СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жаратылыстану - табиғат туралы ғылымның жиынтығы

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты. Жаратылыс түсінігін қалыптастыру, жаратылыстанудың негізгі нысандары мен оның негізгі мақсаты - ғылыми бағыты, адамзат үшін бұл ғылымның теориялық - сарамандық (практикалық) мәні, жаратылыстану ғылымы дамуының негізгі кезеңдерімен оқушыларды таныстыру, басқа ғылымдармен байланысын түсіндіру.

Тірек білім. Жаратылыстану пәні кіріккен курс екенін, ол пәндердің бұған қатыстылығын оқушы түсінігімен сұрақ-жауап түрінде алу, өмір тәжірибесінен білетіні.

Просмотр содержимого документа
«Жаратылыстану - табиғат туралы ғылымның жиынтығы»

Жаратылыстану - табиғат туралы ғылымның жиынтығы

5-сынып жаратылыстану пәні күні-------

Мақсаты. Жаратылыс түсінігін қалыптастыру, жаратылыстанудың негізгі нысандары мен оның негізгі мақсаты - ғылыми бағыты, адамзат үшін бұл ғылымның теориялық - сарамандық (практикалық) мәні, жаратылыстану ғылымы дамуының негізгі кезеңдерімен оқушыларды таныстыру, басқа ғылымдармен байланысын түсіндіру.

Тірек білім. Жаратылыстану пәні кіріккен курс екенін, ол пәндердің бұған қатыстылығын оқушы түсінігімен сұрақ-жауап түрінде алу, өмір тәжірибесінен білетіні.

Қажетті құрал-жабдықтар: әр түрлі денелер (стакан, доп, қағаз, қаламсап, ойыншықтар және т. б.), бөлме және жабайы өсімдіктер табиғи құбылыстар түсірілген суреттер (кар, жаңбыр, қырау және т. б.).

Сабақтың барысы. 1. Табиғатты оқып танудың жолдары. Табиғат бөліктерін атап оны оқып танысуда қандай ғылымдар көмекке келетінін түсіндіру.

2. Жер бетіндегі бізді қоршаған денелер жайлы түсінік беру.

Жаңа материалды игеру.

1. Жаратылыстанушы деген сөздің мағынасын оқушылар қалай түсінеді?

2. Барлық денелер заттан тұрады.

а) Денеге нақты анықтама беру. Денеге сипаттама бере білу - пішіні, түсі, салмағы.

ә) Затқа нақты анықтама беру. Мысал ретінде су, түз, қанттың зат екендігін дәлелдеп, оны көрсету. Олардың түсін, дәмін, агрегаттық күйін анықтау.

б) Барлық дене заттан тұрады. Мысал ретінде доп, кітап, резеңке және т.б.

Оқушылар арасында кім қанша дене туралы айтады және оның құрамдас бөліктерін атап беру туралы жарыс ұйымдастыру.

3. Май, ақуыз (белок), көміртегі (крахмал) заттарының бар екендігін анықтайтын тәжірибе жүргізу. Жаңғақты жарып жемісін алып оны қағаз арасына салып қысып көреміз, қағазға жабысқан майлы дақтардың бар екендігін көреміз. Яғни дененің құрамында май бар.

Ұннан қамыр илеп, оны сумен тазалап жуамыз, су бетінде қалқып жүрген қою сұйықтықтың өсімдік ақуызы екендігін түсіндіреміз.

Лай судың үстіне бір тамшы йод құйсаңыз су біртіндеп көк түске өзгереді. Яғни ол крахмалдың бар екендігін білдіретін реакцияның бір түрі.

4. Биология дегеніміз не? Оған анықтама беріңдер. Оқушылар оған мысал келтіреді. (Ол үшін сөздікті пайдалану керек.)

5. «Дүниетану» курсынан табиғат құбылыстарын естеріңе түсіріңдер. Кейіннен оқушыларға сөздік жұмыстарын тапсырыңдар. Танымал деген табиғат құбылыстарын дәптерге теріп жазу. Тақтаның артына тексеру үшін дұрыс жауаптарын жазып қойыңдар. Оқушылардың білімдерін тексерумен бірге олардың өздерін қалай бағалайтындығын да тексеріңдер.

Әсіресе оқушылардың сөзді реттілігімен дұрыс жазуына көңіл бөліңіздер.

а) Күн мен түннің ауысуы.

ә) Жылдық, маусымдардың ауысуы.

б) Күннің шығуы және батуы.

в) Жер сілкіну.

г) Жаңбыр, қар және т.б.

6. Сабаққа жақсы қатынасып ойын бөліскен оқушылар бағаланады. Оқушылардың білім деңгейіне қарай отырып оларға үйге жұмыс беріңіздер.

Үйге жұмыс. Белгілі бір ғылымға қысқаша баяндама ретінде төмендегідей кестені толтыруға беріңіздер.

Ғылымның аты

Ол нені зерттейді (үйретеді)?

Астрономия

География, т.б.