СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Бастауыш мектеп" журналының ұжымына құттықтау!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Құрметті Салтанат Қыстаубайқызы!

Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз, Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз! Дәулет пен мерейіңіз таси берсін, Арта берсін абырой - беделіңіз! Жыл сайын қуанышқа бөленіңіз, Бақытқа отбасылық кенеліңіз! Жұмыста еңбегіңіз бағаланып, Медальмен, орденменен еленіңіз!

Қымбатты Салтанат Қыстаубайқызы! «Бастауыш мектеп» журналының ұжымы!

Сіздерді республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал ретінде құрылғандарыңызға 50 жыл толу салтанатты мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ізгі тілегімді жолдаймын! Кең байтақ еліміздің көп жылдан бері білім беру саласының жұмысына өз үлестеріңізді қосып, жандандырып еселі еңбек етіп жүрген жігерлі де жауапты азаматтарымыздың бірісіздер. Құрметті Салтанат Қыстаубайқызы!

Өз ісіңізге берілген кәсіби шебер, білікті, тәжірибелі мамансыз. Дамыту мен жетілдіру ісіне көп жылдар бойы аянбай еңбек етіп келген Сіздің тұлғаңыз алдыңғы қатардан орын алады. Жинаған тәжірибеңізді тәлімгер және ақылшы ретінде кейінгі жастарға жеткізуден жалықпайсыз. 1972-ші жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін қаншама республикамыздың педагог кадрларының жан-жақты дамуына үлес қосып келе жатырсыздар."Білім негізі - бастауышта" дегендей, бастауыш білім беруге Республикамыздың озық ойлы педагогтерінің озық тәжірибелерін таратып, жаңа келген жас мамандарға үлгі көрсетіп отырсыздар. Бұл құнды басылымның жарты ғасырлық қызметі ішінде бастауыш сынып мұғалімі ретінде 2013 жылдан бастап өзімнің озық іс-тәжірибемді таратып келемін. Бүгінгі күнде 92 сабақ жоспарымды, 36 сыныптан тыс іс- шарамды, 48 мақаламды тараттым. Алғаш жас маман болып ұстаздық қызметіме қадам басқанымда осы «Бастауыш мектеп» журналы ақылшым, бағыт берушім болды. Менің құрдасым, мен дүниеге келген кезде өз жұмысын бастаған екен. Еліміздегі бастауыш білім беру саласы заман талабына сай өркендеп дамуына үлкен үлес қосып келеді.

Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге және ұжым қызметкерлеріне еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жетулеріңізге тілектеспін. Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел - қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіремін.

Ізгі тілекпен: журналдың тұрақты оқырманы, Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Алмалы ауылы «Алмалы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Кушукбаева Динара Жабайхановна

14.02.2023 14:05


Рекомендуем курсы ПК и ПП