СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Шуағын шашқан- аялы алақан" мерекесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шуағын шашқан- "Аялы алақан" мерекесі

Жүргізуші:

Көктемнің мерекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар Ана деп бас иеді күллі халық. 2-ші жүргізуші:Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар, қасиетті аналар!

1-жүр:Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көркем мерекесін қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Осы мерекеге орай

«Шуағын шашқан - аялы алақан"» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ұлдар келеді: Мансур: Аналар,көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз,күн мерекелеріңіз құтты болсын!

Абылай: Бүгінгі күн аяулы аналар сіздер үшін де,

Алихан: Біздер үшін де ерекше күн болмақ, барлық

уақытта шыдамдылықпен.

Темірлан: мейіріммен.

Олжас :ақылмен.

Алидар: ыстық құшағында аямай мәпелеп,

Адият: еркелігімізді кешіре жол сілтеген ардақты аналар бүгінгі

балалық сезіміміз,

Саша: әсем әніміз

Иман: көңілді күйіміз

Х.Артур:демалыс кешіміз

Бірге: сіздерге арналады.

Жүргізуші: Ау балалар бәрің қандай керемет сұлу жігіт болып

кеткенсіңдер, ал тобымыздың қыздары қайда?

Жүргізуші: Балалар аналарың мерекеге, тойға барар кезде не

істейді?(балалар жауабы) Олай болса бізде сол жерлерден

қыздарымызды іздейік.

Дүкен. Адият: Алло- алло сәлеметсізбе ? Бұл киім дүкені ме?2-топтың қыздары сіздерде бар ма екен?

Телефон жауабы: Сәлеметсіз бе! Иә, олар бұл жерде болған сәнді киім

сатып алып мерекеге кетті.

Сән салоны: Алло- алло сәлеметсізбе ? Бұл сән салоны ма екен?

Біздің екінші топтың қыздары сіздерде бар ма екен?

Телефон жауабы: Сәлеметсіз бе! Ия, сіздердің қыздарыңыз бізде болған

шаштарын жөндеп, сәнделіп қазір ғана

балабақшаға мерекеге кетті, күтіп алыңыздар.

Музыка ойналып қыздарды Спанч боб алып келеді. Балалар қыздарды отырғызады.

Спанч боб: Сәлеметсіздер ме аяулы аналар мен әжелер және ұстаздар! Сіздердің қыздарыңыз жолдан өте алмай тұр екен, бұларды жолдан өткізіп едім, олар мені мерекеге шақырды, мені барлығың танитын шығарсыңдар мен кіммін? Балабақшаларың қандай тамаша!

Жүргізуші: Ой Спанч боб саған көп- көп рахмет, біз қыздарымызды тосып отыр едік, сен біздің мерекеде бірге бол. Мерекемізді бастайық.

Саша:Той пердесін ашайық, Тойға шашу шашайық. Аналарды құрметтеп, Ән маржанын шашайық.

Ән «Келші,келші ақ мамам»

Әбілмансұр.Ақ анашым, аппағым, Өзің жайлы тақпағым Өзің жайлы әнім де, Арнадым саған бәрін де. Сабина:.Шашымды өріп тараған, Қабағыма қараған Үлкен кіші демейді Сыйлайды оны бар адам.

Айгерім: Менің әжем, гүл әжем Алтын әжем, күн әжем. Апам үшін, мен үшін Нағыз ана тілі - әжем. Әжелерге арналған ән «Әже»

Жүргізуші:құрметті аналар, әжелер біздің қыздарымыздың орындауында келесі биді тамашалаңыздар

Қыздардың орындауында «Гүлдер»биі

«Немерем менің»(көрініс)

Бәрі:

Келіннен қорқып саспайық

Келіңдер, өсек бастайық

Немеренің әртүрлі,

Қылығын айтып тастайық.

Апыр-ай, белім-ай,

Қайда кетті келін-ай.

Мансур:Немерем менің қазақша,

Таза сөйлей алмайды.

Орыс тілде сөйлесе,

Алдына жан салмайды.

Ойпырым-ай, сұмдық-ай,

Ұят екен масқара-ай!

Алихан:Немерем менің компьютер

Ойынына тоймайды.

Тамаққа да қарамайды.

Үзіліссіз ойнайды.

Ойпырым-ай, сұмдық- ай,

Бұл не деген масқара-ай!

Темірлан:Немерем менің бақшадан,

Шаршап үйге келеді.

Жамандаса апайын

Келін соған сенеді.

Ойпырым-ай, сұмдық-ай,

Ұят екен масқара-ай!

Адият:Немерем менің теңгеге,

Үйір болып алыпты.

Жүз теңгені сағызға,

Аямай бере салыпты.

Ойпырым-ай, сұмдық-ай,

Бұл не деген масқара-ай!

Бәрі:

Келіндер келіп қалған ба,

Біз де үйге кетейік.

Немере тәтті жалғанда

Барына шүкір етейік.

Апыр-ай, белім-ай,

Шай қойдың ба, келін-ай?

Би «Әжелер»

Гүлназ:Анаң болса қасыңда,

Басқа бақыт не керек.

Аналардың жүрегі,

Мейірімді ғой керемет.

Ильнара: Анам менің сүйіктім Тек өзіңе табынам. Қасымда жүрсең биікпін, Алыстасаң сағынам.

Ақнұр: Мәпелейді, әлдилейді, бағады,

Құлыным деп құшағына алады.

Өзгеге де, өзіне де жауапты,

Барлығына қалай уақыт табады

Мадина: Айналайын анашым,

Аялайсың бағасың.

Сен үшін балалармен.

Ән шырқайық бәріміз.

Қыздардың орындауында Ән «Анашым»

Амина:Анамыздың мейрамы,

Не істеу керек білмейміз.

Қалай көңілін тапсақ деп,

Түнде көзді ілмейміз.

Инаят:Балабақшам болмаса,

Дүкенге өзім барар ем.

Су әкеліп, от жағып,

Ағашын да жарар ем.

Олжас:Қойым болса қорада,

Оған шөбін салар ем.

Қи шығарып, су тасып,

Қозыларға қарар ем

Алидар:Қыз болсам ғой қиналмай,

Кірін жуып берер ем.

Шәй қайнатып, бала ойнатып,

Үйін жинап жүрер ем.

Аяжан:Епті емеспін мендағы,

Еден жуа алмаймын.

Екі-үшеуін сындырмай

Ыдысты да жуа алмаймын.

Сафина:Қайдан біле берейік,

Көп тірліктің жайын біз.

Қандай жұмыс болса да,

«Ана» үшін дайынбыз.

Жүргізуші: Аналарың үшін бріне дайын болсаңдар, кане көрелік, сендер аналарыңа қалай көектеседі екенсіңдер

Ойындар : «Анама көмектесемін»

Тақпақтар

Тәңірберген: Ақ қабақты анашым,

Күн көкірек мамашым,

Ақ сүтіңнен суардың,

Бөбегіңнің санасын.

Иман: Аялайық аналарды әрдайым,

Қуанышқа бөлейікші өздерін.

Әжелердің, аналардың, қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.

АртурР: Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін.

Абылай: Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай

Ұлдардың орындауында

Ән «Көп жаса анашым»

Би «Біз көңілді балдырған»

. Көрініс «Әже мен немересі»(Сания мен Данара)

Көңілді би

ӘН «Біз бақытты баламыз»

Жүргізуші:Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше, Осымен концертіміз аяқталды

Балдай тәтті баламыз,

Ақылдымыз данамыз.

Қонақтарға қол бұлғап,

Сау болсын айтамыз!

09.04.2016 14:55


Рекомендуем курсы ПК и ПП