СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тізбектелген сабақтар топтамасында сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру тақырыбын алдым. Сын тұрғысынан ойлау модулінде мені қызықтырғаны баланың өзін-өзі қалыптастыруы, ізденуі, дәлелдеуі, әр нәрсеге сыни көзбен қарауы. Ол бұрынғы дәстүрлі сабақта тек тыңдаушы болса, енді ізденуші,ойланушы,өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетте бағыттаушы, ұйымдастырушы.

Мұғалімнің міндеті – баланың шығармашылық қабілетін дамыту,өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өйткені өзін жеке тұлға ретінде сезінген оқушы әрқашан өмірде өз жолын таба аладыдеп ойлаймын. Сондықтан да сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының сабақ кезеңдерінде қалай ықпалдастырылғанын, таңдап алған стратегиялардың оқушылардың тақырыпты меңгеруіне қандай ықпалы, пайдасы болды, оқушылардың қандай қабілеттерін ашуға, дағдыларын қалыптастыруға көмегі болғанын ашуды мақсат етіп алдым.

Осы тақырыпты ашу барысында мен нұсқаулықтағы ғалымдардың еңбектеріне, тренеріміздің көмегіне көп сүйендім.

Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 49-б.)

Сабақта стратегияларды дұрыс, оңтайлы қолданған жағдайда сыни тұрғыдан оқудың көмегі зорекенін түсіндім.Стратегияларды қолдану барысында оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады, өз ойын көпшілікке жеткізуге тырысады, сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмай, оқушы ізденеді, толғанады, ойланады, тұжырымдайды, шеберліктерінің артуына жағдай жасалады. Алдағы болатын құбылысты болжау үшін қиялға ерік береді, ойлау мен сөйлеу тығыз байланыста болады. Берілген сөздер арқылы ойды кеңейту үшін басқа сөздік қолданыстарды іздей бастайды. Сұрақ қою және жауап беру барысында тілдік қатысымдық бірліктер жүзеге асады. (курсанттарға ресурстар 3 апта 4 күн)

Сабақтарымның ұйымдастыру кезеңдерінде оқушыларды қазақ тілі пәнінен әріптерді тарату арқылы, сурет қиындылары арқылы, ұялы телефондардың атаулары арқылы, сандар бойынша топтарға бөлдім.

Сыныпта психологиялық ахуал тудыру сабақтың жақсы деңгейде өтуіне, оқушының көңіл күйіне жақсы әсер ететінін байқадым. Осы сәттерде берілген «Іздеп тап», «Сыңар оқушы» әдістері оқушының ойлау, қиялдау қабілеттерін дамытса, екіншіден, жылдамдыққа, байқампаздыққа баулитынын байқадым. Әрі оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады, сергектік пайда болады.

«Ой қозғау» кезеңінде оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында берілген «Кім білгіш?», «Кім жылдам?»тапсырмалары оқушылардың жылдамдықтарын, білім деңгейлерін бағдарлау мақсатында берілсе, «Сәйкестігін тап», «Айырмашылығын көрсет», немесе сурет, бейнежазба бойынша берілген тапсырмалар баланың сыни ойлауын, сараптауын жақсартатынына көз жеткіздім.

Келесі тапсырма түрі мәтінмен жұмыс жасау. Дәстүрлі сабақта біз мәтінді толықтай оқып шығатынбыз, оны сыныппен бірге аударамыз, одан соң бір-бірімізге сұрақтар қойып, «Сен айт, сен сұрақ қой, сен жауап бер» деп әлек болатынбыз. Ал Жигсо әдісінің тиімділігін мен мәтінмен жұмыс жасауда көрдім. Тек осы сыныпта ғана емес, басқа өзім сабақ беретін сыныптарда да байқалды. Никитенок Никита, Хамитов Станислав есімді оқушыларым бар. Осы әдіс арқылы мәтінмен жұмыс жасағанда бұрын жақ ашпайтын оқушылар намысқа тырысып, жеткізе алмаған жерлерін орысша айтып, берілген тапсырманы абыроймен атқарып шықты. Мәтінді азат жол бойынша топтарға бөліп бердім, олар топ ішінде талқылады, өз іштерінде бір оқушыны әңгімелеуші рөлінде қалдырып, өздері тыңдаушы рөлінде болды. Олар сағат тілімен топтарды айналып, олардың мәтінімен танысты. Содан соң өз орындарына келіп, басқа топтарда айтылған мәтін бөлігін отырған оқушыға түсіндірді. Бұл тәсілдің тиімділігі неде? Тиімділігі - оқушылар мәтінді аз уақыттың ішінде толықтай түсінді, оны бір-біріне түсіндіру барысында диалог әрі қарым-қатынас дамыды, топтағы жолдасының алдындағы жауапкершілік сезімі пайда болды. Олар осы мәтіннің бөлшегін дұрыс түсіндірмесе, ұғынбаса басқа топтардың арасындағы жүйелілік сақталмай қалатынын ұғынды.

Мәтін талдау соңында оқушыларға «Қарлы кесек» стратегиясын ұсындым. Оның шарты оқушылар түсінгендері бойынша бір сұрақтан қағазға жазады, содан соң оны артқа қарап тұрып лақтырады. Бірінші күні байқағаным оқушылардың сұрақ қоюында нақтылық болмады, бір сұрақтың бірнеше қайталанғаны байқалды. Жауап беру кезінде де нақтылық болмады, оқушылардың жауапкершілігі төмен болды. Осы стратегияны екінші сабақта қолданғанда оқушылар тарапынан жауапкершіліктің жоғарылағаны, сұрақтардың нақтылығы көрінді. Оқушылардың өздерінен осы стратегия бойынша: Қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?, Қандай өзгерістер байқалды? деген кезде, келесі жауаптарды алдым: «Мен өткен жолғы сабақта сұрақты өзім құрастырған жоқ болатынмын, ал бүгін өзім қойдым» десе, екінші бала «Осы стратегияның маған берген пайдасы мен сұрақ қоюдың маңыздылығын ғана емес, оған жауап берудің де маңыздылығын түсіндім» деді.

Сабақтарымда қолданған стратегияның келесі түрі «Кубизм әдісі» «Кубизм әдісі» арқылы АКТ-ның мүмкіндіктерін пайдаланып, «Спорттың денсаулыққа пайдасы», «Салауатты өмір салтын сақтау», «Ұйқы мен дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына пайдасы» атты әр топқа жеке-жеке тапсырма бердім. Бұл тапсырманың орындалуына 5 минут уақыт бердім. Топтар өзара ақылдасып болған соң, мен оқушыларға байқатпай жүріп сабақ барысында белсенділік танытпаған, өзін бүгінгі сабақта көрсете алмаған оқушының жанына барып белгі ретінде орындығының арқалығына смайлик жапсырып кеттім. Содан соң балалардың жан- жақтарына қарап, белгі іздеулерін өтіндім. Орындықтың арқалығынан белгі көрген оқушыларда әр түрлі әсер байқалды. Бір оқушыда мен жауап бере алмаймын деген сенімсіздік пайда болса, екінші бір оқушыда өзінің менің тарапымнан оған деген назардың болғанына ризашылық сезімі болды. Бұдан түйгенім оқушының сенімділігін орнатуға, топ алдына шығуға деген тартыншақтығын жеңуге көмегі болса, екіншіден оқушы өзінің пікірінің құнды екендігін түсінді, жауапкершілік сезімі артты. Қанша дегенмен оқушы мұғалім тарапынан қолдау, мадақтаудың көбірек болғанын қалайды. Сабақта көп сөйлемейтін, тұйық оқушыларымның сабаққа белсенді қатысып, өз ойларымен еркін бөлісіп, тіпті тобының атынан жұмыстарын қорғауға да шығып жатуы менің сабақта стартегияларды ұтымды қолданып, оқушысен санаса, бірлесе отырып жұмыс жасауымның жемісі.

Сабақты бекіту барысында постерге «Денсалық - зор байлық» деген тақырыпқа өз ойларын толық жеткізуді өтіндім. Топпен барлығы ақылдасып, әр топ әр түрлі бейнеде қорғады.

Біз жыл бойы көп сөйлемейтін, тұйық оқушыларымызды сөйлете алмайтынбыз, тіпті ол бала назардан тыс қалып та жататын. Ал тек үш аптаның ішінде ғана атқарылған жұмыста сөйлемейтін оқушыларымызды сөйлете алу- мен үшін үлкен жетістік болып табылады. Ал бұл ағылшын әріптестеріміздің бізге ұсынған стратегияларын сабақта қолдану өте тиімді екенін көрсетеді.

Сабақ соңында рефлексия жасау сабақ кезеңінің маңызды бөлігі деп санаймын. Өйткені рефлексия арқылы оқушы өзінің бүгінгі сабақтан алған білім деңгейін өзі бағалайды, яғни өзін-өзі бағалауға дағдыланады, пікірін ортаға сала алады, ораторлық шеберлігі дамиды, өзін-өзі реттейді. Тізбектелген сабақтарымда рефлексияның ұтымды шыққан түрлері «Бес саусақ», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бес жолды өлең». «Бес саусақ» стратегиясы бойынша оқушылар мен үшін маңызды және қызықты болды, осы сұрақ бойынша қызықты мәлімет алдым, қиындық туғызды немесе ұнамады, мен үшін не аздық етті деп өз ойларын ортаға сала отырып, сыныптағы психологиялық атмосфераны бағалауды үйренді. Балалардың рефлексиясының ішіндегі мен үшін маңыздысы бір оқушының анасының үйге қоңырау шалып, «Қызымды танымай жүрмін сабаққа деген ынтасы керемет, күнде келген сайын «Мама, біз бүгін сабақта былай жасадық, мен бүгін былай деп жауап бердім, мына ісім сәтті шықты, мұғалім маған осы мәселені шешуде мынадай кеңес берді»» деген сөздері және бір оқушымның «Сіз сабақтарыңызды соңғы кезде өте қызықты өткізетін болдыңыз» деген сөздері болды.

Ал өзім балалардың айтқан, жазған рефлексиялары бойынша өткен сабақтарыма өзіндік талдау жасауды, келесі сабақтарымды жоспарлауды, сабақтарымда қандай стратегияларды қолданғаным ұтымды болады, бұл қолданған стратегиям оқушылардың қандай қабілеттерін дамытуға көмегін тигізеді деген сұрақтарға жауап ала алдым. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушыларымнан төмендегідей өзгерістер мен нәтижелерді байқадым:

  • ынтымақтастық атмосфера қалыптасты,оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынастары өзгерді;
  • жүздерінде достық күлкісі үйіріліп, бәсекелестік жойылды;
  • оқушыларым өзін жеке тұлға ретінде сезіне бастады;
  • олардың пікірінің тапсырманы шешу үшін маңызы бар екенін түсінді;
  • өз ойын ашық, еркін айтуға тартынбай, пікір алмасуға еркін түрде түсе алды;
  • өзін-өзі, бірін-бірі, топты формативті бағалауға үйренді, өз ісіне рефлексия жасауға дағдыланды;
  • достарының ойын тыңдай отырып, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесудің маңызын түсінді;
  • сыни ойлау қалыптасты.

Қорыта айтқанда, сыни тұрғыдан ойлау технологиясын терең меңгеру үшін, болашақта сыни тұрғыдан ойлаудың курсынан өтіп, білімімді жетілдіруді, стратегияларын сабағымда тиімді пайдалануды,жүзеге асыруды көздеймін. Себебі, сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушыны жан-жақты ашып қана қоймай, сапалы білім бере алатынымызға теория жүзінде емес, іс-тәжірибе жүзінде көз жеткіздім.

Категория: Всем учителям
02.04.2017 17:17


Рекомендуем курсы ПК и ПП