшырылған иттің лақап атын біледі; -Жердің серігін біледі; -Зымырандарды ұшыратын орынды біледі. ҚБ. (жазбаша қалыптастырушы бағалау). |