СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

География сайыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

І айналым

- таныстыру-

Топтың басшысы өз ойыншыларын жеке-жеке таныстырып шығып,

топтың атын, ұранымен айтады.

ІІ айналым

-ой қозғау-

Бұл айналым үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – «Сөйлемді аяқтау» деп аталады.

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қою арқылы сөйлемді толықтыру қажет.

Оның тапсырмасы төмендегідей:

1. Қазір республикада.... облыс бар, олар.... экономикалық ауданға топтастырылған. (14 облыс, 5 экономикалық аудан)

2. Қазақстан Республикасы – Еуразия материгінің.... бөлігінде орналасқан мемлекет. (орталық)

3. 2 724,9 мың км2 Бұл Қазақстан Республикасының..... (жер көлемі)

4. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүниежүзі бойынша.... орныда. (тоғызыншы)

5. Қазақстан оңтүстік-шығысында.... шектеседі. (Қытай Халық Республикасы)

6. Дүние жүзінде көлемі жағынан Оңтүстік Америка.... орында. (4-ші)

7. Американы ашқан саяхатшы..... (Америго Веспуччи)

8. Жердің жасы.... жылға жуық. (5 млрд)

9. А.Вегенер.... теориясын енгізді. (литосфералық тақталар)

10. Мезозой эрасы..... дәуірлеріне бөлінеді.

Екінші кезең – «Сәйкестігін тап» деп аталады.

Жауаптары дұрыс табылса ортаңғы бағаннан сөз шығады

Тапсырмасы:

1 – Е

Алтыншы орында

Қазақстанда қырық сегіз мыңнан (48 мың) астам

2 – Р

Өзен бар

Қазақстан дүние жүзі бойынша жыртылған жер көлемі жөнінен

3 – Г

Көл бар

17о

Халық саны Қытай мен Үндістанда

4 – Т

14 млн 953 мың 126 адам

19г

Жер шары халқы

5 – К

Елуінші орында (50-ші)

Қазақстанда сексен бес мыңға (85 мың) жуық

6 – И

Механикалық қозғалыс дейміз

Қазір бүкіл әлемдегі қазақтардың саны –

7 – А

12,5 млн адамнан асып отыр

20ф

Германияда шығарады

8 – Ү

Қазақстанда еңбекке жарамды ер адамдардың жасы

Халық санының басқа елден көшіп келушілер есебінен өсуін –

9 – Я

Урбандалу дегеніміз –

Қала халқының өсуі

10 – М

Фернан Магеллан

21с

Экваторлық нәсілдің өкілдері мекендейді

11 – Н

Геохронология

16-63 жас

12 – Ә

Кордильер тауы

13й

Еуразия материгінің солтүстік шеткі нүктесі

13 – Й

Челюскин мүйісі

15і

Үнді мұхиты алабына жататын өзен

14 – П

Черапунджи

Қазақстан халық саны жөнінен дүние жүзі бойынша –

15 – І

Тигр

1999 жылғы халық санағы қорытындысы бойынша –

16 – І

Метеорология деген не?

16і

Ауа райын зерттейтін ғылым

17 – О

2 млрд-тан асады

14п

Еуразия материгіндегі жауын-шашын мол түсетін жер

18 – І

Шөлейт зонасы

12ә

Солтүстік Америка материгінде орналасқан

19 – Г

7 млрд-тан астам

11н

Жыл санау деген мағынаны береді

20 – Ф

«Мерседес», «Ауди»

18і

Өсімдіктері — жусан, селеу, бетеге.

21 – С

Шри-Ланка аралын

10м

Жердің шар тәрізді екені және жер шарында құрлық емес, мұхит басым екендігі толық дәлелдеді

Үшінші кезең – «Адасқан әріптер» деп аталады.

Берілген әріптерден тиісті сөзді шығару керек.

Тапсырмасы:

1. а в з р я и а л – лавразия

2. л а м г е л н а – магеллан

3. т а р к а – карта

4. и а н м е д р и – меридиан

5. м т у з и а – азимут

6. ұ ш ң ы ғ м а – шұңғыма

7. а л л ь л е п р а – параллель

8. с п м а о к – компас

9. ь п л а і — альпі

10. а б к й л а – байкал

ІІІ айналым

-Сиқырлы шаршы-

Бұл турда шағын тест жұмысы жүреді.

Әр топтың ойыншылары бір ұяшықты ғана таңдап, оған жауап беруге мүмкіндік алады.

а

ә

б

в

г

1

2

3

4

5

1-А: Ежелгі эра ол –

А) Кайнозой; Б) Протерозой; С) Архей; Д) Мезозой; Е) Палеозой;

1-Ә: Ауаның горизонталь бағытта қозғалуын не деп атайды?

А) Ағыстар; Б) Бриз; С) Пассат; Д) Жел; Е) Муссон;

1-Б: Қызыл теңіздің тұздылығы:

А) 54‰ Б) 32‰ С) 22‰ Д) 41‰ Е) 35‰

1-В: Солтүстік жарты шардың ежелгі материгі:

А) Пангей; Б) Гондвана; С) Еуропа; Д) Лавразия Е) Азия;

1-Г: Ең үлкен түбек:

А) Сомали; Б) Арабия; С) Апении; Д) Үндістан; Е) Скандинавия;

2-А: Қазақстанды 5 экономикалық ауданға бөлген ғалым:

А) Б.Двоскин; Б) Қ.Сәтпаев; С) Н.Баранский; Д) К.Ахметова;

Е) С.Ердаулетов;

2-Ә: Қазақстан Ғылым Академиясы құрылған жыл:

А) 1932 ж; Б) 1936 ж; С) 1939 ж; Д) 1941 ж; Е) 1946 ж;

2-Б: Қазақстан неше әкімшілік облысқа бөлінеді?

А) 10; Б) 15; С) 19; Д) 14; Е) 12;

2-В: Қай қала бұрын астана болған:

А) Қызылорда; Б) Қостанай; С) Омбы; Д) Ақмола; Е) Теміртау;

2-Г: Қай жылы елдің астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді?

А) 1996 ж; Б) 1997 ж; С) 1998 ж; Д) 1999 ж; Е) 2000 ж;

3-А: Ең биік тау орналасқан материк:

А) Еуразия; Б) Оңтүстік Америка; С) Африка; Д) Солтүстік Америка;,

Е) Үндістан;

3-Ә: Ең төмен орналасқан жер:

А) Каспий маңы ойпаты; Б) Амазонка ойпаты; С) Өлі теңіз; Д) Арал теңізі;

Е) Эйр көлі;

3-Б: Ең үлкен тұйық көл:

А) Арал; Б) Зайсан; С) Балқаш; Д) Каспий; Е) Теңіз;

3-В: Ең терең көл:

А) Байқал; Б) Таньганика; С) Эйр; Д) Титикака; Е) Виктория;

3-Г: Каспий теңізіне құятын өзен:

А) Іле; Б) Жайық; С) Ертіс; Д) Тобыл; Е) Есіл;

4-А: Бұл материкті төрт мұхиттың сулары шайып жатыр:

А) Оңтүстік Америка; Б) Африка; С) Аустралия; Д) Солтүстік Америка;

Е) Еуразия;

4-Ә: Солтүстік Американың шығыс жағалауында, Атлант мұхитымен өтетін жылы ағыс:

А) Лабрадор; Б) Бразиль; С) Куросио; Д) Мексика; Е) Гольфстрим;

4-Б: Ең суы тұщы мұхит:

А) Тынық; Б) Атлант; С) Үнді; Д) Солтүстік – мұзды мұхит;

Е) Оңтүстік;

4-В: Жер сілкінуден туатын толқындар:

А) Тайфун; Б) Цунами; С) Гималай; Д) Алтай; Е) Тянь-Шань;

4-Г: Еуразияның ең биік сөнбеген жанартауы:

А) Этна; Б) Кракатау; С) Ключи шоқысы; Д) Везувий; Е) Эльбрус;

5-А: Қай климаттық белдеуде жылдың төрт мезгілі айқын байқалады:

А) Тропиктік; Б) Субтропиктік; С) Қоңыржай; Д) Экваторлық;

Е) Субэкватрлық;

5-Ә: Халықтың санын, табиғи өсуін, құрамын зерттейтін ғылым:

А) Демография; Б) Социология; С) Қоғамтану; Д) Статистика; Е) Экология

5-Б: Бірінші ұлттық халық санағы қай жылы болды?

А) 1959 ж; Б) 1970 ж; С) 1979 ж; Д) 1989 ж; Е) 1999 ж;

5-В: Қазақстан халқының саны:

А) 12 млн; Б) 14 млн; С) 15 млн; Д) 17 млн; Е) 18 млн;

5-Г: Туу төмен облыс:

А) Солтүстік Қазақстан; Б) Қостанай; С) Павлодар; Д) Ақмола; Е) Шығыс Қазақстан;

ІҮ айналым

-Арнайы сұрақ-

(бұл айналымда әр топ үш нұсқадан тұратын 1 сұрақ дайындап келу керек. Оны қарсылас топқа жасырады)

Ү айналым

-Тікелей сұрақтар-

(топ басшыларына сұрақтың жауабы ғана беріледі. Сол топтың ойыншылары сұрақтың жауабын табу керек. Ол үшін топ басшысы жауапқа сай сұрақ дайындайды)

1. Еуразия;

2. Мұнай;

3. Қазақстан;

4. Көмір;

5. Германия;

6. Аустралия;

7. Шұңғыма;

8. Пангия;

1. Компас;

2. Нұрсұлтан;

3. Магеллан;

4. Карта;

5. Мадагаскар;

6. Глобус;

7. Жайық;

8. Қоңыржай;

ҮІ айналым

– Бұл айналым шағын екі бөлімнен тұрады;

Бірінші кезең «Сенемін немесе сенбеймін» деп аталады.

(Алғашқы бөлімде географияға байланысты қызықты сұрақтар

қойылады. Сұрақтар сан-қилы саланы қамтымақ. Ал ол сауалдарға «сенемін» немесе «сенбеймін» деп жауап берулері керек. Топ басшыларына сұрақ қойылмайды. Бірақ олар өздерінің ойыншыларына көмектесе алады)

Тапсырмасы:

1. Әлемде І-ші болып марганец құймасын Тараз металлургия заводы өндіргеніне сенесіз бе? (сенемін) 2008 жылдан бастап Тараз металлургия заводы марганец құймасын өндіре бастады. Әлемде мұндай өндіріс әлі жоқ екен.

2. Зебраның шыққан жері Африка. Зебраның жолақтарына қарап төлдері өз аналарын тауып алады дегенге сенесіз бе? (сенемін) Әр зебраның жолақтары әртүрлі, бір-біріне ұқсамайды.

3. Әлемдегі ең үлкен байпақ Семей қаласында жасалғанына сенесіз бе? (сенемін) 70 кг.жүн жұмсалған 106 өлшемді ең үлкен байпақ

4. Тереңдігі жағынан әлем бойынша 5-ші орынды алатын ойпат Қазақстанда екендігіне сенесіз бе? (сенемін) Қарақия ойпатының тереңдігі 132 м. оның ұзындығы 50 км. жуық. Әлем бойынша 5-ші орында.

5. Бурабай көлінің түбі 7 метр тереңдікте де анық көрінетініне сенесіз бе? (сенемін) Екінші Щвецария саналатын Бурабай көлінің тұнықтылығы соншалық 7 метр тереңдікте де түбі анық көрінеді.

6. Арктикалық қарқылдақ шағала Солтүстік полюсте тіршілік етеді. Ал қыста 18 000 км-ге ұшып, Оңтүстік полюске кетеді. Сіз бұған сенесіз бе?

Екінші кезең «Көзбен көріп анықтау» деп аталады.

(Сұрақтар арнайы зат күйінде ойыншылардың алдына әкелінеді. Сол затқа байланысты берілген сұраққа топ жауап береді)

ҮІІ айналым

-Мозайка-

Ойыншыларға карта беріледі. Бірақ ол карта сан бөлікке бөлінген.

Ойыншылар оны құрастыра отырып, қандай карта екенін анықтайды.

Категория: География
24.11.2016 15:16


Рекомендуем курсы ПК и ПП