СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жыл басына таласқан хайуанаттар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

....................................................................................................................................................................

Просмотр содержимого документа
«"Жыл басына таласқан хайуанаттар"»

Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе

Өткізу күні / Дата проведения: 18.09.2018

Тәрбиеші / Воспитатель : Садвокасова В.А.

Білім беру саласы / Образовательная область: Коммуникация

Пән / Предмет: Драма

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: "Деніміз сау болып өсеміз"

Тақырыбы / Тема: «Жыл басына таласқан хаиуанаттар»

Мақсаттары / Цели. Мақсаты:

1. Тәрбиелік – воспитательная : ертегі кейіпкерлерін сомдағанда дауыс ырғағына мән беру керек. балаларды ертегілерді әңгімелеп беруге жаттықтыру, үй жануарлары туралы білімдерін тиянақтау, рөлдерді үйлестіріп, берілген рөл бойыншаәрекет етуге баулу.

2.Дамытушылық – развивающая Сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтуға даярлау және артикуляциялық аппараттарын дамыту

3. Оқыту – обучающая : Балаларды дұрыс,анық сөйлеуге машықтау

Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, , сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение кітап, қарандаш,өшіргіш, әріптер.

Көп тілділік полиязычие:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

- Балалар қазір жылдық қай мезгілі екен?
- Қүз мезгілінің айларын атаңдаршы?
- - Дұрыс, жарайсыңдар.

2.Негізгі бөлім.
Оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы:
«Жыл басына таласқан хайуанаттар»
- Балалар бізге қонаққа кімдер келіп отыр екен?
- Осы хайуанаттардың жыл басына қалай таласқанын мына үнтаспадан тыңдап көрелік.
- Ал, енді осы ертегі кейіпкерлерін әр қайсымыз рөлге бөліп ойнап көреміз бе?
Тәрбиеші ертегіні бастайды.
- Бұрынғы өткен заманда хайуанаттар жиналып, Жыл басы болуға таласыпты.
- Жылқы айтыпты: Мен алысты жақын қыламын. Күшімді болса көреді, сүтімді болса ішеді, Қылымнан арқан жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл басы мен боламын.
Сонда түйе оған: Сен адамның жұмысын қылсаң, құлқының үшін құл болдың. Мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық жерлерге барамын. Аш болдым деп сен сияқты арпа, сұлы сұрамаймын. Көде, жусан жеп табылса су ішіп, табылмаса шөлге де шыдап жүре беремін. Жыл басы болуға мен лайықтымын!- деді.

Барыс: - Тоқта, тоқта кербез түйе! Сен бойыңа сенсең мен күшіме сенемін, ендеше неге мен жыл басы болмаймын? Барыстың әні;
Сиыр тұрып: - Адам егін ексе, жер жыртса мен керекпін. Олар сүтімді ішеді, құрт, майымды жейді, Жыл басы болуға мен лайықпын.
Ит тұрып: - Мен болмасам сендердің барлықтарыңды қасқыр жеп қояр еді, мен бақташымын.
Ұлу: - Неге күштілер жыл басы болу керек. Жыл басы болу үшін ақыл мен ой керек.
Әтеш: - Мен жыл басымын, ерте тұрып, таң атты деп хабар беремін.
Қой: - Мен болмасам қазақ үйін немен жабар еді? Жүнімнен киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан жіп еседі. Сүтімнен құрт, май алады, шаруаға менен пайдалырағың жоқ, жыл басы мен боламын.
Тышқан: - Таласқаннан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық, кім бірінші күннің көзін көрсе сол жыл басы болмақ.
Аңдар жиналып бір ойын ойнайды. Ал түйе болса ойнағысы келмей, аулақтау жерге барып ұйықтайды.
- Достар таң атып, күн шыққанша біраз уақыт бар, келіңдер бір ойын ойнайық.
Ойын: «Кім тез бояйды»
Балалар суреттерді бояйды.
Сергіту кезеңі.
Жылды қарап тұралық,
Ойын сауық құрайық.
Бұрын көрген батырды,
Жыл басы деп ұғайық.
Тышқан қулық ойлайды
Келіспеске қоймайды,
Шығып алып түйенің,
Өркешімен ойнайды
Ойын: мақал мәтелдерді кім шапшаң жаттайды
Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл көсір.

Жылқыда өт жоқ,
Құста сүт жоқ.

Аттан тай озады,
Атадан бала озады.

Малды жақсы баққаның
Өзіңе абырой тапқаның.
Малды жаман баққаның
Келген бақты қаққаның.
Ойын: Жұмбақ шешу.

Иір - иір денесі
Сахараның кемесі
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады. (Түйе)

Жер астында жездекем аты кісінейді. (Тышқан)

Есек құлақты,
Мысық аяқты,
Түйе ерінді,
Ешкі құйрықты. (Қоян)

- Балалар енді бір жұмбақ бар барлығымыз көзімізді жұмамыз,
сол кезде күн шығады, ойынның қызығына түскен аңдар мұны байқамай да қалады тек байқаған тышқан болады.
- Алақай, алақай
Күнді көрдім алақай.
Қулығыммен, ақылыммен,
Бәрін жеңдім алақай.
- Бәрекелді! Міне нағыз жыл басы ақылды тышқан болды. Қалған хайуанаттар мен көрдім, мен көрдім деп алға жылжып жытты. Ал түйе болса сол ұйықтаған жерінде, күнді көре алмай, жыл атауынан құр қалыпты.
Түйені оятып: Түйе мырза, сен әлі маңқиып ұйықтап жатырмысың! Мына жұрт жылды бөлісіп те алды. Кел кімнен кейін кім болғанын білейік.
Хормен: Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, қой, мешін, тауық, ит, доңызды санап жаттап біліп қой.
3.Қортынды

- Соны мен балалар ертегі сендерге ұнады ма? Бүгінгі оқу іс - әрекетімізде не өттік?
- Жарайсыңдар, барлығыңда жақсы қатыстыңдар. Жыл атауларын сендерге үйрену үшін беріп жібердім, жаттап алыңдар. Бүгін оқу іс - әрекетіміз аяқталды, апайларға сау болыңыз айтамыз.