СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Сіз жайлы мен пікір айтсам.
Қайран елім қазақ деп өзге жұрттан,
Келіп едім мен дағы оралман боп.
Жатсынбады еш пенде,шеттетпеді,
Ортасына қабыл ап:-төрге өт,-деді.
Дипломым бар қолымда,жұмыс болса
-Берің дедім,істеймін,жатсынбаймын.
-Келіңіз,еш қысылмай,жұмыс та бар,
Ортамызда сіз үшін орын да бар.
Деді маған жылы бір сезім менен
Осы Гүлнар Чимкент қызы мейіріммен.
Біз ешқашан алалық жасамаймыз.
Көп ұлтты ұжымбыз,ортамыз кең.
Бауырлармыз бәріміз,туыспыз ғой,
Сен де бізге дос,бауыр,туыссың ғой.
Айтқан сөзі Гүлнардың сол кездегі
Есімнен еш кетпейді осы күнде.
Анамдай боп алдымнан шықса болды
Жағдайымды сұрайды қамқор болып.
Өзі қандай асыл жан шаршамайтын
Жүрегіне әр жанның жол табатын.
Қашан көрсең жүргені әр адамға,
Қанат жайып,қамқор боп,көңіл бөліп.
Сұрасады өзіңмен туысың боп,
Сырласады дос болып,жақын тұтып.
Жанын беріп сен үшін қиналсаң да.
Қуанады балаша сен қуансаң.
Үлкен ұжым,жас та бар,кәрі де бар,
Басшы болу оларға үлкен міндет.
Бипатпаның ұрпағы болса дағы
Арқалап жүр Гүлнар қыз ауыр жүкті.
Ол үшін жоқ таң ба,түс пе немесе кеш,
Күн суық па,ыстық па,қызық емес,
Тек мектептің шаруасы ойлағаны.
Мектеп,бала,мұғалім-солар үшін,
Жеке бастың шаруасын,үйі барын,
Ұмытады үйдегі отағасын.
Денсаулығы,туысқан,балалары,
Мектептен соң екінші орында тұр.
Мектеп,бала тазалығы назарында,
Бөлмелердің жылылығы санасында.
Мұғалімнің,баланың да көңіл күйі
Ол жан үшін әрқашан маңызды іс.
Уақыт тауып сен үшін қиналмастан,
Бөліседі өзіңмен бар жан сырын.
Асыл ана,адал жар,ардақты дос,
Кішіпейіл,мейірімді,қайырқом.
Жиналыпты бір Гүлнардың бойына,
Бұл да нұры бір Алланың сыйлаған.
Жақсының жақсысын айт,мейірі тассын,-
Деген мақал бекерге айтылмаған.
Мен өзіңді үлгі тұтам өзіме де,өзгеге,
Шәкірттерім ұқсасын деп өзіңе.
Бұл менің өз пікірім Гүлнар тате,
Ойламаң өзге нәрсе мен жайында.
Тілерім денсаулық пен аманшылық,
Әрқашан алда болың тілерім сол.
© 2016, Курбанбаева Маржанай Садвакасовна 250