© 2017, Турымов Еркен Сейтказинович 429
СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Білімділік мақсаты: Оқушыларға Абай өмірі мен шығармашылығы туралы терең,тиянақты білім түсінік беру.
Дамытушылығы: Музыканың өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып, Абай әндері арқылы оқушылардың ой- санасын, есте сақтау, қабілетін, музыкалық сезімін дамыту.
Тәрбиелілігі: Ұлы ақын атамыздың әндерін үйрене отырып, сергектікке, рухани сұлулық пен көркемдікке талпындыра отырып тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру.
Өткізу әдісі: Топпен жұмыс, баяндау, тыңдау, сұрақ – жауап.
Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті, сурет, тарих.
Көрнекіліктер: Портрет,, слайдтар, сырнай аспабы, карточкалар, үнтаспа, әндер жинағы.
Жоспар:
1.Ұйымдастыру. оқушылармен үш тілде әуенді сәлемдесу
2.Жаңа сабақ
Музыкалық сауаттылық : интервалдар
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасы
Музыка тыңдау арқылы сабақтын тақырыбын ашу.Сұрақтар беріп, оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, өткен сабақта оқыған тақырыпты бүгінгі сабақпен байланыстыру. Ендеше бүгінде Абайды тағы бір қырынан да тани түсеміз.
Оқушылар үш топқа бөлінді, бірдей Абай тақырыбы берілді.
Алдарындағы қағазға оқушылар өз ойларын түсіреді
ә) Абай тақырыптарына өз білетіндерін жазады;
б) Топпен жұмыс жүреді. ( оқушылар, ізденіс, ой үстінде)
Әр топтан бір оқушы шығып, өз жазғандарын оқып, тақтадағы кестені толтырады, Абай туралы түсінік беріледі.
Абайдың азан шақырып қойған аты Ибраһим
Абай Құнанбаев
1845-1904 Әкесі Құнанбай Аудармашы
Бұл жердегі жүзеге асатын мақсат оқушылардың ой қозғауына түрткі болу.
Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, сабақтың мазмұнына тереңдей кіру
Енді сазгерлік шығармаларына тоқталу.
Абайдың ақындық даналығы әдебиетте қалай дара, оқшау тұрса композиторлық ерекшелігі де музыка әлемінде айрықша, өзгеше бітіммен ерекшеленеді. Көркемдік өзгешелігі оның әуез – сазының нәзіктігінде, әуездігіне, өлең сөзі мен әуенінің сәйкестігінде.
Ол халқының болашақ өнерінің тағдырын, жас ұрпақтың тілегін ойлап, келер заманның талабын өтерлік жаңа ырғақ, жаңа ән керегін сезді.
Қазақтың кәсіби музыкасының басы осы Абайдан басталады. Оның сазгерлік өнерінен сыр шерте отырып, атақты әндерінің әлем халықтары тілдерінде аударылып, кеңінен таралды, күні бүгінге біздерге жетіп отыр, музыка зерттеушілерінің Абай әндерін жоғары бағалап, басқа халық композиторларының әндерінен өзгеше екенін баяндау.
Композитор Абай дарынына қанат бітірген, ән нәрімен сусындатқан орта қандай, өнерінің бұлақ бастауы қайда? – деген сұрақтарға оның 1-ші туған табиғатынан, туысқан халықтардың сөз қазынасынан, дүние жүзі ғылымынан үйренген.
Ұлы неміс ақыны Гётенің Рубинштеиннің музыкасына жазған «Горные вершины» әні сыршылдығымен Лермонтовты елітсе, жарты ғасырдан соң қазақ даласының ұлы перзенті Абай өз тіліне аударады деп кім болжаған. Екі шығарманы тыңдату.
Балалар, Абайдың мына бір әнінде табиғат сұлулығын және адамның көңіл күйін әсерлі әуенмен бейнелеп жеткізіп отыр екен. Осы әнді тыңдайық. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдату және баянда ойнап үш шумағын орындап беру.
Бұл сабақтың музыка тыңдау бөлімінде орындалады. Тыңдау барысында 3 топқа шығармашылық тасырма беру. Әнді тыңдай отырып, қағаз бетіне көз алдарына келген бейнені суреттеп салу. Осы жерде оқушылардың өзін-өзі тануына ықпал етіп, жеке тұлғаның шығармашылық дамуын байқауға болады
Музыка сауаты: интервалдар. Интервал дегеніміз—кез келгенбір нота мен келесі нготалардың аралығы
Ән үйрену кезінде Абайдың « Көзімнің қарасы» атты әнін үйрендік.
Динамикалық белгілері mf
Екпіні орташа
Сабақтың қорытынды бөліміне, «Біз нені үйрендік?» тақырыбына 5 жол өлең стратегиясы бойынша Абай тұлғасы жан-жақты талданып, талқыланады:
© 2017, Турымов Еркен Сейтказинович 429