СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Назарларыңызға математика пәнінен «Өлшеуіш құралдар» тақырыбының қысқа мерзімді жоспарын ұсынып отырмын.
Оқушы қажеттілігін қанағаттарнарлықтай жаңа білім беру білім жоспарын әзірлеуде жаңартылған білім беру аясында сабақ жоспарын әзірлеу маңызды болып табылады. Сондықтан ең алдымен оқу бағдарламасының сілтемесінен алынған оқу мақсатынан туындаған сабақ мақсаттарын Блум таксономиясы білу, түсіну, ойлау және қолдану деңгейіне сәйкес жіктедім.
Оқу мақсаты, сабақ мақсаты.
Сабақ мақсатының негізінде туындаған бағалау критерийлері таныстырылымда көрсетілген.
Пәндік лексика және терминологияға сүйене отырып «шәкіл, бөлік, шама, өлшем бірлігі» сөздерін сабақ уақытында қоданатын тірек сөз ретінде ұсынып отырмын.
Сабақтың басы:
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын құру және сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Сыныптасыңды зертте» тренингі өтеді.
Оқушылар парталас сыныптастарының туған күнін, айын, жылын сұрап біледі және олардың бойын, мүмкін болатын салмағын, дене пішінін әртүрлі тәсілмен өлшейді.
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Атаулар туралы 3 сұрақ» әдісін қолдану отыра ширату жаттығуын өткізуді ұсынамын.
Кг, сағ, мин, см сөздерін негізге ала отырып Қайда? Қалай? Қандай? сұрақтарына жауап беру.
Ал сабақтың мақсатын анықтау оқулықтағы №1 тапсырма арқылы жүзеге асады. Бұл тапсырмада оқушылар өлшеуіш құралдардағы әрбір кішкентай бөліктің нені білдіретіндігін болжайды.
Мұғалім сабақтың нақты мақсатын хабарлайды.
Сабақтың ортасы:
Сабақтың негізгі бөлімін оқушылар жұптық тәжірибелік жұмыстан бастайды. Бұл жерде оқушылар қатты қағаздан сызғыш жасап, олардың шәкілдерін дайын сызғыш арқылы өлшеп, дұрыс орналастырады. Тапсырмада бағалау критерийі мен мұғалім тарапынан жүретін ҚБ «шәкіл» әдісі ұсынылады.
Сабақтың негізгі тірек сөзі шәкіл ұғымымен танысады.
Оқушыларды өзбетінше сараптамалық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту мақсатында оқулықпен жеке жұмыс жүргізіледі. (Д., ҚБ) назарларыңызға ұсынылған.
Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын оқу үдерісі қарқынды жүреді деген Хэттидің тұжырымдамасын негізге алып жұмысты белсендендіру үшін топтық жұмыс жүргіземін.
Топтық жұмыстың нәтижелерімен «жариялау» әдісі арқылы топтан таңдалған спикер шығып таныстырады, жариялайды. Топтар ұсынылған дескрипторлар бойынша бір- бірін «бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Сабақтың соңы.
Сабақтың соңында алған білім, білік дағдыларын іс жүзінде бекіту мақсатында дәптермен жұмыс және «араның ұясы» кері байланысы ұйымдастырылады.
Объективті бағалауды жүзеге асыру үшін мұғалім тарапынан жүретін қалыптастырушы бағалау ретінде «2 жұлдыз 1 тілек» әдісін қолдануды ұсынамын.
Сабақта қолданылған әдіс- тәсілдердің, тапсырмалардың тиімділігі: 1. оқушылардың сын- тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытады; 2. оқушыларда талдау және зерттеу дағдылары қалыптасып дамиды; 3. сыныптағы тығыз қарым- қатынасты нығайтады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын құруда оқу әдістемелік кешенді және мұғалімге арналған нұсқаулықты негізге алдым. Сонымен қатар оқытудың тиімді әдіс- тәсілдерінмен кері байланысқа назар аудардым.
Әріптестеріме жүргізілген кері байланыстың нәтижесінде өз қм сабағымды жоспарлауда тілдік мақсаттар мен пәнаралық байланысқа назар аудардым және рефлексияның (кері байланыстың) маңызын түсіндім.
Жаңартылған білім беру мазмұнының аясында өткен курста алған білім, білік, дағдыларды келекшекте тиімді пайдаланып, 21- ғасыр талабына сай жаңашыл өмір сүруге дайын құзырлы тұлғаны қалыптастыру мақсатын көздеймін.
© 2018, Ахметова Айдана Ахметкызы 397