СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Мен Максутова Гулзад Ибраимбаевна химия-биология пәнінен сабақ беремін.
Биылғы Елбасы Жолдауының білім саласында еңбек етіп жатқан біздер үшін орны ерекше болмақ. Президенттің Жолдауында «Мәңгілік ел» қағидасына айырықша көңіл бөлуі тегін емес. Болашақ ұрпаққа сапалы білім беру үшін заманауи технологияларды енгізу енгізу, Қазақстанның білім саласының қарыштап дамуына үлес қосу әр ұстаздың азаматтық борышына айналуы тиіс.
Сабақ беруде жаңаша оқытудың тәсілдерін меңгеруде Жеті модульдің ішінен:
Блум таксономиясы», «Сыни тұрғыдан ойлау», «Диалогты оқыту», «Бір сөзбен» әдісі, «Синквейн», «Тазалық» ойыны, «Инсерт», «Буреме әдісі» т.б қолданған сабақтар жақсы нәтиже берді. Мысалы 7 сыныпта «Теңіз ішекқуыстыларының көптүрлілігі», «Бауыраяқты ұлулардың жалпы сипаттамасы» тақырыбында өткен сабақтарым сәтті өтті. Бұнда оқушылардың ойын ашық, еркін айтуға, белсенділігін арттыруға топпен ақылдаса отырып бір – бірінің пікірін тыңдай білуге өте қолайлы болды. Бағалағанда да әр топ жетекшісі өз тобынның мүшесінің әр тапсырманы орындалуын қадағалап белгілеп отырды. Арасында қалып баяу қалып қойған (Динара, Нұрсұлтан, Анель) толық көрсетілді. Бұл сабақта әлсіздік көрсеткен оқушылар керісінше «Балықтарға жалпы сипаттама», «Құстар класы. Құстардың тіршілік ортасы» сабақтарында белсенділік танытып «Буреме әдісі» бойынша төрт жолды өлең құрастыруда өз қызығушылықтарын ашып айтып көрсетті.
8- сыныптада сондай өзгерістер бар. «Адамның негізгі ұлпалары», «Қаңқа бөлімдері», «Капиллярлық, веналық және артериялық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек», «Витаминдер, олардың маңызы» сабағында оқушылар жақсы жағынан көп көрінді. Әр түрлі кабинеттерге саяхат жасап, болашаққа бағдар жасап, достарын салауаттылыққа шақырда. Өз ойларын еркін айтып, топтасып жұмыс жасап, білгендерін жинақтап, ой түйіндерін шығармашылық деңгейге көтере алды. Іс - тәжірибемде жүргізілген жұмыстар барысында оқушылар жауапкершілікті сезініп, өзіне - өзі талдау жасауға, өз білімін шыңдау керектігіне көздері жетті. Оқушылар өз - өздеріне әділ баға қоюды және сыныптастарының сынын дұрыс қабылдай алуды үйренді. Білім алу барысында өз беттерімен жұмыс жасау керектігін түсінді. Бағалау тек оқушыларды ғана емес, сонымен бірге өз - өзіме баға беруді де үйретті.
Смайликтер арқылы көңіл-күйді білдіру, әр сабақ бойынша рефлексия жазу баланың қызығушылығын арттырды, өз ойын ғылыми негізде, жүйелі түрде, сауатты жеткізуіне жол ашты.
Тек сабақта ғана емес сыныптан тыс сабақтарда да тәрбие сабақтарындада оң нәтиже көп.Мысалы «100 жасаған Жамбыл баба», «Еліміздің еркіндігі-Тәуелсіздік», «Талаппен бастап, талғаммен аяқтау» т.б сынып сағаттары оқушылардың ой өрістерін дамытып, еліне жеріне деген сүйіспеншіліктер арттыра түсті. Сол сабақтардың өту барысында жаңаша тәсілдерді қолданудың да нәтижесі болды.
Жаңа әдіс –тәсілдерді пайдалана отырып Нурлангазиева Бахыткул екеуміз «Инсерт және Синквейн әдісін сабақта пайдалану»тақырыбында коучинг өткіздік. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда,шығармашылығын қалыптастыруда маңызы болды.
«Орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың ерекшеліктері» /«Ақтерек орта мектебі МДШО және Жаманты бм» мм/, «Оқыту үрдісіне жаңаша оқыту әдістерін енгізу-нәтижеге бағытталған білім беру кепілі» (аудандық тәжірибелік семинар) / «Әдістемелік кабинет» Ұзынағаш ауылы Н.Құтпанбетұлы атындағы мектеп/ тақырыбында өткен аудандық семинарға қатыстым. Сонымен қатар әр жұма сайын өтетін мектептегі коуч семинарлардан да аларым көп болды.
Жалпы -оқыту саласындағы көптеген зерттеулермен танысуыма, оларға талдау жасауыма, оқыту барысындағы көптеген жағдайларды, тәсілдерді өзгертуіме түрткі болды. Атап айтсам: мұғалім емес, оқушы сөйлеуі, ой еріктілігі, бірлесіп жоспарлау, барлық идеяның маңыздылығы, оқушыны қазіргі заман талабына сай саналы тұлға етіп тәрбиелеу.
Алдағы уақытта осы тәжірибемді жетілдіремін және бұл бағдарламаның барлық деңгейлерімен танысамын деп сенемін.
© 2016, Максутова Гулзад Ибраимбаевна 630