СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жемістерде дәруменнің көп екенін білемін

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Жемістерде дәруменнің көп екенін білемін»

Пән: Әдебиеттік оқу

Күні: 5.02.2019 жыл

Мектеп: 220

Мұғалімнің аты-жөні: Умбетова М

СЫНЫП: 2 «в»

Қатысқан оқушылар саны: 27 Қатыспаған оқушылар саны:0

Бөлім: Дені саудың –жаны сау

Сабақтың тақырыбы:Жемістерде дәруменнің көп екенін білемін

Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты

2.2.5.1 - мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын анықтау



Сабақ мақсаттары

Оқушылардың бәрі: мәтінді оқиды,түсінеді,бағалауға қатысады,дереккөздермен жұмыс жасайды,жұптық,топтық жұмыстарда тапсырмалар орындайды,диалог құрас -тырады.

Оқушылардың көпшілігі:тақырыпты болжайды,қажетті ақпаратты тауып оқиды.

Кейбір оқушылар:ойын әсерлі жеткізеді.

Бағалау критерийлері

 Мәтінді оқиды,түсінеді,бағалауға қатысады,дереккөздермен жұмыс жасайды,жұптық,топтық жұмыстарда тапсырмалар орындайды,диалог құрас -тырады.

 Тақырыпты болжайды,қажетті ақпаратты тауып оқиды,кестені толтырады.

 Ойын әсерлі жеткізеді.

Сөздік қор

«Керқұлақ» - «Цинга»

Құндылықтарды дарыту

Жеке,жұпта,топта ынтымақтастықпен,құрмет көрсете отырып жұмыс жасай алу

Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы

Балалардың партада дұрыс отыруын, берілген басқа да құралдарды дұрыс қолдануларын қадағалау.

Пәнаралық байланыстар

қазақ тілі,дүнииетану

АКТ қолдану дағдысы

Осы сабақ барысында оқушыларға тақырыпқа қатысты көрнекі құралдар интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі

Алдынгы меңгерілген білім

Көңіл сұрауды білемін

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 5 минут

Қызығушылықты ояту:

Сыныпты қалыпқа келтіру.

Үй жұмысын сұрау

«Микрофон» әдісі бойынша ертегі желісіне байланысты дайындап келген сұрақтарына бір-бірінен жауап алады.






Сабақтың ортасы 30мин.





Мағынаны ажырату

Ой қозғау

Жемістердің адам денсаулығына пайдасы туралы ой бөлісу.Тақырыпты болжау.

 «Дәрумендердің адам денсаулығына пайдасы қандай?» бейнекөрініс көру арқылы тақырыпты болжау.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Жетістік критерийін оқушылармен анықтау.

Алманың пайдасы

Қандай дәруменнің бар екенін біледі,айтады,дәлелдейді

Өріктің пайдасы

Қарақаттың пайдасы


Интербелсенді тақта.Бейне көрініс

Жемістер мен көгөністердің суреттері
Ақ қағаз,маркерлер

Анықтамалар.

Ғаламтор желісі

Кесте

Түсіну.

























Оқылым
































Топтық жұмыс


















Жұптық жұмыс









«Аурудың себебі» мәтіні тыңдалады. Мәтін бойынша қойылатын сұрақтар:

1.Теңізшілер неліктен лимон жеуді әдетке айналдырады?

2.Лимонның қандай пайдасы бар?

 3.Керқұлақ ауруы туралы естіп пе едің?

«Керқұлақ» - «Цинга» - С дәруменінің жетіспеушілігінен пайда болатын ауру.

4.Мәтін неліктен осылай аталған екен?


Жетістік критерийі:сұрақтарға толық жауап бере алады;

Бағалау:жетістік критерийі бойынша мынадай қосымша ақпарат беріледі:Бұл дерт адамның организмінде С витаминінің,яғни аскорбин қышқылының жеткіліксіздігінен пайда болады.Көп адамдар «цинганы» қызыл иектің ауруы деп біледі,қызыл иектің қанағыштығы мен тістердің түсуі,негізінен,ауыр дерт белгілері болып табылады.Цингамен ауырған адамның тамаққа тәбеті болмайды.,салмағы азаяды, әрқашанда шаршап және әлсіздікті сезіп тұрады.Цинга ауруымен ауырмау үшін тамақпен бірге адамға С дәрумені түсіп тұру керек.Сау организмнің С дәруменіне тәуліктік қажеттілігі100 мг. С дәрумені көптеген көгөністерде,жеміс-жидектерде,қырыққабатта,көк пиязда,қызанақта,сармысақта көп болады.


4.Өлең шумақтарын оқы (өлең шумақтары оқылады)

 Алма 

Тісің тиер-тиместен,

Тырс етер де,жарылар.

Шықпас мәңгі бір естен,

Хош иісті дәмі бар.  /Мұзафар Әлімбай/

Қарақат

Теремін жазда қарақат,

Қарақат теру-рақат. 

Себетім қолда тоқыма,

Мен- бір құс дәндер шоқыған. / Мұзафар Әлімбай/

 

Өрік

Әкеледі бағымызға көрікті, 

Көктем шыға гүлдегені өріктің. 

Аппақ гүлдер жауып өткен ақ қардай, 

Сәл маужырап күн көзіне еріп тұр. 

/Тұманбай Молдағалиев/

 Өс,өс, қиярым!

Су әкелдім тағыда,

Іше қойшы,қиярым.

Жаз айында томпиып, 

Пісе қойшы қиярым.

Тегін кетпей еңбегім,

Піскенінде қиярым,

Дәмді салат жасауға

Себетіме жиямын.  /Жәнібек Кәрбозин/.

Жетістік критерийі:

*мәнерлеп оқи алады.

Бағалау: «Басбармақ» арқылы бағалайды.

Топ ішінде ой бөлісу.

Өзің қандай жеміс-жидектерді ұнатасың?

“Дәрумендер қоржыны” ойыны

Дәруменге бай 5 жеміс-жидек пен көгөністі ата және оған қатысты 3 сөз жаз. Мысалы: сәбіз-сарғылт,қызыл,бақша,палау.


“Дәрумендер қоржыны”ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: тақтаға қоржын ілінеді. Бұл қоржын Қожанасырдың қоржыны, оның іші сыйлықтармен толы екенін айтып, оқушыларға тапсырмаларды тарату. Егер оқушы тапсырманы дұрыс орындаса, қоржыннан сыйлық ұтып алады.

Бағалау: «Қол соғу» арқылы бағалау Ой толғау (топтық жұмыс түрінде)

Дәрумені бар тағамдарға тағы не жатады?

Дәруменнің адам денсаулығына пайдасы қандай?

Түрлі дереккөздерден ақпарат алып,ойларыңды ереже түрінде жүйелеңдер.

Жетістік критерийі:

 Ойын жеткізе алады;

 Дереккөздермен жұмыс жасай алады;

Бағалау:жетістік критерийі бойынша бағалайды.

Оқулық


























































Қима қағаздар


















Қоржын, жемістер











Сабақтың соңы

5 минут






Кері байланыс "Дұрыс*Бұрыс"

Жұптық, топтық, жеке жұмыстар бойынша оқушыларға ауызша кері байланыс беріп кету. Жақсы тұстарын атап өтіп, жетілдіретін тұстарына ұсыныс білдіру.

Рефлексия. «НЕ алдым?»

доп лақтыру арқылы дәрумендер туралы өзіне қажетті не алғанын айтады. 
«Бүгінгі сабақта өзіме қажетті не алдым?»

Ерекше белсенді оқушыларға «жұлдызша» стикерін беру.


Доп.

Қосымша мағлұматтар



Үйге тапсырма  

Қалаған өлеңді жаттау, эссе жазу.


Дифференциация

*Сіз оқушыларға көбірекқолдау көрсету үшін не істейсіз?

 *Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау - * Оқушылардыңақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?



“Дәрумендер қоржыны” ойыны

"Дұрыс*Бұрыс"





Жетістік критерийлері арқылы;«Басбармақ» әдісі;«Қол соғу»;«Ой толғау» арқылы;



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Балалардың партада дұрыс отыруын,

Жеміс жидектерді жуып жеу







































ТЖ 3 оқушы,3 сыншы, 3 бакылаушы

Әдебиет сабағында 3 оқушы,3 сыншы, 3 бакылаушы әдісін жиірек қолданамын.

3 топтан 3 оқушы берілген мәтінді баяндайды, 3 сыншы олардың қаншалықты дұрыс әрі толық айтқанына сын айтады,әрине, сын айту үшін ол мәтінді сыншылар да жақсы білу керек, бұдан соң 3 бақылаушы 3 оқушының жауабын сыншылар дұрыс сынай алды ма,олардың өздері қаншалықты білетінін бақылап баға береді. бақылаушы да дұрыс бақылау жасап,әділ баға қоя алды ма оны әр топ мүшелерінен сұрастырып талдаймыз.Балалар да қайта -қайта талданған соң тақырыпты жақсы меңгеріп шығады




ЖЖ “Қожанасыр қоржыны”

“Қожанасыр қоржыны”ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру. Ойынның шарты: тақтаға қоржын ілінеді. Бұл қоржын Қожанасырдың қоржыны, оның іші сыйлықтармен толы екенін айтып, оқушыларға тапсырмаларды тарату. Егер оқушы тапсырманы дұрыс орындаса, қоржыннан сыйлық ұтып алады. Ойынның алдында сергіту сәтін өткізуге болады:

Кел, балалар, келіңдер,

Тамашаны көріңдер.

Бізде қызық ойын бар,

Барлығың ден қойыңдар.

Тапсырмалардың үлгілері:

сөздерді қазақшаға аудар: Кошка, дом, школа, библиотека, наш, большой, мы, огород, овощи, рыба.





Кері байланыс "Дұрыс*Бұрыс"

Мен үй жұмысын сұрағанда уақытты ұту үшін көбіне "Дұрыс*Бұрыс"ойыны арқылы сұраймын. Ойын шарты бойынша өткен сабақ туралы бірнеше дұрыс және қате мәліметтер жазамын, сыныпты екі топқа бөліп тұрғызып, екі орындық қоямын, дұрыс мәлімет оқылса дұрыс орындығына немесе керісінше жылдам отыру керек, кім бірінші соған смайликтер беремін, соңында қай топтың смайликтері көп санаймыз




Рефлексия

«Қоржынды кім тез шешеді?»

Үлкен бір модульді аяқтаған кезде нәтиже сабақта «Қоржынды кім тез шешеді?» деген ойын ойнаймыз. Үш қатар болса (немесе 3 топ) үш қоржын дайындайсыз. Әр қоржында сөз тіркесін құру, буынға бөлу, модулға сәйкес грамматикалық тапсырма, мәнерлеп оқу, диалог болады. Қай топ тез дайындалып, дұрыс айтып шығады (7-10 минут). Бұл ойынды мұғалім белгілі бір модуль бойынша оқушының қандай деңгейде меңгергенін тексере алады.