СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Айдың тұтылуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Айдың тұтылуы Айдың шала тұтылуы Ай Жердің көлеңкесіне енген уақытта басталып, 3,75 сағатқа созылады. Осы уақыттың орта шенінде Ай толық тұтылып, ол 1,75 сағатқа созылады. Толық тұтылу кезінде жер атмосферасынан шағылған Күн сәулесінің шамалы мөлшерінің Ай бетіне түсуі салдарынан Ай беті күңгірттенеді. Күн тұтылу тек жаңа Ай, ал Ай тұтылу тек толған ай кезінде (бірақ олардың әрқайсысында емес, тек Күн мен Айдың аспан сферасындағы көрінерлік жолы қиылысатын Ай орбитасының түйіндеріне Күн мен Ай айтарлықтай жақын келгенде) ғана болады. Айдың ең жақын түйіннен бұрыштық қашықтығы 17,9-тан аспаса Күн, ал толған айда бұл қашықтық 12,0-тан аспаса Ай тұтылады. Ай мен Күн түйіндерге неғұрлым жақын болса, тұтылудың ұзақтығы мен фазасы соғұрлым көпке созылады. Тұтылудың жиіліктері Жер үшін Күн тұтылу Ай тұтылуға қарағанда жиі болады. Жер бетінің белгілі бір аймағында Күн тұтылу орташа есеппен 300 – 400 жылда 1 рет қайталанады. Әр халықтың жылнамаларында Ай мен Күннің тұтылуы жайында мәліметтер сақталған. Бұл – маңызды тарихи оқиғалардың уақытын және бұдан бірнеше мың жыл бұрынғы Ай мен Күннің қозғалысын анықтауға көмектеседі. Басқа планеталардың тұтылуы Юпитердің төрт жарық серігінің планетаға жақын үшеуі әрбір айналым сайын, ал төртіншісі ішінара тұтылады. Осы тұтылуды бақылау арқылы 1675 жылы дат астрономы О.Ремер (1644 – 1710) алғаш рет жарық жылдамдығын анықтады. Юпитердің қарсы тұруына дейін тек тұтылудың басталу (яғни серіктердің Юпитер көлеңкесіне енуін), ал қарсы тұруынан кейін серіктердің көлеңкеден шығу кезеңін ғана бақылауға болады. Қарсы тұру кезінде Т. көрінбейді, өйткені, ол планета дискісінің арғы жағында болады. Серіктер Юпитер мен Күннің арасынан өткен кезде Юпитер үшін Күн тұтылу болады. Сатурнның серіктері планетаның көлеңкесінен де және оның сақинасының көлеңкесінен де тұтылады. Ал Марс, Уран, Нептун серіктерінің тұтылуларын бақылау қиын болып келеді.
Категория: Всем учителям
07.08.2017 21:18


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Похожие записи

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!