СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы»
Әлімсақтан белгілі, адамзат баласының өмір тәжірибесінде тәрбиенің түрлі мектептері болған. Тарихқа зер салсақ, небір даналар мен ойшылдарды тәрбие мәселесі бейжай қалдырмағанын көреміз. Мұның бәрінде терең сыр, мағына жатқаны сөзсіз. Өйткені жас ұрпақтың өсіп-жетілгенде қандай болатыны ең алдымен оның тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты. Әл-Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деп айтатыны бар емес пе. Қазіргі таңда да балабақшаларда, мектептерде, тіпті жоғары оқу орындарында тәрбиеге жете көңіл бөлінгені дұрыс. Себебі білім алдыңғы орынға шығып, тәрбие кейіндеу қалып қоятын болса, мұның арты адамның толыққанды тұлға болып қалыптасуына айтарлықтай кері әсерін тигізері хақ. Білім – қарапайым тілмен айтқанда, белгілі бір ақпараттар жиынтығы ғана. Ол санаға сіңіп, ойда қалады. Ал тәрбие адамның күллі жан-дүниесіне әсер етеді, тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады. Тәрбие – кең ұғым. Ол 45 минут сабақ берумен тоқтап қалмайтын, үздіксіз жүретін үдеріс. Адамды отбасы, қоғам, қоршаған ортасы тәрбиелейді деп айтатынымыз сондықтан. Ал енді осылардың ішіндегі ең маңыздысы отбасылық тәрбие болса, келесісі бұл баланың мектепте меңгеретін тәрбиесі. Мектеп – қоғамнан тыс өмір сүре алмайтын институт. Қоғам қандай болса, мектеп те сондай. Ал мектепті бітірген азаматтар қоғамға араласады. Демек, қоғамдағы құндылықтарды қалыптастырады. Осы тұрғыдан келгенде қоғамның рухани-мәдени келбетіне мектептің тигізер ықпалы күшті. Бір сөзбен айтқанда, мектеп – тәрбие мен білімнің қазыналы ордасы. Шәкірт 11 жыл уақытын мектепте өткізетін болса, тұлға тәрбиелеуде мектепке жүктелер міндет те зор болмақ. Нарық заманында адами құндылықтардың өзгеріп кеткені рас. Ғаламтордың, жаңа технологиялардың, теле-өнімдердің тез арада дамып кетуі – тәрбиенің насихаттық жағына кері әсер еткені сөзсіз. Дегенмен, тәлімді тәрбиенің орны қашанда бөлек. Оны самсаған техника ешуақытта алмастыра алмайды. Ол өнегелі де ұлағатты сөзбен, үлгі көрсетумен, бағыт-бағдар берумен, жол көрсетумен жүзеге асырылады. Жас балаға тағылымды тәрбие беріп, зердесіне жол табу ұстаз үшін де оңайға соқпасы анық. Демек, ұстаздардың да тәрбие әдістерін меңгерулеріне жан-жақты ізденістің пайдасы мол. Осы тұрғыдан келгенде ана тілінде берілетін тәрбиенің де орны бөлек, өзгеше. Өйткені онда ананың ақ сүтімен берілетін қасиет бар. Ана тілінің тұнық та мөлдір қайнарынан сусындап өскен бала ар мен иманнан, әдеп пен ибадан, дәстүр мен салттан, халық даналығынан хабардар болып өседі. Мұның бәрінің қалыптасуына туған тілінің қадір-қасиеті барынша ықпал етері сөзсіз.
© 2020, Нетжанова Жаңылсын Кенжеғалиқызы 725