| Ұйымдастыру-іздестіру | Бейне көрініс жол белгілер туралы. Бастаушы: Ал балалар, қане автобусқа жайғасайық. Ал қозғалдық. Сәт сапар! Біз қазір қаланың көшесімен келе жатырмыз. Көше қиылыстарының бәрінде бағдаршам тұр екен. Бағдаршамның қай түсі жанғанда біздің автобусымыз жүру керек? Бастаушы: Балалар, жүргізүші неге жүрісін баяулатты? Бастаушы: Ол белгінің ішінде неге жануардың суреті тұр? Бастаушы: Ондай белгіні қалада қай жерлереде көруге болады. Бастаушы: Ендеше «Жануарлар» деген ескерту белгісі тұрса, біз орманға да келіп қалған болдық қой. Әне, қараңдар, Аю мен Қонжық кетіп бара жатыр. Көрініс «Аю мен Қонжық» Аю: Көшеден өтереде әуелі сол жаққа, содан соң оң жағына қарау керек. Әйтпесе, машина басып кетеді. Қонжық:Жоқ, мен оңға да, солға қараймын. Апай бізге көшеден өткенде тура бағдаршамға қараңдар деген. Аю:Ақымағым-ау, ормандағы жолда қандай бағдаршам болуы мүмкін? Бағдаршам тек қала көшелерінде болады. Бастаушы: Біз тоқтап, Қонжыққа бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өту керек екенін түсіндірейік. Қонжық сен бері кел. Бағдаршам жоқ кезде мынадай белгі салынған жерден өту керек. Бұны «Зебра» - яғни, жолақты белгі салынған жер дейді. Қонжық: Рахмет, енді түсіндім. Аю: Балалар, қонжығыма көмектескендерің үшін сендерге рахмет! Жолдарың болсын! Бастаушы: Ал біз әрі қарай кеттік, жол қысқару үшін біз орман ішінде дыбыстарды тыңдап, айналамызға назар аударайық. Қараңдаршы, орман іші қандай әдемі, түрлі гүлдер өскен, құстар сайрап, қөбелектер гүлден гүлге қонады. Түлкі: Мына қыли қоянның кесірі. Мені велигіне отырғызып, алдымыздан машина шыға келгенде, рульді бура алмай, құлатып тастады. Қоян: Ой! Суайт! Қалай өтірік айтасын. Өзің емес пе, «мен күшті тебем, мен күшті тебем» деп мақтанып, рульге отырған. Неге маған бале жабасың? Бастаушы: Жарайды, дауласпаңдар. Кел, автобусқа отыра қойыңдар. Жолда сендерді Айболитке апарамыз. Балалар байқадыңдар ма, мына жерде қандай белгі тұр? Бастаушы: Мына қасқырға не болған, бұл неге жылап келе жатыр? Ау, Қасеке, саған не болған, бетің көгеріп, аяқ-қолың жара болыпты. Біреу ренжітті ме? Қасқыр: Жоқ, мені кім ренжітуші еді. Бір машина үстіне қой мен ешкі тиеп кетіп бара жатыр екен. Соның біреуін алып қалайыншы деп, машинаның артына жабысып едім, құлап түсіп, аяқ-қолымды жаралап алдым. Бастаушы: Балалар, жүріп бара жатқан машинаға жабысу дұрыс па? Жарайды, Қасеке, автобусқа кіріп, ана түлкі мен қояның жанына отыр, Айболитке барасың. - Балалар сендер Айболиттің кім екенін білесіңдер ғой? Бастаушы: Балалар, Айболит атаны қалай табуға болады? Айболит: Мына қасқырға не болған, бұл неге жылап отыр? Қасқыр: Айтайын мен сізге шынымды жасырмай, Жармасып малы бар машина артына Домалап түстім де, Шыңғырдым құлындай. Айболит: Бір сәтке тойып жер мал үшін Тәртіпті бұзыпсың.Қарынның қамы үшін міне, енді Еңіреп тұрғаның ұят-ай, Аяқты сындырып, басынды жарыпсың. Аңдар:- Айболит ата, енді «жолда жүру ережесін» үйренеміз. - Машинаға жабыспайтын боламын. - Рахмет, Айболит ата. Бастаушы: Балалар, онда кафеде тамақ ішу үшін бірнеше жұмбақты тамақтар туралы жасырайын: 1.Үсті тас,асты тас, Ортасында піскен ас. 2.Алыстан қарасам аппақ Татып қарасам тәтті-ақ 3.Айдалада ақ отау, Аузы,мұрны жоқ отау, Отыз күнде сол отау, Айдалада жоқ отау. 4.Сылдыр сүйық,су емес, Ішсең сусын қанады Ақ болса да қар емес, Шешуін кім табады? Бастаушы: Балалар, енді бақшаға ораламыз. Қане автобусқа отырайық. Ән: «Бағдаршам» («Байқа! Балалар!» белгісі көрінеді).
Мынау қандай белгі, балалар? | Бейне көріністі қызығушылықтарымен көреді
Қызыл Өйткені жасыл түс жанды Айлана: Бұл жерде «Абайла» деген белгісі тұр. Султан: Бұл «Абайла! Жануарлар!» деген белгі. Жүргізуші байқап жүрмесе, жануарды басып мүмкін. Майра: Мектептердің жанындағы көшеде балалардың суреті салынған белгі тұрады. Көзі көрмейтін зағип адамдар өтетін жерде көзілдіріктің суреті салынған белгі тұрады.
Алан: Әуелі жолдан өтерде сол жағыңа қарайсың. Жолдың ортасын келгесін, оң жаққа қараймыз. Бұндай белгі бар жерде машиналар жаяуға жол береді.
Жаралы түлкі мен қоянды көріп қалады.
«Велосипед тебуге болмайды!»-деген белгі.
Ұлжан: Айболит атамыз, бәрін де емдейді. Ауырса адамды, аңды да емдейді. Қадірлі, мейрімді, Айболит атамыз. Айтыңдар, қанекей, оған кім келмейді.
Жансерік: Апай, ана жерде кафе бар екен, міне, белгі тұр.
Нан
Қант Жұмыртқа
Сүт
Қызыл көзін ашқанда, аяғынды баспа алға. Сары көзін ашқанда, қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда, жүре бергін жасқанба. Бұл «байқа, бұл жермен балалар жүреді» деген белгі. |