СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Сабақтың тақырыбы: |
Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы |
С. мақсаты: |
Барлық оқушылар жасай алады: |
Оқушылар Ә.Қастеевтің шығармашылығы, мұражайы туралы мағлұмат алады, суретші ретінде тани алады. |
|
Оқушылардың көбі жасай алады: |
|
мәтіннен керекті мағлұматты таңдай біледі, ойды түйіндейді, шығармашылықпен жұмыс істей алады |
|
Оқушылардың кейбірі жасай алады: |
|
мәтіннің маңызын түсініп, әңгіме құрай алып, тақырып бойынша мақал-мәтелдер, қанатты сөздер келтіріп, сөздік қорын молайта алады. Көрнекіліктер:суретші А.Дүзелхановтың «Ә.Қастеев» суреті, суретшінің репродукциялары, сұрақ-жауап, интербелсенді тақта. |
|
Күтілетін нәтиже: |
Мәтін бойынша жұмыс орындайды, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді, берілген тапсырмаларды орындайды, негізгі ойды түйіндейді |
С. ресурстары: |
суретші А.Дүзелхановтың «Ә.Қастеев» суреті, суретшінің репродукциялары, интербелсенді тақта, стикер, маркер, кәртішкелер, бағалау парақтар, көрнекіліктер |
Сөздік қор |
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: |
Алдыңғы білім |
Қазақ бейнелеу өнері тарихынан |
С.әдіс-тәсілдері |
Топтық, жұптық, жеке жұмыс |
Сабақтың барысы: |
Психологиялық дайындық жүргізу: 2 мин. -Балалар, сабағымыз ойдағыдай өтеді деп сенемін,мен сіздерге жақсы көңіл-күй тілеймін. Ал,сендер ше,балалар өз сыныптастарына қандай тілектер айтар едіңіздер? Қанеки, тілектерімізді, жылы лебіздерімізді ортаға салайық. Оқушылар: Инт.тақта Қастеев суреті. Мұғалім:Жақсы, балалар. Ендеше іске сәт. Балалар,тақтаға назар аударыңыздар. Бұл тұлға бізге таныс па? Оқушылардың біреуі: Иә,бұл Әбілхан Қастеев-Қазақстанның халық суретшісі. Миға шабуыл 5 мин. 1.Әбілхан Қастеев қай жылы дүниеге келді ? Әбілхан Қ 1904 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келді 2.Әбілхан Қастеев қай жерде дүниеге келді ? Талдықорған (қазіргі Алматы облысы) облысының Жаркент ауданындағы Шежін ауылында дүниеге келген. Енді балалар тақтаға қарап, Ә.Қастеевтің суреттерін атаңдар. Суретші қайда білім алды ? Суретші Хлудовтың көркемсурет студиясында білім алды Қай жылы КСРО суретшілер одағына мүшелікке қабылданды ? 1937 жылы Ксро суретшілер одағына мүшелікке қабылданды Суретшінің тұңғыш көрмесі қашан қай қалада өтті ? Суретшінің тұңғыш көрмесі 1942 (бір мың тоғыз жүз қырық екінші) жылы Алматы қаласында өтті. Қазақ КСР халық суретшісі атағын қай жылы алды Қазақ Кср халық суретшісі атағын 1944 жылы ( бір мың тоғыз жүз қырық төрінші жылы ) алды Қай жылы қайтыс болды ? Суретші 1973 жылы 2 қарашада алматыда қайтыс болды Айтылым 1.Амангелді сарбаздары 1970 (бір мың тоғыз жүз жетпісінші жылы салды) 2.Түрксіб 1932 жыл (бір мың тоғыз жүз отыз екінші жылы салды) 3.Шоқан Уалиханов портреті 1951 (бір мың тоғыз жүз елу бірінші жылы салды) 4.Бие сауу 1936 жылы (бір мың тоғыз жүз отыз алтыншы жылы салды) 5.Абай жайлауда 1971 жыл (бір мың тоҒыз жүз жетпіс бірінші жылы салды ) 6.Биік таудағы мұз айдыны 1954 (бір мың тоғыз жүз елу төртінші жылы салды) 7.Амангелді Иманов 8.Жас Абай 1945 жыл (бір мың тоғыз жүз қырық бесінші жылы салды) Жаңа сабаққа шығу: Мұғалім:Балалар,суретшінің бұл туындыларын қайдан тамашалауға болады ? Балалар:мұражайда. Мұғалім: Иә,балалар,дұрыс. Өнер мұражайында.Ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыз Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы Мұғалім:Күн мен тақырыпты дәптерге жазамыз. Мұғалім: бүгінгі сабағымыздың мақсаты 1. Мұражай туралы мағлұмат алу; 2. Жаңа сөздерді меңгеру; 3. Осы тақырып төңірегінде сөйлей білу; 4. Ұлы жазушының өмірін үлгі ету.
Сабақта жұмыс істеу бойынша критерийлер құрастыру, анықтау 3 минут Жаңа сөздер: Мәдени құндылықтар – Культурные ценности Қоры- фонд Мұралар - наследие Зергерлік бұйымдар- ювелирные изделия Үлес -вклад Сақтау – сохранять Жинақтау - собирать Зерттеу-исследовать Оқыту, қайталату Сөздермен сөйлемдер құрау, дәптерге жаздырту
Жаңа тақырып III.Жаңа тақырып Оқушылардың назарын видеотаспаға аударамын, Әбілхан Қастеев туралы видеоматериалды талқылаймыз. 3 мин Оқылым Мәтінмен жұмыс: оқушыларға қосымша мәтін таратамын, олар онымен танысады. 5 мин Мәтінді оқытқызу. Аударту Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы 1984 жылы музейге Қазақ Халық суретшісі 1-ші зал осы заманғы Қазақстанның мүсін өнеріне арналған. 2-ші зал – Ә.Қастеев шығармашылығына арналған. Экспозицияға “Шөп шабу”, “Бие сауу”, “Жас Абай”, “Түрксіб”, «Жамбылдың портреті», «Шоқан Уәлиханов» т.б. шығармалар қойылған. 3-ші зал Қазақстан сәндік қолданбалы өнеріне арналған. Экспозицияға кілемдердің неше түрлері, сырмақ қойылған. Зергерлік бұйымдар: білезік, шолпылар, т.б. 4,5,6,7-ші залдарында Қазақстан бейнелеу өнеріне арналған. Экспозицияда Н.Хлудовтың, Л.Леонтьевтің, Калмыковтың т.б суретшілердің шығармалары орын алды. 8-ші зал Қазақстан графикасына арналған. 9, 10-шы залдарда 18-20 ғ.ғ. бас кезіндегі орыс өнеріне және Батыс Еуропа өнеріне арналған.11-зал Кеңес Одағы кезеңіндегі өнерге арналған. Жинақта өнердің әр саласынан кескіндеме, мүсін, графика, қолданбалы қолөнер туындылары бар. 12-зал шығыс халықтары өнеріне арналған зал. Шығыс халықтарының қолданбалы өнері, қоры мыңға жуық экспонаттан тұрады.
5минут Айтылым.Мәтінге сұрақ құратқызу 3 мин Жазылым. Синтаксистік талдау Алматыда суретшінің шығармашылық қызметінің 15 жылдығына арналған тұңғыш жеке көрмесі өтеді. «Миға шабуыл» 1.сөз құрамы неден тұрады? 2.Жалғаудың неше түрі бар? 3.Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай қалай бөлінеді? 4.қазақ тілінде неше сөз табы бар? 5.Алдымызда қандай үлкен мейрам болады? 6.Бүгінгі сабақтың тақырыбы? 7.Сөйлем айтылу мақсатына қарай қалай бөлінеді? 8. Қазақ тілін зерттеген ғалымдар? 9.Көңіл-күйіміз қандай? 10.Әрбір азаматтың парызы қандай? Қосымша. «Суретпен жұмыс» оқушыларға «Түрксіб» суреті ұсынылады, олар суретті сипаттап береді. М:Сабақтың мақсатын еске түсірейік Мұражай туралы мәлімет алу Мақсатқа жеттік пе? Ия,жеттік |
Рефлексия: |
Мен. үйрендім Маған. қызықты болды . қиын болды Мен . ойлаймын Бәрінен де маған . ұнады Мен . білемін |
Үйге тапсырма: |
Мәтіннің мазмұнын ашу. |
Бағалау: |
Критерий бойынша бағалаймын |
Кері байланыс: |
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? (жақсы, өте жақсы) Сабақ сендерге ұнады ма? Ия,ұнады. Қызық өтті. |
Бақылау Сабақтың мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? |
© 2020, Тілеухан Арманбек Тышхан 1327