СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
1.Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме,Аяз ата мен ақшақар қош келдіңіздер!
Біздің балалар сіздерге өз өнерлерін көрсетеді.
Асыл Махмұт:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып,
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Ерназ:
Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны,
Сағындым аяз атаны.
Бейбарыс:
Ақ қырауға малынған,
Сақалы да,мұрты да,
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.
Нұрсұлтан:
Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны-ай,
Кесіп алсам шіркін-ай!
2.Тәрбиеші: Аяз ата біздің балалар сізге ән салып береміз дейді.
Ән: Аяз ата.
Таң ата келді ата,
Ақ тоқаш берді ата.
Әй-әй ата,әй ата.
Ақ тоқашын берді ата.
Күн бата келді ата,
Ойыншық берді ата.
Әй-әй ата,әй ата.
Ойыншығын берді ата.
Ақжол:
Тақпақ,өлең жаттадық,
Би үйрендік көрсін деп.
Аяз ата шаттанып,
Бізге риза болсын деп.
Аделя:
Мұздай моншақ тағынған,
Күміс қырау жамылған.
Ортада тұр ақшақар,
Көптен күтіп сағынған.
Би: «Ақшақарлар биі»
1. Қолдарында ұлпақарлар таяқшасын ұстап айналу.
2. Шыршаға жақындау.
3. Қолдарын жоғары көтеріп,тербеліп айналу.
4.Бастарын ию.
Алихан:
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау,қарлы шың.
Диляра:
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жыл да келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Жібек:
Жаңа жылмен шаттанып,
Жаңарады бар дала,
Шырша тойын тойлайды,
Дөңгеленіп бар бала.
Ойын: «Қарды кім тез жинайды?»
Шарты: Жерде шашылып жатқан мақтадан жасалған қарларды,ән әуенімен тезірек жинап қорапқа салу керек.
Айтолқын:
Шыршаға бардық,
Әсем ән салдық.
Аяз атадан
Сыйлықтар алдық.
Әли:
Мұз өрнектің бәрі асыл,
Оюларды аңғарам.
Қарағайдың жап-жасыл,
Күйіне мен таңғалам.
Аяла:
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр болып жатады.
Кә усар:
Жапалақтап ақшақар,
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Айша:
Жаңа жыл,жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Жадырап бар бала жүр.
Ақшақар: Аяз ата!бағанадан бері балалар өз өнерлерін аямай-ақ көрсетіп жатыр.Сіз сыйлық беруді ұмытып кеткен жоқсыз ба?
Аяз ата: Дұрыс айтасын қызым,ұмытып кете жаздаппын.Сыйлығымыз қайда?
Осы кезде әсемделген шана сүйретіп,қоян жанына баласын ертіп келеді.
Қоян: Сәлеметсіздер ме Аяз ата мен Ақшақар!Сәлеметсіңдер ме кішкентай бүлдіршіндер.Біз баламыз екеуміз жолда келе жатып,мына әдемі шананы тауып алдық.
Аяз ата: Бұл шана менікі,мен балаларға әкеле жатқан сыйлығымды жоғалтып алдым.Сенің тауып алғаның қандай жақсы болды.
© 2017, Сагдолдина Анар Какимкызы 511