Просмотр содержимого документа
«Жыл мезгілдері!!»
Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в среней группе
Өткізу күні / Дата проведения: 12.02.2018
Тәрбиеші / Воспитатель : Білім беру саласы / Образовательная область:Коммуникация
Пән / Предмет: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Табиғат әлемі
Тақырыбы / Тема: «Табиғаттың танғажайып әлемі»
Мақсаттары / Цели :
1. Тәрбиелік – воспитательная: табиғатты сүюге,аялауға оған қамқор болуға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Табиғатта болатын танғажайып құбылыстарды бақылай білуге үйрету.
3. Оқыту – обучающая : Балаларға табиғат, тіршілік, коршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, Балалардың табиғат жайлы ұғымдарын тиянақтау.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, табиғат құбылыстарынің суреттері,, қыстың суреті, лэпбукпен жұмыс.
Билингвалдық компонент : табиғат-природа, Жыл мезгілдері- времена года. Қыс -Зима,Көктем - Весна,Жаз – Лето, Күз – Осень.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
Балаларға жұмбақ жасырамын
Суда мұз бар
Жерде қар бар
Боран борап соғады,
бұл қай мезгіл болады (қыс)
Қар мұз еріп,су көбейіп,сай салаға толады.
Бүршік жарып,жарық ашып,
гүл бәйшешек басады. (көктем)
-Жарайсындар ,балалар!
-Балалар ,бүгін біз «Жыл мезгілдері» туралы айтамыз
-Балалар ,айтыңдаршы ,қазір жылдың қай мезгілі?
-Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Билингвальды компонент: қәне қайталайық.Қыс -Зима,Көктем - Весна,Жаз – Лето, Күз – Осень.
-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Күн суытады, жаңбыр жауады, ағаштардың жапырақтары
сарғаяды. Ал кәзір жыл мезгілі қандай?. (Балалардың жауабы)
-Балалар айналаға қарасандар аппақ қар жатыр ия
(Тәрбиеші балалардың назарын сандықшамен кітапқа аудартады)
-Бұл не екен балалар?Сандықша,ішінде не екен? (тәрбиеші сандықшаны ашады) кітап
Бұл сиқыршының кітабы екен,оның ішінде қараңдаршы ,суреттер,тапсырмалар бар екен.
Біздер оларға жауаптарын тапсақ сандықша ашылады екен,сонда өзімізде сиқыршы боламыз дейді.
-Балалар біздер бұл тапсырмаларды орындау ұшін шығармашылық орталығымызға баруымыз керек. Ендеше тапсырманы орындап көрейік.
Ойын : «Текше »
Шарты: Текшені лақтырғанда қай мезгілдің суреті түссе ,сол мезгіл туралы сүрақтарға жауап береді.
Балаларды төрт топқа бөліп отырғызу.
Күз мезгілі: қолшатырдың суретін аяқта;
суреттерден күз туралы сөйлем құрастыру ;
күз мезгілі туралы тақпақ айту;
Қыс мезгілі: қыс мезгілінде қарсыз түрған ағаштың суретің аяқта;
суреттерден қыс туралы сөйлем құрастыру ; қыс мезгілі туралы тақпақ айту;
Көктем мезгілі: көктемде бірінші шығатын гүлі;бастап жасалған гүлді аяқтау;
көктем мезгілі туралы сөйлем құрастыру;
көктем мезгілі туралы тақпақ айту;
Жаз мезгілі: гүлдің суретін аяқтау;
жаз мезгілі туралы сөйлем құрастыру;
жаз мезгілі туралы тақпақ айту;
-Балалар, бізге сиқыршы сендер өздерің де енді сиқыршылар болдыңдар дейді.
-Балалар ,қараңдаршы сандығымыз ашылған .
Ішінде не бар екен?Қағаздар?
Балалар мына қағаздар умаждалып қалған,оны біз не істейміз?
-Жарайды, онда біздер қазір сиқыр жасаймыз.
-Сендер өздерің сиқыршы екеніндеріңді сезініп тұрсындар ма? Балалар лэпбук пен жұмыс жасайық бірінші жыл мезгілдерін құрастырайық.(балалар жыл мезгілдері бар пазл құрастырады)енді балалар табиғатта болатын құбылыстарды атайық.
-жарайсындар балалар!өте тамаша.
Сергіту сәті:
Күн ұйықтады
Күн оянды
Жел тұрды
Бұлт шатырлады
Жаңбыр жауды
Жаңбыр басылды
Күн ашылды. балалар қимылмен көрсетеді.
3.Қортынды
Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар екен?сол төрт жыл мезілінің өз ерекшеліктері бар екен ия, сендерге лэпбукпен жұмыс жасаған ұнады ма?-жарайсындар! баріңе көп рахмет