СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Оқыту үдерісіндегі химиялық эксперименттің рөлі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Біз таңғажайып керемет уақытта өмір сүріп жатырмыз. Біздің көз алдымызда адамдардың ғасырлар бойы армандаған арман-тілектері орындалып жатыр. Бүгінде ең фантастикалық жобаларды және қиял-ғажайыптарды химия ғылымынсыз іске асыру мүмкін емес. Химия ғылымын ұлы сиқыршы, ғажайыпты жасаушы деп атауға болады.

Оның табиғаттағы, жаңа материалдарды және энергия көздерін жасаудағы, сонымен қатар тұрмыстағы рөлі өте зор. Химиялық білім қоршаған орта мен химиялық үдерістер мәнін терең ұғыну үшін қажет.

Химия - тәжірибеге бағдарланған пәндердің бірі. Сондықтан да химия сабақтарында біз көптеген заттарды кездестіреміз, оларды араластырамыз, қыздырамыз және тотықтырамыз, т.с.с. Яғни, берілген тапсырмаға сай химиялық реакция жүруі үшін бәрін жасаймыз. Ал, бұл мақсатта сұйықтықтарды, газдарды, ұнтақтарды және т.б. күйдегі әр түрлі заттарды қолданамыз.

Химиялық тәжірибелер кез-келгенімізге бір уақытқа сиқыршы болуға және керемет шоу жасап достармыздың көңілдерін көтеруге мүмкіндік береді. Біздің көрінісімізде акробаттар мен гимнасттар, қояндар немесе карта фокустары болмайды – тек химиялық ғажайыптар болады.

Химиялық эксперимент білімді нақтылауда теория мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырудың маңызды әдісі болып табылады. Шынайы көрсетілген тәжірибенің көмегімен білім алушының дүниетанымын кеңейтуге, әр түрлі тәжірибелік дағдыларды алуға болады. Ең соңғысы, біз жай ғана «қызықсыз» ережелер мен заңдарды түсініп есте сақтай аламыз. Эксперимент – бұл білім алушыларды химия ғылымына қызықтыруға мүмкіндік беретін, теориялық білімді тәжірибеде қолдану қабілетін дамытушы химиялық заттар және олардың айналулары туралы білім көзі.

Категория: Химия
31.10.2019 13:14


Рекомендуем курсы ПК и ПП