СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жүрек қантамырлар аурулары

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

мұғалімдерге арналған әдістемелік көмек 

Просмотр содержимого документа
«Жүрек қантамырлар аурулары»

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:




Күні: 18.01.2018 ж


Мұғалімнің аты-жөні : Сенгирбаева Салтанат Бахтыбаевна

Сынып: 8 «А», «Б»



Қатысқандар: Қатыспағандар саны:

Қатысқандар: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жүрек – қантамырлар жүйесінің аурулары.

Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқу бағдарламасынасілтеме)

Жүрек – қан тамырлары жүйесінің аурулары туралы білімдерін жетілдіру;

Қан кеткенде алғашқы жәрдем көрсетуге және өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру;

Алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету. 

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Жүрек – қан тамырлар жүйесінің аурулары туралы біледі;

Оқушылардың басым бөлігі:

Қантамырлардың түрлеріне сипаттама бере алады;

Кейбір оқушылар:

Қан кеткенде алғашқы көмек көрсетуді білуге;

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Тілдік мақсаттар

  • «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы айтылым, тыңдалым, жазылым дағдылары қалыптасады.

Капилляр, қантамыр, жүрек, вена.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Мүшелер мен ұлпалардан қан жүрекке бағытталып ағатын едәуі ірі тамырлар – веналар. Адамдағы жалпы саны – 2 млрд – капилляр

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, алгебра

Алдыңғы меңгерілген білім

Жүректі сипаттай алады. Адам өміріндегі жүректің рөлін сипаттай алады.

Сабақ барысы





Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин








Сабақтың ортасы


4 мин










Білу , түсіну 20 мин








Қолдану

7мин







Сабақтың соңы

4 мин

Сыныпты түгендеу

Амандасу,оқушылардың психологиялық ахуалын қалыптастыру

Әр түрлі түстер бойынша оқушыларды топқа бөлу:

І-топ: «Қысым» тобы

ІІ-топ: «Артерия» тобы

ІІІ-топ: «Вена» тобы

ІV-топ: «Капиляр» тобы

  • Ой шақыру.

Оқушылар жүрек қан –тамыр аурулары  туралы не білетіндерін дәптерге жазады.

 ( жеке жұмыс), (тақтамен жұмыс).

Топтық жұмыс «Бірге ойлаймыз»

Аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында,қиылыс сұрақтар қойылады

1.Қан қысымының көтерілуі неге байланысты

(Бүйрек ауруларына,жүйке жүйесінің күйзелісіне,дененің аз қозғалуына байланысты)

2.Қан қысымы төмендегенде, сынап бағанасының көрсеткіші қанша болады .(70-80мм төмен)

3.Артерия қан тамырларындағы қан қысымы 200мм болса қалай аталады(Жоғары )

4.Адамда қан қысымы жоғарылап не төмендесе қандай алдын алу  шараларын жасау керек(нәруызы бар тағамдарды аз пайдалану керек,8-9 сағат  ұйықтау,ашуланбау,таза ауада көбірек жүру)

5.Вена қан тамырлары қандай жағдайда кеңейеді  (Ұзақ уақыт аяғынан тік тұрып жұмыс істеген жағдайда)

6.Қанқатпа ауруы асқынбау үшін не істеу керек.(көбірек қозғалу қажет)

7. Жүрек кемістігі неден болады (Жүрек қақпақшаларының зақымдануынан)

8.Жүрек кемістігі қалай бөлінеді.(жүре, туа пайда болған)

9.Туа пайда болған жүрек кемістігі неден болады(іште жатқанда ұрық жүрегінің дұрыс қалыптаспауынан)

10. Жүре пайда болған кемістік қалай пайда болады(жұқпалы аурулардың әсерінен)

11.Қанда эртроциттердің азайып ,гемоглобиннің кемуінен болатын ауру.(қаназдық,анемия)

12.Лейкоциттердің тез көбейіп,қан ағынын толтырып жіберуінен пайда болатын ауру түрі.(аққандылық,лейкемия)

13.Қай қан тамырларынан қан кету өте қауіпті. (артерия)

14.Артерия қан тамырларынан қан кеткенде қандай көмек көрсетіледі(жоғарғы жағын саусақпен қысып, жарақаттың бетін таза шүберекпен жауып,үстінен бұрау жіппен қатты қысыпбайлайды)

15.Вена қан тамырлары жарақаттанса қандай шара жасалынады (қан аққан жердің төменгі жағынан саусақпен басып тұрып қатты таңады)

16.Мұрыннан қан кеткенде қандай көмек көрсетіледі(басты сәл көтеріп жатқызып,көз аралығының қырына суық шүберек басады мақтаны сутектің асқын тотығымен дымқылдап танауға тығады)

17.Ішкі қуыстарға қан кеткенде көрсетілетін жәрдем түрі қандай .(басты көтеріп жатқызып ,қан кетті деген жерлерге  суық су басады)

Оқушыларға сабақта өтілген жаңа тақырыптағы тірек сөздерге байланысты тақырып мазмұнын ашатындай сыни сұрақтар қойылады.

«Менен сұрақ сізден жауап» әдісі

1Вена қан тамырларында қан қысымы жоғарылайды ма.(жоқ, артерия қан тамырларында)

2.Артерия қан тамырлары қою,күңгірт түсті ме.( жоқ, алқызыл қызыл түсті ).

3.Миға қан құйылу қауіпсіз бе .(жоқ,қауіпті себебі ми жасушалары зақымданып,бұлшықеттер жансызданады)

4.Егер қан қысымы төмендесе сынап бағанасының көрсеткіші 200 мм болама( жоқ,70-80мм ).

5.Бастың ауруы, құлақтың шуылдауы ,жүректің жиырылуының бірде жиілеп,бірде бәсеңдеуі қан қысымының көтерілуіне байланысты ма.(жоқ ол қан қысымының төмендеуіне байланысты ).

6. Жүрекшелердің зақымдануына жүрек кемістігі болады ( жоқ жүрек қақпақшаларының зақымдауынан болады )

7.Ұрық жүрегінің дұрыс қалыптаспауынан болатын ауру  жүре  пайда болған жүрек кемістігі  (жоқ туа пайда болған кемістік  )

8.Жүрек қақпақшаларының жармаларының жиегі тегіс болуынан жүре пайда болған кемістік ауруы болады .(жоқ,  жүрек қақпақшаларының жармаларының жиегі тегіс болмай кедір бұдырлы тыртық болған жағдайда).

9.Қанда эритроциттердің азайып гемоглобин кемуінен болатын ауру лейкемия, ақ қандылық деп аталады .(жоқ қан аздық анемия деп аталады )

10.Анемия ауруын рентген сәулесі, радиоактивті элементермен емдейді (  жоқ оны қан құю арқала емдейді)

11.Тромбоциттер кеміктегі жілік майын ығыстырып, эритроциттердің түзілуіне кедергі жасайды  (жоқ, тромбоцитттер емес лейкоциттер )

12. Вена  қантамырлары жарақаттанғанда қан аққан жердің жоғарғы жағын саусақпен қысады (жоқ, бұндайкөмек артерия қантамырларынан қан кеткен жағдайда болады )

13.Мақтаны сутектің асқын тотығымен дымқылдап танауға тығады, бұндай жәрдем ітен қан кеткенде көрсетіледі ( жоқ, бұл жәрдем мұрыннан қан кеткенде көрсетіледі )

14.Терінің бозаруы, суық тердің шығуы, тыныс алудың баяулауы, мұрыннан қан кеткен кезде болады ( жоқ, ішкі қуыстарға қан кеткен кезде байқалады)

15. Қан бұлшық еттерді көмір қышқыл газымен, ыдырау өнімдермен байытады.( жоқ, қан оттегімен және қоректі заттармен байытады)

16.Салауатты өмір салтын ұстанған, шыныққан адамның денесі ширақ, көнілі көтеріңкі болады .( ия)


Үй тапсырмасын күнделікке жазу

Кері байланыс «ҚҚҚ» әдісі бойынша

Кеспе қағаздар








http://festival.1september.ru/articles/606232/ -


«Электронды оқулық»

https://www.youtube.com/watch?v=9zRr6ouR-SY&spfreload=10

https://www.youtube.com/watch?v=S79RKkzWy5Q&spfreload=10 -


















Слайд, жеке парақшалар




Стикерлер

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс қауәпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. Құндылықтардағы байланыс

«Жылдам табу» ойыны бойынша тез жауап беру.Қанайналым, Пирикард, жүрекше, қарынша, эпикард, миокард, эндокард, жақтаулы қақпақша, үш жақтаулы, қос жақтаулы, жарты ай тәрізді қақпақшалар, қолқа, артерия, вена, қылтамыр.

Бағалауды әр тапсырманың соңында «бағдаршам» әдісі бойынша бағалап отырамын. Егер бала түсінбегенін білдірсе, нені түсінбегенін сұрап кетемін.

Жалпы сабақ бойынша «ҚҚҚ» әдісі арқылы кері байланыс аламын.

Қазақ тілі, алгебра.

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берген уақыт ішінде үлгердім бе?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.




Тексерілді:



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!