СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 06.07.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жылу мөлшері. Меншікті жылу сыйымдылық

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 сыныпқа арналған сабақ жоспары "Жылу мөлшері. Меншікті жылусыйымдылық"

Просмотр содержимого документа
«Жылу мөлшері. Меншікті жылу сыйымдылық»

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Физика

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Жылу құбылыстары

Мектеп: «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты жөні: Зарықханова А

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Жылу мөлшері. Меншікті жылу сыйымдылық

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме)

8.3.2.5 – жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау;

8.3.2.6 – заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіру

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Жылу мөлшері, меншікті жылу сыйымдылықтың не екенін біледі, өлшем бірлігін айта алады;



Көптеген оқушылар істей алады: Жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтай біледі, жылу мөлшерінің формуласын қолданып, есеп шығара алады; меншікті жылусыйымдылықтың физикалық мағынасын түсінеді.



Кейбір оқушылар істей алады:

Жылу мөлшерінің формуласын түрлендіріп, күрделі есептер шығарады, жылу сыйымдылық ұғымын қолдана отырып, құбылыстарды түсіндіреді.

Бағалау критерийі

Жылу мөлшері, меншікті жылу сыйымдылықтың не екенін біледі, өлшем бірлігін айтады.

Жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтайды, жылу мөлшерінің формуласын қолданып, есеп шығарады, меншікті жылусыйымдылықтың физикалық мағынасын біледі.

Жылу мөлшерінің формуласын түрлендіріп, күрделі есептер шығарады, жылу сыйымдылық үғымын қолданып, құбылысты түсінеді.

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:жылу мөлшері, калория, меншікті жылусыйымдылық

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Жылу берілу кезінде ішкі энергияның өзгеруінің өлшемі ... деп аталады.

Дененің меншікті жылу сыйымдылығы дегеніміз ...

Жылу мөлшері ... формуласымен анықталады.

Терминология

қазақша

орысша

ағылшынша

Жылу мөлшері

количество тепла

amount of heat

Меншікті жылу сыйымдылық

тепловая способность вещества

thermal capacity of a substance

Температура

Температура

temperature

Жылу алмасу

теплообменник

heat exchange



Құндылықтарды дарыту





Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу. Өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту

(Тәжірибе эксперимент жасату арқылы)

Пән аралық байланыс

Математика, биология, әдебиет

Алдыңғы білім



Жылу, жылу алмасу, жылу берілудің түрлері, дененің массасы, температура, жұмыс, ішкі энергия

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)



Ресурстар



Сабақтың басы

5-6 минут


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, сыныпты жеребе арқылы топқа бөлу; Психологиялық ахуал туғызу. Қатысушылардың орындықтарының арқасында сары, қызыл, көк түсті қағаздар ілінеді.Түстері сәйкес келген адамдар бір- бірімен амандасады: Көк түстілер «Сәлем!» деп екі қолдарын жоғары көтеріп амандасады; сары түстілер «Нi»- деп оң қолдарын көтеріп амандасады; қызыл түстілер қолдарын кеуделеріне қойып бастарын иеді.

Үй тапсырмасын тексеру

Әр топтың капитаны оқушылардың дәптерлерін тексереді.

«Артқа бір қадам»

Әр топқа қағаз қиындылары беріледі. Сол қиындылар арқылы суретті құрастырып, сол құбылыс туралы айтуы керек.

ҚБ. Оқушылар бір-бірін балл арқылы бағалауы керек:

Дескриптор:

Тапсырманы толық орындады

3

Қателіктер болды

2

Мүлдем орындамады

1



Үлестірме -1

Сабақтың ортасы

25 минут

Миға шабуыл

Бір күні аты әлемге әйгілі Алдар көсе Шық бермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Алдар көсе ұзақ әңгіме айтып отырып қалады да, бай оны шайға шақырады. Шайға байдың қызы Бикеш темірден өріліп жасалған ыдысқа бауырсақты салып әкеліп дастарханға қойып жатып былай дейді :

Бауырсақты ыстық кезінде жеген дәмдірек, сондықтан да бауырсақ тез суып қалмас үшін мына темірден өріп жасалған ыдысқа әдейі салып әкелдім.

Дәмнен ауыз тиіңіздер.

Сонда көпті көрген қу Алдар былай деп жауап қайтарады;

Жоқ, қарындасым, сіз қателесесіз. Темір ыдыста бауырсақ тез суиды, ал бауырсақ тез суымасын десеңіз, бауырсақты ағаштан өріліп жасалған ыдысқа салғаныңыз жөн болар еді.

Сұрақ Алдардың дастархан басында берген кеңесі дұрыс па?

Оқушылар сабақтың мақсатын, тақырыбын ашқаннан кейін, 7 минут оқуға уақыт беріледі.

І топқа: Жылу мөлшері, жыл мөлшерінің дененің массасы мен температураға өзгерісі

ІІ топқа: Заттың меншікті жылусыйымдылығы, жылу мөлшерін есептеу

ІІІ топқа:Дене температурасының жылу мөлшеріне тәуелділігі, дене температурасының уақытқа тәуелділігі

«Конверт» әдісі.

Әр топ оқыған мәліметтер бойынша 5 сұрақ дайындап, конвертке салады. Әр топ конвертті сағат тілімен алмастырып, сұраққа жауап береді. Бір бірін бағалайды.



Практикалық жұмыс:

«Білім шыңына шығу»



Шарт: А-ны шығарғаннан кейін ғана, В-ға өте алады. В-дан кейін С-ға өтеді. (топтарға есептер беріледі деңгейлер бойынша, жауаптарын стикерге жазып, әр баспалдаққа жазу керек).

Дескриптор

1.Есептің шартын құра алады.

2. Жылу мөлшерінің формуланы пайдаланып, түрлендіре алады.

3.Есептейді және жауабын шығара алады.

4. Эксперименттік тапсырма орындайды

ҚБ. Әр топ бір-бірін бағалайды. Жұлдыз, төртбұрыш, үшбұрыш беру арқылы бағалайды.



СЕРГІТУ СӘТІ

  1. Суға салсаң батпайды,

Отқа салсаң жанбайды. (мұз-лед-ice)

  1. Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.(ауа-воздух-air)

  1. Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен.(су-вода-water)



СЕМАНТИКАЛЫҚ КАРТА


Q=cmΔt

C=Q/mΔt

ΔU

Дж

Массасы 1 кг заттың t-cын 1 С-қа өзгерту үшін қажетті жылу мөлшерін көрсететін шама

Жылу мөлшері






Меншікті жылу сыйымдылық






Дененің ішкі энергиясы






Оқушылар топ ішінде бір-бірін тексереді.

Үлестірме -2

Конверт



Эксперименттік тапсырмаға қажетті құралдар: массасы әр түрлі біртекті заттар (су);

Температуралары әр түрлі біртекті заттар;

Массалары бірдей, әр түрлі заттардың температурасын бірдей шамаға өзгерту (май мен су)





































Үлестірме – 3

























































Үлестірме -4



Сабақтың аяғы


Кері байланыс. «Сэндвич»

(Оқушылар басқа топтың 2 жақсы жағын, 1 ұсынысын айтады)

Рефлексия. «Нысана»

Үйге тапсырма. 40 бет, №4,5 есеп



Дифференциация – Сіз жоспарда қолдауды қалай басымырақ көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті балаларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың меңгерген білімдерін қалай тексеруді жоспарға енгізіп отырсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын қорғау



















Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жетпесе неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге?

Осы бөлімде сабақ туралы ойланыңыз. Сол жақтағы бағанның негізгі сұрақтарына жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақтың екі көрінісі жақсы өтті (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға ненің әсері тиуі мүмкін (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында мен сыныппен бөлек оқушылар туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?






































Үлестірме

І топқа:

  1. Жылу мөлшері деп нені айтады? Оның өлшем бірлігі қандай?

  2. Алюминий білеушені өңдеу кезінде оның температурасы 20 -тан 420 -қа дейін артты. Алюминийдің массасы 5 кг болса, оның ішкі энергиясы қаншаға өзгерген? с-920 Дж/кг* (Жауабы: 1840 кДж)

  3. Температуралары бірдей, массалары әр түрлі біртекті заттар берілген. Тәжірибе көрсету арқылы жылу мөлшерінің массаға тәуелділігін көрсет

ІІ топқа:

  1. Жылу алмасу кезіндегі жылу мөлшері мен ішкі энергияның өзгерісі бір-бірімен қалай баланысқан?

  2. 2 т шойынды 10 –тан 70 – қа дейін қыздыру үшін қанша жылу керек?

  3. Массалары бірдей, температуралары әр түрлі заттар берілген. Тәжірибе көрсету арқылы жылу мөлшерінің температураға тәуелділігін көрсет.



ІІІ топқа:

  1. Заттың меншікті жылусыйымдылығы дегеніміз не? Оның физикалық мағынасы қандай?

  2. Температурасы 320 ℃ –тан 20 ℃ –қа дейін суыта отырып, қоршаған орта 900 кДж жылу беретін болат таяқшаның массасы неге тең?

  3. Массалары бірдей, температуралары бірдей әр түрлі заттарды бірдей шамаға өзгерту (май мен су).










Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!