СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің ролі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім сапасын арттыру мақсатында критериалдық бағалау жүйесін дамыту маңызды екендігі сөзсіз.
Мектеп дамуының қазіргі кезеңінде білім сапасын бағалау жүйесін өзгерту немесе жаңарту мәселесі неліктен пайда болды?
Ол үшін ең әуелі, мәселенің туындауына себепші болып отырған мынадай қайшылықтарды қарастыру қажет:
Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізгі тауары- құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек.
Оқушының құзіреттілігін дамытуда педагогикалық технологиялар мен бағалау жүйесінің алатын рөлі зор. Ал бұл өз кезегінде бағалау жүйесіндегі дамытушылықты қажет етеді.
Қазіргі 5 балдық бағалау жүйесі қалыптасқан уақытта ол оқушының білім деңгейін көтеруді негізге алып құрылған болатын, ал қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған.
Әлемдегі бағалау жүйелерінің көпшілігі- нормативті, яғни қандай да бір белгіленген нормамен салыстыру арқылы бағаланады. Критериалдық бағалау жүйесі нормативті бағалау жүйесіне жатады. Критериалдық бағалау жүйесі-Халықаралық бакалавриат мектептерінде кең қолданылады. Бұл бағалау жүйесі- білім алушының құзіреттілігін дамытуға, тұлғаның қалыптасуына бағытталған бағалау жүйесі.
Критериалды бағалау – оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген, оқу үрдісіне қатысушыларға алдын-ала белгілі, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негізделген үрдіс.
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері
Критериалды бағалау міндеттері:
Критериалды бағалау артықшылықтары:
Критериалды бағалау:
Мұғалімдерге:
Оқушыларға:
Ата-аналарға:
Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын жалпы ұғымдар
Критериалдық жүйе қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бағалаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған:
Қалыптастырушы және қорытындылаушы бағалау:
Қалыптастырушы бағалау:
Қорытындылаушы бағалау:
Формативті немесе қалыптастырушы бағалауды көбінесе «оқушының дүниені тануын бағалау және білім беруді жақсарту үшін бағалау» деп атайды, себебі, ол оқушының жеке басының дамуы мен қалыптасуыа көмектеседі. Бұл бағалау жүйесі мұғалімнің әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді, оқушының материалды меңгермегендігін басынан-ақ байқауына, оқушы білімін диагностикалауына мүмкіндік беріп,мұғалімге оқу үрдісін басқаша ұйымдастыруға көмектеседі,ал оқушыға – өзінің білім алуына деген үлкен жаупкершілікті сезінуді жүктейді. Бағалау – бұл оқушының ілгерілеу дәрежесін анықтаудан көрі кең ауқымдағы нәрсе. Бағалау оқушының өзінің таным үрдісіне қызығушылығын арттырып, оны алға жетелейді. Осы орайда формативті бағалау басқа бағалау әдістерінен қарағанда оқушыға материалды тереңірек түсінуіне көмектеседі, сонымен қатар сол материалды сараптап, өмірде қалай қолдануға болатындығы туралы ойлануын оятады. Формативті бағалау суммативті бағалаумен салыстырғанда оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты жылдам қамтамасыз етеді.
Суммативті (немесе қорытынды) бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау (қорытындылау бағасы) кезінде қолданылатын, тараудың немесе блоктың соңында, немесе таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының өткен шақтағы жетістіктерін қарастыру үшін қолданылатын және сабақ оқытудан салыстырмалы түрде тысқары, қандай да бір уақыт аралықтарында өткізіліп отыратын жетістіктер деңгейінің қорытындысын шығаруда, есеп беруде қолданылатын бағалау түрі. Бағалаудың бұл түрі формативті бағалаумен салыстырғанда оқушынының қызығушылығын оята қоймайды.
Формативті бағалау шеңберінде мұғалімдерге оқушылардың жетістік деңгейін тексеріп отыратындай, қандай да бір қабілетін айқындайтын тестілеу, және көпеген елдерде қолданылып жүрген әдістер мен формалар ұсынылады.Формативті бағалау әдістемесін қолдану қазіргі таңда мұғалім жұмысын бағалаудың жаңа жүйесінің маңызды критерийлері болып табылады.
Рефлексия кезінде алған білімдерді бекіту жүзеге асады,жаңа ұғымдарды енгізумен бірге белсенді қайта құруды елестету;, «менімен сәйкес келетін» білімді меншіктеу сияқты жаңа мағына туындайды, ұзақ мезімді білімдер қалыптасады. Оқушылар өз ойларын сөзбен жеткізуге тырысады немесе графиктік түрде (яғни ақпаратты меншіктейді) еркін дәйектілейді, өз пікірлері мен идеяларын басқа оқушылармен бөліседі, (әртүрлі көрсетілімдермен танысады) өз жеке бастарының ойлану операциясын сараптайды.
Информатика» пәні бойынша оқушылардың білімдік жетістіктерін бағалаудың жалпы критерийлері
Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз:
-80%
© 2017, Утегенова Зинаида Марсовна 918