СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Желтоқсанның арманы - Тәуелсіздік таңдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Желтоқсан құрбандары: Қайрат Рұсқылбеков, Ляззат, Сабира, т.б. 

Просмотр содержимого документа
«Желтоқсанның арманы - Тәуелсіздік таңдары»

«Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі











«Желтоқсанның арманы – Тәуелсіздік таңдары»









Нұрланбек Ж.Ж


















2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы: «Желтоқсанның арманы – Тәуелсіздік таңдары»


Мақсаты:

оқушыларды Отанды сүюге,жерін,тарихын, тілін,дәстүрін жетік білу арқылы қастерлеуге,бәсекеге қабілетті, сауатты, егеменді елдің жастары болуға икемдеу.

Көрнекілігі:

  1. Компьютер, ҚР мемлекеттік рәміздері: Ту, елтаңба, Гимн.

  2. Н.Ә. Назарбаевтың портреті

  3. Слайдтар

  4. Кітаптар көрмесі

Әдіс-тәсілдері:

әңгімелеу, баяндау, шығармашылық жұмыс.

Барысы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.

Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсанның арманы – Тәуелсіздік таңдары» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! 1986 жылы 16 желтоқсанда бүкіл қазақ жастары тоталитарлық жүйеге ашық қарсылық көрсетті. Міне осындай ұмытылмас оқиғадан бері 25 жылдың жүзі болды. Сол үш күнде, дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет тұтамыз. «Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылады ғой елдікке»- деп Төле би бабамыз айтқандай 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Егемен ел атанды. Әлем таныды.

1-оқушы:

Егемен болмай ел болмас,

Етек-жеңі кең болмас

Терезесі кең болмас,

Енді қазақ тең болмас.

Әсем әуен салдырған

Сәбилер де алғыр жан

Бал дәуреннің қызығы

Есте қалар балдырған

Мұғалімнің сөзі:

Ата-бабам арман еткен ежелден

Жүріп өткен қилы-қилы кезеңмен

Қазақстан тәуелсіз ел атанды,

Бірден оңай келмегенін білем мен

Видео «Желтоқсан желі»

Қазақстан тәуелсіз, егеменді, демократиялы, құқықты, әлеуметті, зайырлы, көп ұлтты, біртұтас, әлем таныған ел болды.

1-оқушы:

Отан-тарих, Отан- тіл,

Жасаған елің, өз халқың.

Отан- өлең, Отан-жыр,

Көтер көкке ел даңқын.


Отан осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл

Отан деп өсіп жас жалын

Оны ардақтап сүйе біл.


2-оқушы:

Отан-сенің ата-анаң,

Отан- досың, бауырың.

Отан-аудан, ауылың

Отан-өлкең астанаң


Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Жасыл жайлау, жаңа жолдар, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ, өз үйімнен басталады

Мұғалімнің сөзі:

Қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. 1986жылы Желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күн еді. Бүкіл ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайды.

1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді.Сол кездегі Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Комунистік партиясы Разуловсийдің ұсынысы бойынша Генадий  Колбинді тағайындаған.  Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғана, елі киіздің көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдам – шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұятшылдар» , «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды.

1-оқушы: «Тәуелсіздікке 25 жыл»


Видео « Болмыс»


Мұғалімнің сөзі:

Дауылға желтоқсанның желі айналды.

Ашуға мінді алатау кәрі, айбарлы

Күтпеген іс ақыры не болды деп

Күллі әлем алматыға қарай қалды

Кез емес жаугершілік «аттан» атты

Алаңның шеруі емес салтанатты.

Қытымыр қыстың басы, сол бір айда

Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты

1-оқушы: «Тәуелсіздігім»

2 - оқушы:

Қайрат:

”Ақтық сөзің не?” – деген,

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтамын оны халқыма,

Жоқ пиғыл менде жасымақ.

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

3 - оқушы:

Желтоқсан құрбаны- Қайрат Рысқұлбеков Алматы архитектура құрылыс институтының студенті.1988 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі оған берілген ату

жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды.1988 жылғы мамырда-қайтыс болды.1996 жылғы 9 желтоқсан – «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Мұғалімнің сөзі: Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған. Осы ел намысын қорғап, ел болашағын ойлап, ерлігімен көзге түскен 23-тің атынан Ләззат туралы айтқым келеді. Чайковский атындағы училищенің студенті-Ләззат танкімен тапталып өлтірілген. Оған көптеген ақын жазушылар жыр арнады. Желтоқсан оқиғасы туралы режиссер Қалдыбай Әсенов түсірген ”Аллажар” фильмінің басты кейіпкері де – Ләззат.

1 - оқушы: Ләззат Асанова 1970 жылы қазіргі Алматыоблысы Жаркент ауданына қарасты Айдарлы ауылында дүниеге келген. Жастайынан зерек өскен бала орта мектепті үздік бітіріп, Алматыдағы Чайковский атындағы музыка училищесіне өз талантымен оқуға түсті.

Мұғалімнің сөзі: Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.

1-оқушы «Тәуелсіздік»

Видео «Тәуелсіздік»

1-оқушы: Өзіңдікі- Туың да,

От пен ауа суың да.

Жаса Қазақстаным,

Белді бекем буын да


Слайд: ҚР туы


2-оқушы:

Елтаңбасы елімнің,

Неткен көркем әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.


Слайд: ҚР елтаңбасы


3-оқушы:

Қазақстан,

Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі,

Әнұранмен айбатты.


Слайд: ҚР Әнұраны


Бүгінгі күні Қазақстанымыздың беделі өскен ел деп мақтанышпен айтуға болады. «Ел-Елбасына тірек, Елбасы-елге қалқан». Қазақстан бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарқынды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз.Ел тағдырын тұлғалар жасайды. Тұлға елдің тұғыры. Тұлға-елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Н.Ә. Назарбаев осындай тұлға.

Слайд: Н.Ә. Назарбаев «Менің Президентім»



  • Мұғалімнің сөзі: Президент жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық Қаһарманы” атағы беріліп, ата – анасына “Алтын жұлдыз” айрықша ерекшелік белгісі тапсырылды.

  • Сәбира, Ләззат, Ерболдарға “Ақтау жөніндегі анықтама” қағаздары берілді.

  • Желтоқсан оқиғасына түбегейлі баға беру туралы комиссияның 24 томдық материалдары әзірленді.

  • Құйынның құрбандарының ерліктеріне арналған “Аллажар” фильмі түсірілді.

Алматы төрінен “Тәуелсіздік ескерткіші” бой көтерді


Қайрат Рысқұлбеков- ату жазасына кесілген

Ляззат Асанова- белгісіз себептермен қайтыс болды

Сәбира Мұхамеджанова - белгісіз себептермен қайтыс болды

Мырзағұл Әбдіқұлов- ату жазасына кесілген.

Тарихта бұл есімдер “ЖЕЛТОҚСАН-86” деген атпен мәңгі қалды


Қорытындылау.

Міне егемендігімізді алып,Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп,небір қиындықтарды артқа тастап,жаңа экономикалық өрлеу үстінде.Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы.Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді.Еліміздің экономикасын өркендетуге сендер де ат салысады деп сенемін.

Еліміздің Егемендігі жасай берсін!

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

« Бірлік барда тірлік бар » деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, бүгінгі «Желтоқсанның арманы – тәуелсіздік таңдары» атты тәрбие сағатымыз қорытындылаймыз!




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!