Сөзжұмбақ жасыру. -
Жердің ауа қабты қалай аталады Атмосфера -
Жердің 4 қабығын не деп айтаймыз Сфера -
Ең кішкентай ғаламшар Плутон -
Жер серігі Ай -
Ғарышқа немен ұша аламыз Зымыран Шыққан сөз: Аспан Жарайсыңдар. Бейне таспа: «Күн мен түннің ауысуы» Сонымен, біз бүгін сабақта нені оқып білеміз? (Тәулік, уақыт, мезгіл,күн мен түннің ауысуы) Ой қозғау. Нені өлшеуге болады? Нені өлшеуге болатынын атау (ұзындық, масса, заттарды санау, уақыт) Тақырыпқа кіріспе тапсырмасы. «Өлшем бірліктері».Суретте берілгендерді қандай уақыт бірліктерімен өлшейтінін анықтау. (1 – сағат/сағат, минут, 2 – аудармалы күнтізбе/апта лар, тәуліктер, 3 – секундомер/секунд, 4 – жылдық/ айлық күнтізбе). –Жыл неден құралады? (айлар, ап талар, күндер). –Апта неден құралады? (тәулік). –Тәулікті қандай бөліктерге бөлуге болады? (таң, күндіз, кеш, түн.) –Таң, күндіз, кеш, түн – бұлар нелер? (Тәулік бөліктері) –Қашан ұйқыға жатасың? Таңғы асты қашан ішесің? ҚБ. Гүлдер арқылы Пейзаждарды салыстыр. -
Пейзаж деген не? (табиғатты суреттейтін бейнелеу өнерінің жанры) -
Суреттер несімен ерекшеленеді? (әртүрлі тәулік мезгілдері) -
Суреттерді атау (мысалы, «Даладағы таң», «Күндіз», «Даладағы кеш», «Түнгі дала»). -
Суреттерді ретімен орналастыр (таң, күндіз, кеш, түн). -
Неліктен осы ретпен орналастырдың? Түсіндір. Кімге қандай пейзаж ұнайды? Неліктен? -
Адамдар таңды не үшін жақсы көреді? Кешті ше? -
Таң қашан басталады? -
Түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамдар үшін таң қашан басталады? -
Саған тәуліктің қай мезгілі ұнайды? -
Түрлі тәулік мезгіліндегі табиғат туралы өлең/тақпақ айта аласың ба? ҚБ. Бас бармақ əдісі сағат, күн-тізбе, секун-домер суреттері Сен білесің бе? -Біз қай мемлекетте тұрамыз? -Қазақстанда қазір қандай жыл мезгілі? -Дұрыс,Қазақстан солтүстік жарты шарда орналасқан? (Еуразия) (Глобустан полюстерді - жер осі өтетін тұсты көрсету.) –Олардың орналасуында қандай ерекшелік бар? (Остің көлбеу болу себебінен бұл жерлерге Күн сәулесі ұзақ уақыт бойы түседі немесе керісінше, мүлде түспейді). Солтүстік полюсте қазір 6 ай бойы поляр түні. Яғни оларда 6 ай бойы күн түспейді. Поляр түні түн деп аталғанымен, ол көбірек ымыртқа ұқсайды. Күн көкжиектен көп түспейді де, сәу лелері көрініп тұрады. (глобустың астына жарық жағу арқылы көрсету) -Қай кезде күн мен түн теңеседі? -Дұрыс, 21-наурыз күні. Солтүстік полюсте алғашқы таң атып, содан 6 ай бойы күн батпай тұрады. Ал,керісінше оңтүстік жарты шарда 6 ай бойы поляр түні болады. -
Пейзаж деген не? (табиғатты суреттейтін бейнелеу өнерінің жанры) -
Суреттер несімен ерекшеленеді? (әртүрлі тәулік мезгілдері) -
Суреттерді атау (мысалы, «Даладағы таң», «Күндіз», «Даладағы кеш», «Түнгі дала»). -
Суреттерді ретімен орналастыр (таң, күндіз, кеш, түн). -
Неліктен осы ретпен орналастырдың? Түсіндір. Кімге қандай пейзаж ұнайды? Неліктен? -
Адамдар таңды не үшін жақсы көреді? Кешті ше? -
Таң қашан басталады? -
Түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамдар үшін таң қашан басталады? -
Саған тәуліктің қай мезгілі ұнайды? -
Түрлі тәулік мезгіліндегі табиғат туралы өлең/тақпақ айта аласың ба? ҚБ. Бас бармақ əдісі Ойлан. Әңгімелесу және топтық не жұптық жұмыс. –Неліктен «Таң атпаймын десе, Күн қоймаймын» деп айтады? –Пікірге инфографика, сызба, сурет арқылы бейнелеп көрейік. Топ не жұпта инфографика жасау. Таныстыру, түсіндіру. ҚБ. Өзара бағалау. Сен білесің бе? Полюстер-ойша алғанда,Жердің осі өтетін екі нүкте. Полюстерде түн мен күн шамамен алты айға созылуы мүмкін. Есте сақта! Күн таңертең шығыстан шығып, бірте-бірте көкжиектен жоғары көтеріледі. Талтүсте ол ең жоғары нүктесіне жетеді. Содан кейін Күн төмен түсіп, батыста батады. Тәулік мезгілдерін бейнеле». постер қорғау. Модель жаса. 3 топқа таң, күндіз, кеш - Суреттерді сипаттау. Сурет салу. С аралау. Кейбір оқушылар дала туралы сипаттама-әңгіме құру. Ғаламшарымыз өз осінен айналатындықтан, бізге күн аспан бойымен Жерді айналатындай болып көрінеді. Бұл қозғалыс Күннің тəуліктік қозғалысы деп аталады. Тəулік таң, түс, кеш түннен құралады. Глобустан полюстерді - жер осі өтетін тұсты көрсету. –Олардың орналасуында қандай ерекшелік бар? (остің көлбеу болу себебінен бұл жерлерге Күн сәулесі ұзақ уақыт бойы түседі немесе керісінше, мүлде түспейді) Поляр күні мен поляр түні туралы ақпарат Поляр түні түн деп аталғанымен, ол көбірек ымыртқа ұқсайды. Күн көкжиектен көп түспейді де, сәулелері көрініп тұрады. Зертте. Берілген тапсырма екі кезеңде орындалады. Зерттеу барысы: Бірінші кезең. Күн мен түннің біртіндеп алмасуын көрнекі көрсету үшін Жердің Күннің айналасындағы жылдық қозғалысын және Жердің өз осінен тәуліктік айналымын көрсетуге арналған құралды – теллурийді, егер жоқ болса, үстел шамы мен глобусты пайдалану. Осы кезеңде сұрақтар қоя отырып, тәжірибе көрсету. • Глобусқа Астана немесе оқушылар тұратын елді мекен орналасқан жерге жапсырма жапсыру. Шамды қосу. Глобусты ақырын айналдыра бастау. • Жапсырма шам жарығы түсетін аймаққа жеткен кезде глобусты тоқтату. –Астана қазір Күннің тікелей сәулесінің астында орналасқан деп айтуға болады ма? –Астана тұрғындарына қазір Күн жақсы көріне ме? (жоқ, Күн енді ғана көрініп шығып келе жатыр). • Глобусты Астанаға барынша жарық түсетіндей етіп айналдыру. –Қазір қалада тәуліктің қай мезгілі? –Күн сәулесі қалай түседі? • Глобусты Астана оның жарық түспейтін жағында болатындай етіп айналу. –Енді не айтуға болады? –Астана тұрғындары қазір Күнді қалай көріп тұр? (көкжиектің астында) 2 Екінші кезең Сыныпты төрт адамнан тұратын топтарға біріктіру. Оқушыларға парақтар таратып беру. Көкжиек сызығы бейнеленген және жоғарғы бұрышында көкжиектің төрт бұрышына бағытталған бағыттама көрсетілген үлгіні көрсету. • Әрбір топ мүшесі тірек сөздердің біреуін таңдайды. • Парақтың тиісті бөлігіне Күнді салу (Күннің шығуы – шығыста, көкжиектің астында. Талтүс – жоғары, шамамен парақтың ортасында. Күннің батуы – батыста, көкжиектің астында. Түн ортасы – Күн жоқ). • Әр топ жартылай дұрыс шеңбер құрып, өз суреттерін бір сызық бойында болатындай етіп көтеруі тиіс. Осылайша Күннің тәуліктік жолының болжамды траекториясы жасалады. • Бірнеше тәуліктегі Күннің тәуліктік жолын құрастыру. Ол үшін барлық оқушыларға реттілік бойынша жартылай шеңбер құрып тұрады (таң ату, талтүс, кеш бату, түн ортасы). Қорытынды жасалады. Балалар Күннің аспан бойымен тәулік ішінде қалай қозғалатынын түсінеді. Зерттеу жұмысынан кейін алынған Күннің тәуліктік жолын диаграмма-графика түрінде бейнелеу. Содан соң оларды бір кестеге «қосуға» болады. –Қандай сызық шықты? (толқынды). –Ол нені көрсетеді? (бұл диаграмма Күннің күнделікті тәуліктік жолын көрсетеді) Берілген тапсырма жоспар бойынша жүргізілген эксперимент нәтижесін диаграмма түрінде жазу, қорытындыны тұжырымдау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Сергіту сәті. Табиғат құбылыстары. Топтық жұмыс. «Сиқырлы конверт» І топ- аспан денелері: (темірқазық,жұлдыз,ай) ІІтоп- түнгі тіршілігі белсенді жан-жануарлар.(үкі,жапалақ,жарқырауық қоңыз) ІІІ топ -жұмбақ 1.Күндіз кірер «інге», Жұрт қалады білмей. Шығады тек түнде, Болам дейді күндей. (Ай) Күндіз білінбейді,Түнде күлімдейді. (жұлдыз) IV топ – мақал 1.Ай мен күн ауысты, ... ... .... ..... (Тәулікті тауысты) Ай жарығы әлемге, .... ..... ..... ..... (Күн жарығы төменге Дәптермен жұмыс. «Тәулік мезгілі».Тест орындау. Өзіңді тексер! Оқушылар өздігінен сұрақтарға жауап беріп, тиісті бағанды сызады Тест.Біз не білдік? -
Өзендер мен көлдер ... орналасқан. А)литосферада Ə) атмосферада Б)гидросферада 2. Биосфера дегеніміз- ... А) тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасы Ə) жердің қатты қабаты Б) жердің ауа қабығы 3. Адам ғарышқа ... ұша алады. А) зымыранмен Ə) ұшақпен Б) жасанды серіктермен 4. Ғарышқа алғаш болып ... ұшырылды. А) ғарышкер Юрий Гагарин Ə) америкалық астронавт Нил Армстронг Б) жасанды серік 5. Байқоңыр – бұл ... А) орбиталық стансының аты Ə) ғарышайлақтың аты Б) алғашқы зымыранның аты 6. Жер бетінде күн мен түн алмасады, өйткені... А) күн жерді айналады Ə) жер күнді айналады Б) жер өз осінен айналады Тексеру Қорытынды. |